Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет35/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61

 
өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі. 
 
      Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. 
N 9 
(2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      194-1-бап. Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа,
 
                  жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған
 
                  қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеудің
 
                  ерекшеліктері
 
      Егер бұл еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс 
берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті 
әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және 
босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған 
жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай 
отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы 
(балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.
 
      
Ескерту. 17-тарау 194-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013 
№ 75-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      195-бап. Балалардың күтіміне байланысты жалақы 
 
                сақталмайтын демалыс 
 
      1. Жұмыс беруші қызметкерге: 
 
       1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне; 
 
       2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне; 
 
      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған 
әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
 
       4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа 
толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге 
міндетті. 
 
       2. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 
демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметкердің жазбаша өтініші негізінде 
оның қалауы бойынша толық немесе бөлініп пайдаланылуы мүмкін. 
 
       3. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 
демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. 
 
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа 
толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы 
еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
 
      5. Бала үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын 
демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге өзінің 
ниеті туралы жұмыс басталуынан бір ай бұрын ескертуге міндетті.
 
      
Ескерту. 195-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   18-тарау. ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ  
 ЕҢБЕГІН РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
      196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты 
 
      1. Қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі 
жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс 
туралы еңбек шартын жасасуға құқылы. 
 
       2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде 
сілтеме болуы міндетті. 
 
      197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын 
 
                жасасуға қажетті қосымша құжаттар 
 


 
      Қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын 
жасасу үшін осы Кодекстің 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негізгі жұмыс 
орны бойынша еңбектің сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек 
жағдайлары) туралы анықтама табыс етеді. 
 
      198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жұмыс уақытының 
 
                ұзақтығы 
 
      Негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті 
жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс 
уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс. 
 
      199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жыл сайынғы 
 
                ақылы еңбек демалысы 
 
      1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін 
қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен 
қатар беріледі. 
 
       2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы 
еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса
жұмыс беруші қоса атқарушы - қызметкердің өтініші бойынша демалыс ұзақтығының 
айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс береді. 
 
      200-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын 
 
                жасасуды шектеу 
 
      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегіз жасқа толмаған 
қызметкерлермен және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлермен жасасуға тыйым салынады. 
 
      201-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс 
 
                берушінің бастамасы бойынша бұзудың қосымша 
 
                негіздері 
 
      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстің 54-бабында көзделген 
негіздерден басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзі үшін негізгі болып табылатын 
қызметкермен жасалынған жағдайда жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуы мүмкін. 
 
   19-тарау. АУЫР ЖҰМЫСТАРДА, ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ (ЕРЕКШЕ  
 ЗИЯНДЫ) ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАУІПТІ ЖҰМЫСТАРДА ІСТЕЙТІН  
 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
      202-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды 
 
                (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті 
 
                жұмыстарда істейтін қызметкерлердің жұмыс 
 
                уақытының қысқартылған ұзақтығы 
 
      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан 
аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. 
 
      2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, 
цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары 
зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оны 
берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау 
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындайды.
 
      
Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы 
 
      Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндірістердің, 
цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша 
еңбек демалысына құқық беретін ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше 
зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау