Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет56/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органға да жiберiледi.  
      5. Тергеп-тексеру нәтижесiмен келiспеген немесе жазатайым оқиға туралы 
акт уақтылы ресiмделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенiм 
бiлдiрген адамы, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi жұмыс берушiге жазбаша түрде 
жүгiнуге құқылы, жұмыс берушi олардың өтiнiшiн он күн iшiнде қарап, тиiстi 
шешiм қабылдауға мiндеттi.  
      6. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресiмдеу және тiркеу мәселелерi 
бойынша жұмыс берушiнiң, қызметкердiң және мемлекеттiк еңбек инспекторының не 
қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың 
алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың арасында 
туындаған келiспеушiлiктердi тиiстi жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек 
инспекторы бағыныштылық тәртiппен қарайды және (немесе) сот тәртiбiмен 
қаралады.  
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелерi бойынша жоғары тұрған 
бас мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi 
мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда қорытынды түрiнде ресiмделедi.  
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдарының 
көшiрмелерiн жұмыс берушi мемлекеттiк бақылау органдарына жiбередi. Оның 
үстiне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк еңбек 
инспекторы арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдары көшiрмелерiнiң бiр 
данасын жетi күн iшiнде жергiлiктi iшкi iстер органына жiбередi, ол заңнамаға 
сәйкес тиiстi шешiм қабылдап, қабылданған шешiм туралы жиырма күннен 
кешiктiрмей хабарлайды.  
      8. Актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға өндiрiстегi жазатайым 
оқиғаларды және денсаулыққа келтiрiлген өзге де зақымдануларды тiркеу 
журналына жазылады. Журнал еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган 
белгiлеген нысан бойынша жүргiзiледi. Еңбекке уақытша жарамсыздық және 
жарақаттану туралы алғашқы статистикалық деректер мемлекеттiк статистика 
саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен статистикалық әдiснамаға сәйкес 
берiледi. 
      9. 
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
 Заңымен.
 
      10. Жұмыс берушi немесе оның өкiлi уақыт өте келе ауыр зардаптарға 
немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан 
өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы тиiстi мемлекеттiк еңбек инспекциясына, 
ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына 
(сақтанушы тiркелген жердегi) хабарлайды.  
      11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл 
бойы сақталуға тиiс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеру материалдары мiндеттi түрде сол ұйым жұмыс iстеген жердегi 
мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуға тиiс.  
      12. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында 
тергеп-тексеру актiсiмен қатар:  
      1) зардап шеккен адамның еңбектi қорғау жөнiнде оқығаны және нұсқама 
алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексерулерден өткенi 
туралы мәлiметтер;  
      2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша 
жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерiнiң, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi 
және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың 
түсiнiктемелерi;  
      3) оқиға болған жердiң жоспарлары, схемалары мен фотосуреттерi;  
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын регламенттейтiн 
нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актiлерден үзiндi 
көшiрмелер, өндiрiстегi салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз 
етуге жауапты лауазымды адамдардың мiндеттерi және басқалар;  
      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымның сипаты мен 
ауырлығы (өлiмге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;  
      6) зертханалық және басқа зерттеулердiң, эксперименттердiң, 
сараптамалардың, талдаулардың нәтижелерi және тағы сол сияқтылар;  
      7) бас мемлекеттiк еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);  
      8) жұмыс берушiге келтiрiлген материалдық залал туралы мәлiметтер;  
      9) жұмыс берушiнiң зардап шеккен адамға (отбасы мүшелерiне) оның 
денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және жол берiлген оқиғаға кiнәлi 
лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы бұйрығы;  
      10) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi болуға тиiс.  


      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердiң өкiлi жазатайым оқиғаны 
тергеп-тексерудiң бүкiл материалдарымен танысуға және қажеттi үзiндi 
көшiрмелер жасауға құқылы. 
      
Ескерту. 326-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV

2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы 
 
                тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын бақылау 
 
      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерiлуi мен есепке 
алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-
шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары 
өз құзыреттерi шегiнде тексерулер жүргiзу, азаматтардың шағымдарын, арыздары 
мен өтiнiштерiн қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. 
Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды 
туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылау аясында 
мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн тексерулер Қазақстан 
Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алу 
туралы заңнамасына сәйкес тiркеуге және есепке алынбайды.  
6-БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН 
 
БАҚЫЛАУ 
 
38-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ 
 
      328-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
 
               саласындағы мемлекеттiк бақылау 
 
      1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын 
мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.  
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторларына:  
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - 
Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының 
мемлекеттiк еңбек инспекциясының басшысы;  
      2) мемлекеттiк еңбек инспекциясының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары 
- еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек 
инспекциясының лауазымды адамдары;  
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек 
инспекторы - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек 
инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық 
бөлiмшесiнiң басшысы;  
      4) мемлекеттiк еңбек инспекторлары - мемлекеттiк еңбек инспекциясы 
органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң 
лауазымды адамдары жатады.  
      3. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде 
заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа 
алады.  
      4. Мемлекеттiк еңбек инспекторына қызметтiк мiндеттерiн орындауға 
кедергi келтiрген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты 
болады.  
      5. Өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының 
еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды Алматы қаласы өңiрлiк 
қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган 
жүзеге асырады. 
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге 
асыратын уәкiлеттi лауазымды тұлғалар мемлекеттiк еңбек инспекторына 
теңестiрiледi және осы Кодексте көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
      Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi 
уәкiлеттi мемлекеттiк орган:  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау