Академиялық
анықтамалық
40
Академиялық анықтамалық
1. ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АНЫҚТАМАЛАР
Білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу процесінде алатын және
жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері, дағдылары және
құзыреті;
Білім алушының академиялық рейтингі (Rating) (ретинг) - аралық аттестаттау
нәтижелері бойынша құрылатын, пәндердің және (немесе) модулдердің оқу бағдарламасын
және оқу қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) - тиісті білім
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында
көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модулдерінің көлемін және оқу қызметінің басқа
түрлерін білім алушылардың игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
Жеке оқу жоспары - білім беру бағдарламасы мен элективті пәндер каталогы және
(немесе) модульдер негізінде эдвайзердің көмегімен білім алушы әр оқу жылына дербес
қалыптастыратын оқу жоспары (ЖОЖ);
Негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (мажор) - негізгі құзыреттерді қалыптастыру
мақсатында білім алушы анықтаған білім беру бағдарламасы;
Қосымша білім беру бағдарламасы (Мinor) (минор) - қосымша құзыреттерді
қалыптастыру мақсатында оқу үшін білім алушы анықтаған пәндердің және (немесе)
модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.
Оқу пәніне жазу (Enrollment) - білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу рәсімі;
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі -
ОБӨЖ) - жеке кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының
жұмысы білім алушының санатына қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін
студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін
магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен
жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;
Постреквизиттер (Postrequisite) (постреквизит) - зерделеу үшін қажет етілетін білімдер,
іскерліктер, дағдылар және осы пәнді зерделеу аяқталған соң игерілетін құзыреттер қажет
етілетін пәндер (модулдер) және оқу жұмысының басқа түрлері;
Пререквизиттер (Prerequisite) (пререквизит) - пәндер және (немесе) модульдер және
зерделенетін пәнді игеруге қажетті білімнен, іскерліктен, дағдылар мен құзыреттерден
тұратын оқу жұмысының басқа түрлері;
Транскрипт (Transcript) (транскрипт) - кредиттер мен бағаларды көрсететін тиісті оқу
кезеңі ішіндегі игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат;
Тьютор - студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін
академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;
41
Академиялық анықтамалық
Үлгерімнің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - таңдап алған бағдарлама бойынша
белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді
бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық
аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттердің жалпы сомасының
қатынасы);
Эдвайзер (Advisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері
функциясын атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына)
және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
Элективті пәндер - жоғары оқу орны компонентіне және белгіленген академиялық
кредиттер шеңберінде таңдау компонентіне кіретін және білім беру ұйымы енгізетін, білім
алушылардың жеке дайындығын көрсететін, нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін оқу пәндері, қалыптасқан ғылыми мектептер;
Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім
алушының барлық оқу кезеңінде студенттің оқу әрекетінің барлық түрлерін қоса алғанда,
кемінде 240 академиялық кредитті меңгеруі болып табылады.
2. ОҚЫТУДЫҢ КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Академиялық күнтізбе (AcademicCalendar) –оқу жылының ішінде өткізілетін оқу мен
бақылау шараларының, кәсіптік тәжірбиелердің, демалыс күндерінің (демалыс пен
мерекелер) белгіленген күнтізбесі. Академиялық күнтізбе
https://www.kaznau.kz/page/obrazovanie/?link=akademiialyk_kuntizbe_bakalavriat_1095&l
ang=ru
парақшасында келтірілген.
Студенттің оқу жүктемесін анықтау кезінде оқу жылы нысандарын академиялық
кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсан – 7-8 апта), аралық аттесттау,
практика, каникул кезеңдерінен, қорытынды аттесттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратынын
ескеру қажет.
Әр академиялық кезең білім алушылардың аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
Бір оқу жылының толық академиялық жүктемесі 60 академиялық кредитке немесе 1800
академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте, студент бір семестр ішінде 30 академиялық
кредитті меңгереді.
Оқу жұмысы көлемін жоспарлаған кезде бір академиялық кредит оның барлық түрлері
үшін 30 академиялық сағатқа тең болатыны негізге алынады. Оқу жұмысының барлық түрлері
бойынша бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат)
ECTS-тің 1 кредитіне (25-30 академиялық сағат) сәйкес келеді.
Оқытудың кредиттік технологиясында білім алушының өзіндік жұмысы екі бөлімге
бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысқа (ОБӨЖ) және толық өзі
орындайтын жұмыс (ОБӨЖ - БӨЖ).
42
Академиялық анықтамалық
3. ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕРГЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
Білім беру бағдарламасының және элективті пәндер каталогі (ЭПК) негізінде білім
алушылар эдвайзерлердің көмегімен ЖОЖ әзірлейді.
ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім алу траекториясын бөлек анықтайды. ЖОЖ-ға
міндетті компоненттің (МК), ЖОО компонентінің (ЖК) және таңдау компонентінің (ТК) пәндері
мен оқу қызметінің түрлері (практика, ғылыми-зерттеу / эксперименттік-зерттеу жұмысы,
қорытынды аттестаттау нысандары) кіреді.
Элективті пәндерге тіркеу мерзімі (Enrollment):
- 1 курс студенттері үшін 27-28-тамыз аралығында;
- 2,3,4,5 курс студенттері үшін 6-11-сәуір аралығында жүргізіледі.
ЖОЖ студенттің мамандануын ескере отырып, әр жылға құрастырылады. ЖОЖ негізінде
академиялық ағымдар мен топтар құрылады, ал егерде кейбір пәндерге жазылушылар
жетіспеген жағдайда, студенттердің ЖОЖ түзету қажеттілігі туралы хабарланады.
ЖОЖ дұрыс дайындалуының жауапкершілігін студенттер өз мойнына алады. Қателік
жіберілгенін байқаған жағдайда, оны тез арада эдвайзер мен тіркеу офисіне хабарлау қажет.
4. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері)
халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі
жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар "А"-дан "D"-ға дейін
азаю арқылы және "қанағаттанарлықсыз" - "FX", "F") балдармен бағаланады.
"FХ" белгісіне сәйкес келетін "қаанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, білім алушы
оқу пәнінің/модулдің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру
мүмкіндігіне ие.
"F" белгісіне сәйкес келетін "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, білім алушы осы
оқу пәніне/модуліне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады,
бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды
бақылауды қайта тапсырады.
43
Академиялық анықтамалық
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS
(иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
5. ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жазғы (қосымша) семестр оқу жылының негізгі семестрінің кредит санын толықтыру
ретінде ұйымдастырылады. Жазғы семестрде студенттер:
· өзінің академиялық қарыздарын жояды;
· GPA көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында дербес пәндерді қайта тапсырады;
· өзінің қалаған пәндерін зерделейді.
Сонымен қатар, жазғы семестрді білім алушылар академиялық ұтқырлық шегі ретінде
басқа жоғары оқу орындарында дербес пәндерден білім алу үшін пайдалана алады.
Жазғы семестрдегі білім алу, әр оқу жылына белгіленген 1 кредит бағасының есебінде
(нақты пәннің кредиттерінің көлемімен байланысты) ақылы негізде жүзеге асырылады. Жазғы
семестрде білім алған студент оқу жоспарымен қарастырылған барлық оқу пәндеріне қатысып,
қорытынды бақылауға (емтихан) рұқсат алып, оны тапсырады.
44
Академиялық анықтамалық
6. ҚАЗҰАУ СТУДЕНТТЕРІН ОҚУДАН ШЫҒАРУ, ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ
ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ТӘРТІБІ
Университет студенттерін ауыстыру мен қайта қабылдау реті ПРО ҚазҰАУ 702-18
«Білімгерлер контингентін қалыптастыру» құжатталған процедурамен регламенттелген.
Университет студенті төмендегі себептер бойынша шығарылуы мүмкін:
· өз еркімен (білім алуын өзі қаламаған немесе оқуын жалғастырғысы келмейтін
жағдайда);
· ҚазҰАУ-дың білім алушыларының ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін (ҚазҰАУ
студенттерінің Құқықтары мен міндеттері тарауын қараңыз);
· келісім-шарттарын бұзғаны үшін (ақылы негізде білім алатын студенттің келісім-
шарттарда көрсетілген оқу ақысын төлемеген жағдайда).
Білім алушының университеттен шығарылуы туралы бұйрықты студенттің жеке арызы
негізінде немесе деканаттың ұсынысы бойынша Тіркеу офисі және білім алушылардың
құжаттары бөлімі қалыптастырады. Деканаттың шығару туралы ұсынысы түскен немесе жеке
арызын ұсынған мерзіміне сәйкес студент оқудан шығарылады. Егер студент ақылы негізде
білім алған жағдайда, оған оқуы үшін төлемақы бұйрық шыққан күнге дейін есептеледі.
Осыған байланысты, студент оқуын жалғастыра алмайтыны және оқудан шығуы туралы
шешім қабылдаған болса, ол бұл туралы деканат қызметкерлеріне жедел түрде хабарлап,
оқудан шығуы туралы арызын ұсынуы тиіс.
Егер ақылы негізде білім алып жүрген, әртүрлі себептермен оқу ақысын келісімді
мерзімінде төлей алмаған жағдайда, ол факультет деканына хабарлап (жеке арызы), оқу
төлемінің ретін деканатпен келісуі қажет.
Ақылы негізде білім алып жүрген, оқу ақысын төлемегеніне байланысты оқудан
шығарылса, шығарылған уақытынан бастап, төрт апта ішінде қарызын өтесе, онда ол оқуға
қайта қабылданады. Бұл жағдайда оқуға қабылдау туралы жаңа келісім-шарт жасалынады,
жасалған келісім-шартта оқудың төлемақысы – оқуға түсудің ағымдағы жылына сәйкес болады.
Күндізгі бөлімде білім алушылардың ауысуы және қайта оқуға қабылдануы туралы
арызын (арыз семестр басталуына дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет) университет
басшылығы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде қарастырады. Ауыстыру мен оқуға қайта
қабылдаудың міндетті шарттары: бірінші академиялық кезеңнің барлық талаптарын орындау
мен аралық аттестацияны тапсыру болып табылады.
Білім алушылардың қайта қабылдау мен ауысуы кезінде олардың өтіп кеткен
академиялық кезеңіндегі зерделенген оқу жұмыс жоспары пәндерінің айырмасы анықталады.
Жұмыс оқу жоспарының пәндері айырмасын факультет деканы (деканның оқу-әдістемелік
жұмыстар бойынша орынбасары) анықтайды.
Жұмыс оқу жоспары пәндерінің белгіленген мерзімде (бір академиялық кезең ішінде)
жойылмаған айырмасы, келешекте академиялық қарыз болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |