Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды ұйымдастыруды жеке немесе заңды тұлғалар шарт негізінде жүзеге
асыруы мүмкін.
27-тарау. ЗАҢДЫ ТҦЛҒАНЫҢ АЛҚАЛЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ
МЕН МҤШЕЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
248-бап. Заңды тҧлғаның атқарушы органы басшысының
еңбегін реттеудің қҧқықтық негіздері
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек қатынастары осы
Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттары мен еңбек
шартына сәйкес жүзеге асырылады.
249-бап. Заңды тҧлғаның атқарушы органы басшысымен
еңбек шартын жасасу
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
еңбек шартын заңды тұлға
мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды
тұлғаның уәкілетті органы Қазақстан
Республикасының заңдарында, құрылтай
құжаттарында немесе тараптар келісімінде белгіленген мерзімге жасасады.
Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды
тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында қосымша
рәсімдер белгіленуі мүмкін.
250-бап. Заңды тҧлғаның атқарушы органы басшысының қоса
атқаратын жҧмысы
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкілетті
органының не заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің, не ол уәкілеттік берген
тұлғаның (органның) рұқсатымен ғана басқа ұйымдарда ақы тӛленетін
лауазымдарды атқара алады.
251-бап. Заңды тҧлғаның атқарушы органы басшысының
материалдық жауапкершілігі
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтірген
залалы үшін осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының ӛзге де заңдарында
белгіленген тәртіппен материалдық жауаптылықта болады.
252-бап. Заңды тҧлғаның атқарушы органы басшысымен
еңбек шартын тоқтатудың қосымша негіздері
Заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не ол уәкілеттік берген тұлғаның
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының еңбек қатынастарын
мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі осы Кодексте кӛзделген негіздермен
қатар заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға
қосымша негіз болып табылады.
Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
еңбек шарты тоқтатылған
жағдайда, оның қолданылу мерзімі ӛткенге дейін еңбек шартын мерзімінен бұрын
бұзғаны үшін оған еңбек шартында айқындалатын мӛлшерде ӛтемақы тӛлемі
тӛленеді.
253-бап. Заңды тҧлғаның атқарушы органы басшысының
бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен
бҧрын бҧзу
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкінің меншік
иесін не ол уәкілеттік берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның
уәкілетті органын бұл жӛнінде жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын ескерте
отырып, еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
254-бап. Заңды тҧлғаның алқалы атқарушы органы
мҥшелерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Осы тарауда белгіленген атқарушы орган басшысының еңбегін реттеу
ерекшеліктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай
құжаттарында ӛзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының
басқа да мүшелеріне қолданылады.
28-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚҦҚЫҚ ҚОРҒАУ
ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
255-бап. Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және
мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан
Республикасы судьяларының еңбегін реттеу
Мемлекеттік қызметшілердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының,
Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны ӛткеру мен
тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын,
еңбекке ақы тӛлеу жағдайларын, сондай-ақ
қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар
мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және
Қазақстан Республикасының ӛзге
де нормативтік құқықтық актілерінде кӛзделген ерекшеліктермен бірге осы
Кодексте реттеледі. Z010148, Z000132
256-бап. Әскери қызметтегі адамдар және қҧқық қорғау
органдарының қызметкерлері
1. Әскери қызметтегі адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Республикалық ұланда, ішкі
әскерлерде, әскери-тергеу органдары мен әскери полицияда, Қазақстан
Республикасы Президентінің Күзет қызметінде,
Қазақстан Республикасының
тӛтенше жағдайлар жӛніндегі орталық атқарушы органының азаматтық қорғанысты
басқару органдары мен бӛлімдерінде және әскери прокуратура органдарында
әскери қызмет ӛткеріп жүрген адамдар
жатады. Z050029, Z952710, Z952671, Z922200, Z050032, Z952483, Z970100
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының
ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында, қаржы полициясында,
мемлекеттік ӛртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура
органдарында
қызметте тұрған, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын
адамдар жатады. Z020336, Z960048, K030401, Z952709
257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың және қҧқық қорғау
органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Әскери қызметтегі адамдардың және құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны ӛткеру мен тоқтатудың ерекше
жағдайлары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы тӛлеу
жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар
мен шектеулерді
белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан
Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілерінде кӛзделген
ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.
4-БӚЛІМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ
ҦЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК
258-бап. Әлеуметтік әріптестіктің міндеттері