Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет53/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
 
      
320-1-бап. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары
 
                  
бойынша аттестаттау
 
      1. Өндiрiстiк объектiлер еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде 
мерзiмдiк аттестатталуға жатады. 
      2. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды 
өндiрiстiк объектiлердi аттестаттаудан өткiзу жөнiндегi мамандандырылған 
ұйымдар немесе өзiнiң ұйымында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi 
және өндiрiстiк орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер 
жөнiндегi зертханалары бар жұмыс берушiлер бес жылда кемiнде бiр рет мерзiмдi 
түрде жүргiзедi. 
      3. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мерзiмдiк мiндеттi 
аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 
      4. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан 
өткiзу тәртiбiн бұзушылық анықталған кезде еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi 
қорғауды мемлекеттiк қадағалау мен бақылау органының талап етуi бойынша 
өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау 
өткiзiледi. 
      Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс 
аттестаттау нәтижелерi өндiрiстiк объектiнi еңбек жағдайлары бойынша осының 
алдындағы аттестаттау материалдарына қосымша түрiнде ресiмделедi. 
      5. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттаудан өткiзудiң уақтылығы мен 
сапасын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 
      
Ескерту. Кодекс 320-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      321-бап. Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары 
 
      1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы 
бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
қорғау талаптарына сай болуға тиiс.  
      2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрi үшiн белгiленген қауiпсiздiк 
нормаларына сәйкес келуге, онда тиiстi техникалық паспорт (сертификат), 
сақтандыру белгiлерi болуға және қызметкерлердiң жұмыс орындарындағы 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен 
қамтамасыз етiлуге тиiс.  
      3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердiң үй-жайлардан шығатын жолдар бос 
болуға және ашық ауаға не қауiпсiз аймаққа шығаруға тиiс.  
      4. Қауiптi аймақтар нақты белгiленуге тиiс. Егер жұмыс орындары 
жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауiп-қатер төндiретiн немесе құлайтын 
заттар бар қауiптi аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде 
адамдардың кiруiн шектейтiн құрылғыларымен жабдықталуға тиiс. Жаяу 
жүргiншiлер мен  
технологиялық көлiк құралдары ұйымның аумағында қауiпсiз жағдайларда жүрiп-
тұруға тиiс.  
      5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде (учаскелерде), оның iшiнде 
биiктiкте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңiз қайраңдары мен iшкi 
су айдындарында жұмыстар жүргiзу үшiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдары 
болуға тиiс.  
      6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және 
жасанды жарық, сондай-ақ желдеткiш жұмыс уақыты кезiнде еңбектiң қауiпсiздiк 
талаптарына сай болуға тиiс.  
      7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа 
да факторлар) жұмысқа жұмыс берушi қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз 
еткеннен кейiн жiберiледi. 
      
Ескерту. 321-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 


37-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТIНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ 
 
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН 
 
ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ 
 
      
322-бап. Тергеп-тексерудiң жалпы жағдайлары және 
 
                
өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды есепке алу 
 
      1. Қызметкерлердiң, сондай-ақ:  
      1) техникалық және кәсiптiк, орта оқу орнынан кейiнгi, жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске 
асыратын оқу орындарында оқитын, кәсiптiк практикадан өтiп жүрген адамдардың  
      2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттiк органдарда қызмет өткерумен 
байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлердiң, арнаулы 
мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң 
      3) сот үкiмi бойынша еңбекке тартылған адамдардың  
      4) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмдерi, әскерилендiрiлген 
күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зiлзаланың салдарларын жою 
жөнiндегi, адам өмiрiн және мүлiктi құтқару жөнiндегi ерiктi командалар 
мүшелерiнiң еңбек қызметiне байланысты және еңбекке қабiлетсiздiгiне не 
өлiмiне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес 
тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.  
      2. Өндiрiстiк жарақаттар мен қызметкердiң денсаулығына еңбек 
мiндеттерiн атқарумен байланысты келтiрiлген өзге де зақымданулар не жұмыс 
берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша еңбекке қабiлетсiздiгiне не 
өлiмге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:  
      1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейiн жұмыс орнын, 
өндiрiс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау 
және ретке келтiру кезiнде;  
      2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты iшiнде немесе iссапар кезiнде не жұмыс 
берушiнiң немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе 
өзге де мiндеттемелердi орындауға байланысты басқа жерде болғанда;  
      3) қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлар әсерiнiң 
нәтижесiнде;  
      4) жұмысы қызмет көрсету объектiлерi арасында жүрумен байланысты 
қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмыс орнына 
бара жатқан жолда;  
      5) қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде жұмыс берушiнiң 
көлiгiнде;  
      6) жеке көлiгiн қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушiнiң 
жазбаша келiсiмi болғанда өзiнiң жеке көлiгiнде;  
      7) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның 
аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау не жұмыс 
берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша өзге де iс-әрекеттер жасау 
кезiнде болса; 
      8) вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң вахта кезiндегi 
жұмыс уақытының алдында немесе одан кейiн жиналу орнынан (вахта кезеңiнде 
тұратын жерiнен) жұмыс берушi берген көлiкпен жұмысқа бару немесе керi қайту 
жолында болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар ретiнде тергеп-тексерiледi және 
есепке алынады. 
      3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:  
      1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де 
iс-әрекеттердi функционалдық мiндеттерiне кiрмейтiн және жұмыс берушiнiң 
мүддесiмен байланысты емес, оның iшiнде вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде 
ауысымаралық демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ 
алкогольдiк мас болу, уытты және есiрткi заттарды (олардың аналогын) 
пайдалану күйiне байланысты себеппен орындаған кезде; 
      2) өз денсаулығына қасақана (әдейi) зиян келтiру нәтижесiнде немесе 
зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;  
      3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, 
қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiмен байланысты емес 
кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндiрiстiк жарақаттар 
және қызметкерлер денсаулығының өндiрiстегi өзге де зақымданулары ретiнде 
ресiмделмейдi.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау