Қосымша
Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бөлімінің бас маманы (1 бірлік).
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің санаты D-О-4.
Еңбек еткен жылдарына қарай лауазымдық жалақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жүгінгендерге, радикалды, деструктивті және тоталитарлық культтар ықпалынан зардап шеккендердің туыстары мен тікелей өздеріне психологиялық, консультациялық көмек көрсетеді.
Жүгінгендерге, радикалды, деструктивті және тоталитарлық культтар ықпалынан зардап шеккендердің туыстары мен тікелей өздерімен атаулы жеке жұмыс жүргізеді.
Деструктивті идеологияның ықпал ету факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық (психологиялық әдістермен түзеу, оңалту және кеңес беру) көмек көрсету шараларын қабылдайды.
Психологиялық алдын алу және диагностикалық жұмыс жүргізеді.
Көмекке жүгінгендерге жеке тәсілдеме қамтамасыз етумен байланысты негізгі проблемаларды шешуге қажет ақпаратты дайындайды.
Қоғамда конфессияаралық мәдениетті қалыптастыру және нығайту әрі әлеуметтік-психологиялық климатты жақсарту бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысады.
Жүргізілетін іс-шаралар нәтижесі бойынша кері байланысқа тұрақты түрде талдау жасап тұрады, жүргізілетін іс-шараларға өзгерістер енгізеді.
Бөлім құзыретіне кіретін есеп материалдарын дайындайды және құжаттардың уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе дінтану немесе теология) немесе білім (тарих немесе тарих, экономика және құқық негіздері) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) бейіндері бойынша.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімімінің бас маманы (1 бірлік).
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің санаты D-О-4.
Еңбек еткен жылдарына қарай лауазымдық жалақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Облыс халқының діни сауатын шыңдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастырады.
Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын әдістемемен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Ақпараттық-түсіндіру тобына қатысушыларға семинар-тренингтер, кеңестер, «дөңгелек үстелдер», дәрістер өткізуді ұйымдастырады.
Облыс аудандарында және Петропавл қаласында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтары жұмысының тиімділігіне талдау жүргізеді.
Өңірдегі діни ахуалды зерттеуге және болжам жасауға, халықты толғандыратын дін саласындағы мәселелерді анықтауға бағытталған әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуін бақылайды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысына материалдар дайындауды жүзеге асырады.
Өңірлік және республикалық БАҚ-тағы елде діни қызмет және діни бірлестіктер мен миссионерлер қызметі саласында орын алып жатқан үдерістер мәселелері жөніндегі жарияланымдар мен сюжеттерге мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
Бұқаралық ақпарат құралдары: телевидение, радио, баспа басылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Дін саласындағы ҮЕҰ қызметіне әдістемелік көмек көрсетеді.
Басқарманың сайтын толықтыру, Басқарманың фото және бейнемұрағатын құру, қалыптастыру және толықтыру жұмысын жүзеге асырады.
Өңірде бірлік пен тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе дінтану немесе теология) немесе білім (тарих немесе тарих, экономика және құқық негіздері) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) бейіндері бойынша.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Үміткерлердің тиісті санаттағы әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға арналған тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «D-О-4» санаты үшiн: мемлекеттiк тiлдi бiлуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк этика қағидасын), сондай-ақ бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк деңгейiн анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелеiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегрленген ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде немесе «Е-gov» Үкімет электронды порталы арқылы, олардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктерілмей беріледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына сарапшылар және байқаушылардың қатысуына рұқсат етіледі.
Байқаушы сапасында конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде (интернет-ресурстар: udr.sko.gov.kz, kyzmet.gov.kz) қолма-қол, пошта арқылы мына мекенжайға құжаттарын қабылдау мерзімінде ұсынылуы тиіс: 150011, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 В (каб. 415) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ немесе udr@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарын қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефондар: 8(7152) 34-01-89, 8(7152) 53-42-67 факс.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
_____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________
_____________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. «___»_______________
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
|
_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
___________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
Ұлты/Национальность (по желанию)
|
|
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности ,ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
|
|
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-
дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік
әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,
если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
қабылданған/ приема
|
Күні/Дата
босатылған/ увольнения
|
Күні/Дата қызметі, жұмыс
орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение
организации қабыл-
данған/приемабосатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата_________
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |