Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет4/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

 
қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға 
жіберу.
 
      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары мен 
терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
 
      
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.04.2015 
№ 311-V
 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
      2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
 
      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге 
де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 
 
       2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының 
басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау 
қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады. 
 
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы 
Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері 
қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану 
үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек 
қатынастарына тікелей қолданылады.
 
      3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
 
              мақсаты мен міндеттері 
 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және 
еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары 
тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен 
бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып 
табылады. 
 
       2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары 
тараптары мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсуге қол жеткізуге, өндіріс 
тиімділігі мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажетті құқықтық 
жағдайлар жасау болып табылады. 
 
      4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
 
              принциптері 
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері: 
 
       1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу; 
 
       2) еңбек бостандығы; 
 
       3) кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар 
түрлеріне тыйым салу
 
       4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына 
құқықты қамтамасыз ету; 
 
       5) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен 
денсаулығының басымдығы; 
 
       6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға 
құқығын қамтамасыз ету; 
 
       7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 
 
       8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 
 
       9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін 


 
қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; 
 
       10) әлеуметтік әріптестік; 
 
       11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу; 
 
       12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады. 
 
      5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуіне 
 
             жол бермеу 
 
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген 
жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің де еңбек саласындағы құқықтарына шек 
қойылмайды. 
 
      6-бап. Еңбек бостандығы 
 
      Әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын 
кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке 
қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар. 
 
      7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу 
 
      1. Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға 
тең мүмкіндіктері бар.
 
      2. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, 
дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық 
жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-
топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге 
болмайды.
 
      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын 
көрсететін жеке және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау 
үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды 
қамтитын ақпаратты орналастыруына тыйым салынады.
 
      3. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және 
құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше 
қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер 
кемсітушілік болып табылмайды.
 
      4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға 
жүгінуге құқылы.
 
      
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      8-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу 
 
      Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. 
 
       Мәжбүрлі еңбек, мынадай жұмыстарды: 
 
       жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін 
және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне 
берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бір адамнан соттың заңды 
күшіне енген үкіміне байланысты талап етілетін; 
 
       төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында талап етілетін жұмыстарды 
қоспағанда, қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қаупімен талап 
етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметін ұсынбаған кез-келген 
жұмысты немесе қызметті білдіреді. 
 
        
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.04.29. 
N 154-IV 
Заңымен. 
 
      9-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы 
 
      1. Осы Кодекс: 
 
        1) еңбек; 
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау