Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет24/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61

 
дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервті даярлау 
бағдарламасынан өту үшін оқу демалыстары беріледі.
 
      2. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында 
айқындалады.
 
      
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 
№ 562-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      113-бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы 
 
                (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар 
 
      1. Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы 
(балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай 
демалыстар: 
 
       1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс; 
 
       2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс; 
 
       3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 
демалыс беріледі. 
 
       2. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар беру осы Кодекстің 192 - 195-баптарында көзделген шарттармен 
жүзеге асырылады. 
 
      3. алынып тасталды 
 
      Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. 
N 9 
(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 
      114-бап. Демалысты ресімдеу 
 
      Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушінің 
актісімен ресімделеді. 
 
   9-тарау. ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ  
      115-бап. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы 
 
                мемлекеттік кепілдіктер 
 
      Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер: 
 
       еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін; 
 
       мемлекеттік органдардың еңбектің техникалық негізделген үлгілік нормалары 
мен нормативтерін әзірлеуді қамтамасыз етуін; 
 
       жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді және қайта қарауды 
қамтамасыз етуін бақылауды қамтиды. 
 
      116-бап. Еңбек нормалары 
 
      1. Еңбек (өндірім, уақыт, қызмет ету) нормалары еңбек шығындарының өлшемі 
болып табылады және тиісті біліктілігі бар қызметкері үшін техниканың
технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес 
белгіленеді. 
 
       2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін өндірім нормалары осы Кодекстің 
182-бабына сәйкес белгіленеді. 
 
       3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегіне уақыт бойынша ақы төлеу 
кезінде нормаланған тапсырмалар белгіленеді. Жұмыс беруші жекелеген функциялар мен 
жұмыс көлемдерінің орындалуы үшін қызмет ету нормаларын немесе қызметкерлер санының 
нормаларын 
 
 (нормативтерін) белгілеуі мүмкін. 
 
      117-бап. Жаңа еңбек нормаларын әзірлеу, енгізу, 
 
                қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және 
 
                қайта қарау 
 


 
      1. Жұмыс беруші еңбек нормаларын жаңадан енгізуді, қолданыстағы еңбек 
нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып
еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін ескеріп жүргізеді. 
 
      2. Еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін тиісті қызмет салаларындағы 
уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 
келісе отырып, өздері белгілеген  тәртіппен бекітеді. 
 
      3. Еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін ауыстыруды және қайта қарауды 
оларды бекіткен органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 
тәртіппен жүзеге асырады. 
 
        4. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялау 
жүргізу, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін жаңа техника, технология және 
ұйымдық-техникалық іс-шаралар енгізу шамасына қарай міндетті түрде ауыстырылуға 
тиіс. 
 
       Жекелеген қызметкерлердің өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсілдерін 
қолдануы және жұмыс орындарын жетілдіруі есебінен өнім шығарудың (қызметтер 
көрсетудің) жоғары деңгейіне қол жеткізу бұрын белгіленген еңбек нормаларын қайта 
қарауға негіз болып табылмайды. 
 
        5. Қызметкерлер кемінде бір ай бұрын жұмыс берушінің жаңа еңбек нормаларын 
енгізуі туралы хабардар етіледі. 
 
      118-бап. Еңбек нормаларын әзірлеуге қойылатын талаптар 
 
      Еңбектің нормаларын әзірлеу кезінде: 
 
       1) еңбек нормаларының сапасы, оны қажетті еңбек шығындарына оңтайлы 
жақындату; 
 
       2) ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға 
бірыңғай еңбек нормаларын белгілеу
 
       3) еңбек нормаларының ғылым және техника жетістіктері негізіндегі 
прогрессивтілігі; 
 
       4) еңбек нормалары белгілене алатын және оны белгілеу орынды болатын жұмыс 
түрлерін еңбекті нормалаумен қамту; 
 
       5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз етілуге 
тиіс. 
 
      119-бап. Еңбекті нормалауды реттеудің ерекшеліктері 
 
      Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым 
ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау 
және келісу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 
 
   10-тарау. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ  
      120-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік 
 
                кепілдіктер 
 
      Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер: 
 
       айлық жалақының ең төменгі мөлшерін; 
 
       осы Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі 
мөлшерін; 
 
       еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын; 
 
       үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді; 
 
       мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді; 
 
       түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді; 
 
       жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді; 
 
       жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы 
мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды
 
       жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды. 
 
      121-бап. Жалақының мөлшері 
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау