Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет40/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57

еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған 
жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.  
      Азаматтық қызметшiлердiң жекелеген 
санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзiмдi жыл 
сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы белгiленуi мүмкiн.  
      2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшiлерге жұмыс 
берушiмен келiсiм бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) 
дайындау мен қорғау, оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезеңiне ақылы оқу 
демалыстары берiледi.  
      Ескерту. 239-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      
240-бап. Азаматтық қызметшiлермен еңбек шартын 
 
                
тоқтатудың қосымша негiзi 
 
      1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшiн осы Кодексте белгiленген 
негiздермен қатар азаматтық қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының заңында 
белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуi олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша 
негiзi болып табылады.  
      2. Мемлекеттiк мекеменiң (қазыналық кәсiпорынның) басшысы не жауапты 
хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де 
лауазымды адам зейнеткерлiк жасқа жеткен, кәсiптiк және бiлiктiлiк деңгейi 
жоғары қызметкермен оның еңбекке қабiлеттiлiгiн ескере отырып, еңбек шартын 
жыл сайын ұзартуы мүмкiн.  
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 
N 315
 (ресми 
жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
25-1-тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, ұлттық 
басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық 
компаниялар, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiн 
реттеу ерекшелiктерi
 
      Ескерту. Кодекс 25-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 
N 222-IV
 
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-б
. қараңыз) Заңымен.
 
      
240-1-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
 
                  
кәсiпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде,
 
                  
ұлттық даму институттарында, ұлттық
 
                  
холдингтерде және ұлттық компанияларда,
 
                  
сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында жұмыста
 
                  
болумен байланысты шектеу
 
      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға, ұлттық 
басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және 
ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарына басқару 
функцияларын атқарумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс 
жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды. 
26-тарау. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ 
 
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 
 
      241-бап. Өздерiне қатысты еңбек қатынастарын реттеу 
 
                ерекшелiктерi белгiленетiн шағын кәсiпкерлiк 
 
                субъектiлерi 
 
      Осы тарауда белгiленген еңбектi реттеу ерекшелiктерi қызметкерлерiнiң 
орташа жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
қолданылады.  


      242-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн еңбек 
 
                шарттарының мерзiмдерi 
 
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлермен еңбек шарттарын осы 
Кодекстiң 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусiз белгiлi 
бiр мерзiмге жасаса алады.  
      243-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң еңбек 
 
                тәртiптемесiнiң ережелерi 
 
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн дербес 
бекiтедi.  
      244-бап. Жұмыс режимi 
 
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс берушi бекiтетiн кестеге сәйкес 
демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуды көздейтiн жұмыс режимiн 
белгiлеуге, сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы жөнiндегi жалпы талаптарды 
сақтай отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебiн немесе жұмыс күнiн бөлiктерге 
бөлудi пайдалануға құқығы бар.  
      245-бап. Еңбекке ақы төлеу шарттары 
 
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу 
шарттарын жұмыс берушi белгiлейдi немесе өзгертедi және еңбек шартын жасасу 
кезiнде немесе оларды бекiтуге кемiнде бiр ай қалғанда қызметкерлер назарына 
жеткiзедi. Жұмысқа ақы төлеу шарттарын бекiту кезiнде жұмыс берушiнiң еңбек 
шартының талаптарын бiржақты тәртiппен өзгертуге құқығы жоқ.  
      246-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң әлеуметтiк 
 
                әрiптестiкке қатысуы 
 
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қатысатын еңбек қатынастарына, егер 
жұмыс берушiлер мен қызметкерлер келiссөздер жүргiзу және осындай 
келiсiмдерге қол қою үшiн тиiстi ұйымдарға бiрiккен болса, келiсiмдердiң күшi 
қолданылады.  
      247-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде еңбек 
 
                қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды 
 
                ұйымдастыру ерекшелiктерi 
 
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi 
қорғауды ұйымдастыруды жеке немесе заңды тұлғалар шарт негiзiнде жүзеге 
асыруы мүмкiн.  
27-тарау. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысы мен мүшелерiнiң 
және мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды 
тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң еңбегiн 
реттеу ерекшелiктерi
 
      
Ескерту. 27-тараудың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 
566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      248-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының 
 
                еңбегiн реттеудiң құқықтық негiздерi 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек қатынастары осы 
Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттары мен еңбек 
шартына сәйкес жүзеге асырылады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау