қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте
жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді.
104-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық
беретін жұмыс стажын есептеу
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен
жалақысы толық
немесе ішінара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және
босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт
қосылады.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
тәртібі
1. Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген
уақытында беріледі.
2. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысын беру ерекшеліктері осы Кодекстің 213-бабында белгіленеді.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.
4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстің 108-бабының 3-тармағындағы
талаптар сақтала отырып, осы Кодекстің 108 және 109-баптарында белгіленген
жағдайларда
және тәртіппен ауыстырылады, ұзартылады, үзіледі.
5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтізбелік үш
күннен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда - ол
берілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезеңін айқындау
Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды
құрайды.
107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезектілігі
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі жұмыс
беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін демалыс кестесінде
белгіленеді не тараптардың келісімімен белгіленеді.
2. Демалыс кестелері өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда
жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта
бұрын хабарлауға міндетті.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
108-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың
жағдайлары мен тәртібі
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:
қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға
байланысты демалыста болған;
егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда,
толық немесе
оның бір бөлігі ауыстырылады.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) қызметкердің жазбаша
келісімімен немесе оның өтінуі бойынша ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы
тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе
қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта бөлек берілуі мүмкін.
3. Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып
алу
1. Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша
келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы
еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты
пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жыл
ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта
беріледі не келесі жұмыс
жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысына қосылады.
3. Қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде
демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен жұмыс
берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі
мүмкін.
4. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті
жұмыстарда істейтін
қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді.
110-бап. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы
төлемі
Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы
еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл
сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған
күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде
оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің
арасындағы келісім бойынша айқындалады.
3. Жұмыс беруші:
1) неке тіркелген;
2) бала туылған;
3) жақын туыстары қайтыс болған;
4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде
қызметкердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бес күнге
дейін жалақы
сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
112-бап. Оқу демалысы
1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен
емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау,