Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет27/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61

 
тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу 
тетіктерінің жиынтығы;
 
      2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік 
деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
 
      3) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін 
құрылымдық жағынан сипаттау;
 
      4) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне 
және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын 
талаптарды айқындайтын стандарт.
 
      138-2-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы
 
      Ұлттық біліктілік жүйесі мыналарды:
 
      1) ұлттық біліктілік шеңберін;
 
      2) салалық біліктілік шеңберлерін;
 
      3) кәсіби стандарттарды;
 
      4) маманның кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растауды 
қамтиды.
 
      138-3-бап. Ұлттық біліктілік шеңбері
 
      1. Ұлттық біліктілік шеңбері кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын әрбір 
біліктілік деңгейі үшін сипаттаудан тұрады.
 
      2. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және бекітуді еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің және 
қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, білім беру 
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді.
 
      138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері
 
      1. Салалық біліктілік шеңберлері ұлттық біліктілік шеңбері негізінде 
экономикалық қызметтің нақты саласында әзірленеді.
 
      2. Салалық біліктілік шеңбері салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне 
және пайдаланылатын білім, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша 
маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейді.
 
      3. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және бекітуді тиісті қызмет 
салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық 
кәсіпкерлер палатасының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің және 
қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің пікірін ескере отырып жүргізеді.
 
      
Ескерту. 138-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      138-5-бап. Кәсіби стандарттар
 
      1. Кәсіби стандарттарды әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті 
мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, 
жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық 
бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
 
      2. Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан 
өткізу және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан 
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің республикалық 
бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен келісу 
бойынша айқындайды.
 
      3. Кәсіби стандарттарды бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті 
мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім 
бойынша олар белгілеген тәртіппен жүргізеді.
 
      4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кәсіби стандарттар тізілімін 
жүргізуді өзі белгілеген нысан бойынша жүзеге асырады.
 


 
      
Ескерту. 138-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      138-6-бап. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және
 
                  біліктілік сәйкестігін растау 
 
      1. Маман құзыретінің сәйкестігі Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар жүзеге асыратын біліктілік сәйкестігін 
растау негізінде айқындалады.
 
      2. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін 
беру тәртібін бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары 
жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің және қызметкерлер 
бірлестіктерінің пікірін ескере отырып жүзеге асырады.
 
   11-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ  
      139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар 
 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
 
       1) оқыту шарты - жұмыс беруші мен оқитын адамның арасындағы кәсіптік 
даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім; 
 
       2) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа кәсіби 
дағдыларды меңгеру немесе кәсіби дағдыларды өзгерту үшін адамды дамытуға 
бағытталған кәсіптік оқыту нысаны
 
       3) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін 
кәсіптік оқыту нысаны; 
 
       4) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен 
дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін 
кәсіптік оқыту нысаны. 
 
      140-бап. Жұмыс берушінің даярлау, қайта даярлау және 
 
                біліктілікті арттыру жөніндегі құқықтары мен 
 
                міндеттері 
 
      1. Ұйымның жұмыс істеуі мен дамуы үшін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлау мен 
біліктілікті арттырудың қажеттігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды. 
 
       2. Жұмыс беруші қызметкерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын 
өзге адамдарды (бұдан әрі - оқитын адамдар) кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды 
және олардың біліктілігін арттыруды: 
 
       1) тікелей ұйымда; 
 
      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында;
 
      3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін 
арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.
 
      3. Жұмыс беруші кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілігін 
арттырудан өтетін қызметкерлерге осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта, еңбек 
шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшін жағдайлар жасауға міндетті.
 
      4. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрларды даярлауда, қайта 
даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда жәрдемдеседі.
 
      Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 
(қолданысқа 
енгізілу тәртібін  
2-баптан 
қараңыз), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
04.07.2013 
№ 130-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау