Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет44/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51

электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл жергілікті 
атқарушы органмен алдын ала келісу 
негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті қызмет кӛрсетулердің тізбесі 
мен кӛлемі сақталған жағдайда ӛткізіледі. 
      Үздіксіз жұмыс істейтін ӛндірістерде ереуіл негізгі жабдықтардың, 
тетіктердің іркіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген жағдайда ғана ӛткізілуі 
мүмкін. 
      3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды. 
      4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе 
прокурордың ӛтініші бойынша қабылдайды. 
      Сот шешімі қызметкерлерге ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, 
ол ереуілге қатысушыларды сот шешімі туралы дереу хабардар етуге міндетті. 
      Ереуілді заңсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі дереу 
орындалуға тиіс. 
      Адамдардың ӛмірі мен денсаулығына тікелей қатер тӛнген жағдайда 
прокурор немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға 
құқылы. 
      5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар. 
      
304-бап. Ереуілдерді заңсыз деп танудың салдары
 
      Сот ереуілді заңсыз деп танығанда, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға 
немесе ӛткізуге қатысқан қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуы 
мүмкін. 
      
305-бап. Локаутқа тыйым салу
 
      Ереуіл ӛткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында 
локаутқа, яғни қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына 
байланысты солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы 
бойынша бұзуға тыйым салынады. 
 
5-БӚЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
 
 
33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
 
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
 
      
306-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
 
                
бағыттары
 
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат: 
      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға; 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
салалық (секторлық) және ӛңірлік бағдарламаларды әзірлеуге; 
      3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және 
жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, 
еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын ӛндіру 
жӛніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске 
асыруға; 
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге 
асыруға; 
      5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргізуге; 
      6) ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке 
алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге; 
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан 
Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға; 
      8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің 


құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 
тәртібін нормативті түрде бекітуге; 
      9) ӛндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап 
шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін 
қорғауға; 
      10) ауыр жұмыс және ӛндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы 
техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек 
жағдайлары бар жұмыс үшін еңбекақы тӛлеу шарттарын белгілеуге; 
      11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жӛніндегі отандық 
және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға; 
      12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі мамандарды 
даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 
      13) ӛндірістік жарақат алу, кәсіптік ауру туралы мемлекеттік 
статистикалық есептілікті ұйымдастыруға; 
      14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біртұтас 
ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 
      15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық 
ынтымақтастыққа бағытталған. 
      
307-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                
саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және
 
                
қадағалау
 
      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік 
басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек 
жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және ӛзге де уәкілетті мемлекеттік 
органдар ӛз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады. 
      
308-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                
жӛніндегі талаптар
 
      1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жӛніндегі талаптар Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және 
қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың ӛмірі мен денсаулығын 
сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен ӛлшемдерді қамтуға тиіс. 
      2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында 
ӛз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жӛніндегі талаптарды орындауға міндетті. 
      
309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
                
саласындағы мониторинг пен тәуекелдерді бағалау
 
      Еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық 
бӛлімшелері жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, ӛндірістік 
жарақаттануды азайту және ӛндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу 
мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторинг пен 
тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады. 
 
34-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҦҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
 
      
310-бап. Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі
 
                
және еңбекті қорғау қҧқықтарына берілетін
 
                
кепілдіктер
 
      1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті ӛндірістік факторларды 
қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан 
Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта кӛзделген осындай 
жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, 
жеңілдіктер мен ӛтемақы тӛлемдері кӛрсетілуге тиіс. 
      2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау