2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретiн өндiрiстердiң,
цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек
жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн,
сондай-ақ оны берудiң тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм
бойынша айқындайды.
Ескерту. 202-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы
Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге
өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiне, сондай-ақ жыл
сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн ауыр жұмыстардың, еңбек
жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiне
сәйкес берiледi. Демалыстың бұл түрiнiң ұзақтығын, сондай-ақ оны берудiң
тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды.
Ескерту. 203-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
204-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды
(ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi
жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне
ақы төлеу
Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi
жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу қалыпты еңбек
жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен
салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе
қосымша ақылар белгiлеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бiрақ Қазақстан
Республикасының заңнамасында, салалық келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда
еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарына негiзделiп белгiленгеннен
төмен емес мөлшерде белгiленедi.
Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi
жұмыстардың тiзбесiн, еңбекке ақы төлеудiң жоғарылатылған мөлшерiне құқық
беретiн жұмысты, сондай-ақ оны берудiң тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсе отырып айқындайды.
Осы бапта белгiленген еңбекке ақы төлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше
зиянды), қауiптi жағдайлардағы еңбегi жұмыс орындарын аттестаттау
нәтижелерiмен расталған қызметкерлерге қолданылады.
Ескерту. 204-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
205-бап. Салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету
Ұйым қызметкерлерiне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушiнiң қаражаты
есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiннен төмен
емес нормаларда арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да дара қорғану
құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық
тағамдары берiледi.
Ескерту. 205-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
20-тарау. МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
206-бап. Маусымдық жұмыстар
Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгiлi бiр, бiрақ
бiр жылдан аспайтын кезең (маусым) iшiнде орындалатын жұмыстар маусымдық деп
танылады.
207-бап. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасу
ерекшелiктерi
1. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу
туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңi көрсетiлуге тиiс.
2. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезiнде
қызметкердiң өзiне тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатындағы
сынақ мерзiмi белгiленбейдi.
208-бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен
еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша
бұзудың қосымша негiздерi
Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен еңбек шарты, осы
Кодекстiң 54-бабында көзделген негiздерден басқа:
1) жұмыс берушiдегi жұмыстар өндiрiстiк сипаттағы себептер бойынша екi
аптадан артық мерзiмге тоқтатылған;
2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бiр ай
бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы
мүмкiн.
209-бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен
еңбек шартын бұзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi
1. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкер, бұл туралы жұмыс берушiнi
күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз
бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
2. Жұмыс берушi маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкердi еңбек
шартының осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында
көзделген негiздер бойынша бұзылатыны туралы күнтiзбелiк жетi күн бұрын
жазбаша ескертуге мiндеттi.
3. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкермен еңбек шарты бұзылған
кезде, жұмыс берушi пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлемiн жұмыс
iстелген уақытқа барабар төлейдi.
4. Маусымдық жұмыста iстейтiн қызметкермен еңбек шарты ұйымның
таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты
тоқтатылған кезде екi апталық орташа жалақы мөлшерiнде демалыс жәрдемақысы
төленедi.
21-тарау. ВАХТАЛЫҚ ӘДIСПЕН ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
210-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу ерекшелiктерi
1. Вахталық әдiс, қызметкерлердiң тұрақты тұратын жерiне күн сайын
қайтып келуi қамтамасыз етiле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерiнен
тысқары жерде еңбек процесiн жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
2. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлер жұмыс
өндiрiсi объектiсiнде болған кезде оларды тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету
үшiн тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан керi жеткiзiп салуды, сондай-ақ
жұмыс орындау жағдайларымен және
ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге және олардың тамақтануын
ұйымдастыруға мiндеттi.
Жұмыс берушi қызметкердiң жұмыс өндiрiсi объектiсiнде болу жағдайларын
еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |