Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51

      3) алғыс жариялаумен кӛтермеленуі мүмкін. 
      Ұжымдық шартта кӛтермелеудің басқа да шаралары кӛзделуі мүмкін. 
      
237-бап. Азаматтық қызметшілерге басқа жерге жҧмысқа
 
                
ауысуы кезінде берілетін кепілдіктер мен
 
                
ӛтемақы тӛлемдері
 
      Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік мекемемен (қазыналық кәсіпорынмен) 
бірге қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бӛлініс бойынша басқа жерге (басқа елді 
мекенге) жұмысқа ауысу кезінде: 
      азаматтық қызметшінің ӛзінің және оның отбасы мүшелерінің жұмыс орнына 
дейінгі жолақысының құны (мемлекеттік мекеме (қазыналық кәсіпорын) тиісті 
қозғалыс құралын беретін жағдайлардан басқа); 
      мүлікті тасымалдау шығыстары; 
      жолда болған әр күн үшін тәуліктік шығыстар; 
      атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мӛлшеріндегі 
біржолғы жәрдемақы; 
      жолға жиналу және жаңа орынға орналасу күндері үшін, бірақ алты күннен 
аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшін жалақысы тӛленеді. 
      
238-бап. Азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы тӛлеу
 
      1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің 
еңбегіне ақы тӛлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
      2. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік 
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық 
қызметшілеріне, егер Қазақстан Республикасының заңдарында ӛзгеше 
белгіленбесе, жергілікті ӛкілді органдардың шешімі бойынша бюджет қаражаты 
есебінен қызметтің, осы түрлерімен қалалық жағдайда 
айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен 
салыстырғанда кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен 
тарифтік ставкалар белгіленеді. V085148 
      3. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік 
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының 
тізбесін жергілікті ӛкілді органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган 
айқындайды. 
      
239-бап. Азаматтық қызметшілерге берілетін демалыс
 
      1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге 
лауазымдық жалақысы мӛлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы тӛлене отырып, 
ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек 
демалысы беріледі. Азаматтық 
қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет 
тӛленеді. 
      Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына Қазақстан 
Республикасының заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзімді жыл сайынғы ақылы еңбек 
демалысы белгіленуі мүмкін. 
      2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшілерге жұмыс 
берушімен келісім бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) 
дайындау мен қорғау, оқу бітіру емтихандарын тапсыру кезеңіне ақылы оқу 
демалыстары беріледі. 
      
Ескерту. Осы Кодекстің 239-бабы 1-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі.
 
      
240-бап. Азаматтық қызметшілермен еңбек шартын
 
                
тоқтатудың қосымша негізі
 
      1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшін осы Кодексте белгіленген 
негіздермен қатар азаматтық қызметшілердің Қазақстан 
Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі олармен еңбек 
шартын тоқтатудың қосымша негізі болып табылады. 


      2. Мемлекеттік мекеменің (қазыналық кәсіпорынның) басшысы не жауапты 
хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын ӛзге де 
лауазымды адам зейнеткерлік жасқа жеткен, кәсіптік және біліктілік деңгейі 
жоғары қызметкермен оның еңбекке қабілеттілігін ескере отырып, еңбек шартын 
жыл сайын ұзартуы мүмкін. 
      
Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 
2007.07.27. 
N 315
 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
 
26-тарау. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
 
ЕҢБЕГІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
      
241-бап. Ӛздеріне қатысты еңбек қатынастарын реттеу
 
                
ерекшеліктері белгіленетін шағын кәсіпкерлік
 
                
субъектілері
 
      Осы тарауда белгіленген еңбекті реттеу ерекшеліктері қызметкерлерінің 
орташа жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 
қолданылады. 
      
242-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілері ҥшін еңбек
 
                
шарттарының мерзімдері
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлермен еңбек шарттарын осы 
Кодекстің 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында кӛзделген шектеусіз белгілі 
бір мерзімге жасаса алады. 
      
243-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек
 
                
тәртіптемесінің ережелері
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері еңбек тәртіптемесінің ережелерін дербес 
бекітеді. 
      
244-бап. Жҧмыс режимі
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс беруші бекітетін кестеге сәйкес 
демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуды кӛздейтін жұмыс режимін 
белгілеуге, сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы жӛніндегі жалпы талаптарды 
сақтай отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебін немесе жұмыс күнін бӛліктерге 
бӛлуді пайдалануға құқығы бар. 
      
245-бап. Еңбекке ақы тӛлеу шарттары
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің еңбегіне ақы тӛлеу 
шарттарын жұмыс беруші белгілейді немесе ӛзгертеді және еңбек шартын жасасу 
кезінде немесе оларды бекітуге кемінде бір ай қалғанда қызметкерлер назарына 
жеткізеді. Жұмысқа ақы тӛлеу шарттарын бекіту кезінде жұмыс берушінің еңбек 
шартының талаптарын біржақты тәртіппен ӛзгертуге құқығы жоқ. 
      
246-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік
 
                
әріптестікке қатысуы
 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысатын еңбек қатынастарына, егер 
жұмыс берушілер мен қызметкерлер келіссӛздер жүргізу және осындай 
келісімдерге қол қою үшін тиісті ұйымдарға біріккен болса, келісімдердің күші 
қолданылады. 
      
247-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек
 
                
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
 
                
ҧйымдастыру ерекшеліктері
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау