Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет37/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51

      Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік: 
      1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық 
қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау; 
      2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде 
әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу; 
      3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін 
қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру; 
      4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы 
консультациялар мен келіссӛздер процесіне жәрдемдесу
      5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу; 
      6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске 
асыру жӛніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған. 
      
259-бап. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері
 
      Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері мыналар: 
      1) тараптар ӛкілдерінің ӛкілеттілігі; 
      2) тараптардың тең құқықтылығы; 
      3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі; 
      4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 
      5) тараптар мүдделерін құрметтеу; 
      6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі; 
      7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді ӛз кінәсі бойынша 
орындамағаны үшін тараптардың, олардың ӛкілдерінің жауаптылығы; 
      8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің 
жәрдемдесуі; 
      9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы. 
      
260-бап. Әлеуметтік әріптестік органдары
 
      Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары: 
      1) республикалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және 
еңбек қатынастарын реттеу жӛніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі 
- республикалық комиссия); 
      2) салалық деңгейде - әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек 
қатынастарын реттеу жӛніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі - салалық 
комиссия); 
      3) ӛңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтік 
әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жӛніндегі облыстық, 
қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі - ӛңірлік комиссия) арқылы 
тараптардың ӛзара іс-қимыл жасасуы нысанында; 
      4) ұйымдар деңгейінде - қызметкерлердің ӛкілдері мен жұмыс берушінің 
арасында еңбек саласындағы ӛзара нақты міндеттемелерді белгілейтін келісімдер 
немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын 
ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың 
(келісімдердің) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қамтамасыз 
етеді. 
      
261-бап. Әлеуметтік әріптестік нысандары
 
      Әлеуметтік әріптестік: 
      ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу 
жӛніндегі ұжымдық келіссӛздер; 
      еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты ӛзге де қатынастарды 
реттеу, қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін 
қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру 
мәселелері бойынша ӛзара консультациялар (келіссӛздер); 
      қызметкерлер мен жұмыс берушілер ӛкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін 
шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады. 
      
262-бап. Әлеуметтік әріптестік тараптары
 


      Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен 
уәкілеттік берілген ӛз ӛкілдері атынан қызметкерлер мен жұмыс берушілер 
әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады. 
      
263-бап. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде
 
                
ҧйымдастыру
 
      1. Республикалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін 
консультациялар мен келіссӛздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік 
тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін 
орган болып табылады. 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық 
бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің ӛкілетті 
ӛкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады. 
      3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар 
қалалардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бӛлімшелері (филиалдары 
мен ӛкілдіктері) бар бірлестіктер қызметкерлердің республикалық 
бірлестіктерінің ӛкілетті ӛкілдері болып табылады. 
      4. Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық 
одағының (қауымдастығының), шағын кәсіпкерлік жӛніндегі республикалық 
бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық 
бірлестіктерінің ӛкілдері жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің 
ӛкілетті ӛкілдері болып табылады. 
      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) ӛкілдік ету олардың құрамына 
кіретін республикалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорциялық 
негізде жүзеге асырылады. 
      
264-бап. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде
 
                
ҧйымдастыру
 
      1. Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен 
келіссӛздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді 
қамтамасыз ету жӛніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы 
Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді. 
      2. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың ӛкілетті 
ӛкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің ӛкілдері салалық комиссиялардың 
қатысушылары болып табылады. 
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында 
құрылымдық бӛлімшелері (филиалдары мен ӛкілдіктері) бар салалық кәсіптік 
одақтар қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің ӛкілетті ӛкілдері болып 
табылады. 
      4. Салалық ұйымдардың ӛкілдері жұмыс берушілердің ӛкілетті ӛкілдері 
болып табылады. 
      
265-бап. Әлеуметтік әріптестікті ӛңірлік деңгейде
 
                
ҧйымдастыру
 
      1. Ӛңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін 
консультациялар мен келіссӛздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің 
мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жӛніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган 
болып табылады. 
      2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті ӛкілетті ӛкілдері, жұмыс 
берушілер мен қызметкерлердің ӛкілдері ӛңірлік комиссиялардың қатысушылары 
болып табылады. 
      3. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі кәсіптік одақтар 
бірлестіктері қызметкерлердің ӛңірлік бірлестіктерінің ӛкілетті ӛкілдері 
болып табылады. 
      4. Ӛңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің ӛкілетті ӛкілдері: 
      облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық 
бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жӛніндегі облыстық бірлестік; 
      қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсіпкерлік жӛніндегі қалалық, 
аудандық бірлестіктер болып табылады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау