1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның
қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты
алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын
қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен
еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен
санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату
басталардан кемінде екі ай бұрын;
2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі
өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты
қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта
болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын;
3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен
бастап үш жұмыс күні ішінде;
4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту
туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды
уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге
міндетті.
3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа
қабылдау және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтату туралы ақпаратты
ішкі істер органына бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын Ішкі
істер министрлігі айқындайды.
Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.05.05
N 159-IV
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
148-бап. Еңбек делдалдығы
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган немесе жұмыспен қамтудың
жекеше агенттігі:
1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс
күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету;
2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;
3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушіге жолдама
беру;
4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру;
5) өтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу;
6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер көрсету;
7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде
өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
149-бап. Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық
міндеттерді орындаған кезде берілетін
кепілдіктер
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда
қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта
оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан
босатады.
2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін
аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа
жалақысынан төмен емес жалақы төленеді.
3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп келген қызметкер өзі мерзімдік әскери
қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде
артықшылықты құқыққа ие болады.
150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер
үшін кепілдіктер
Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден
өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты
есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін
кепілдіктер
Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін
беру (донациялау) уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады,
сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына
сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
Ескерту. 151-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16.
N 186-IV
Заңымен.
152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін
кепілдіктер мен өтемақы төлемдері
1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы
сақталады.
2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін
тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек
шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында
көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
153-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге
ауыстыру кезіндегі кепілдіктер мен өтемақы
төлемдері
1. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс
беруші қызметкерге:
1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону;
2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын
өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен
мөлшері еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде
айқындалады.
154-бап. Экологиялық зілзала және радиациялық қатер
аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын
қызметкерлерге берілетін кепілдіктер
Экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге
асыратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленеді.
155-бап. Қызметкердің жеке мүлкін жұмыс берушінің
мүддесіне пайдалануға байланысты өтемақы
төлемдері
Қызметкер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен
пайдаланған кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық
құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану
шығыстарына тараптардың келісімі бойынша өтемақы төлемдерін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |