Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет14/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65

 
        2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерді басқа жұмысқа 
ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті 
өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. 
 
        3. Қызметкерді сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегі басқа 
құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс 
істеуді тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген өзгерістерге әкеп 
соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердің келісімін 
алу талап етілмейді. 
 
      42-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа 
 
              жерге ауыстыру 
 
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі 
көзделмесе, жұмыс беруші жұмыс берушінің басқа жерге көшетіні туралы қызметкерге 
кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. 
 
       2. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған 
жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің көшуіне байланысты осы Кодекстің 153-бабында 
көзделген өтемақы төлемдерін жасайды. 
 
       3. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас 
тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 1) 
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады. 
 
      43-бап. Өндірістік қажеттілік жағдайында басқа жұмысқа 
 
              уақытша ауыстыру 
 
      Өндірістік қажеттілік болған, оның ішінде жоқ қызметкерді уақытша алмастырған 
жағдайда, жұмыс берушінің қызметкерді оның келісімінсіз күнтізбелік жыл ішінде бір 
айға дейінгі мерзімге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегіне ақы төлеп, бірақ бұрынғы 
жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келісілмеген және 
денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін сол ұйымдағы, сол жердегі басқа жұмысқа 
ауыстыруға құқығы бар. 
 
      44-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа 
 
              уақытша ауыстыру 
 
      1. Жұмыс берушінің бос тұрып қалу жағдайында қызметкердің мамандығын, 
біліктілігін ескере отырып, оның келісімінсіз, күнтізбелік жыл ішінде бір айдан 
аспайтын мерзімге, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін басқа жұмысқа 
ауыстыруға құқығы бар. 
 
       2. Бос тұрып қалу жағдайындағы ауыстыру кезінде қызметкердің еңбегіне ақы 
төлеу орындалатын жұмыс бойынша, бірақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа айлық 
жалақысының кемінде үштен екісі мөлшерінде жүргізіледі. 
 
       Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан 
жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 
1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады. 
 
      45-бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа 
 
              уақытша ауыстыру 
 
      1. Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда көрсетілген 
мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Тараптардың келісімімен 
қызметкердің бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкін. 
 
      2. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттануына, 
кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты 
еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін не 
кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгіленгенше жұмыс беруші қызметкерді 
анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не Қазақстан Республикасының 
азаматтық заңнамасына, сондай-ақ еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес 
зиянның өтемін төлей отырып, оны жұмыстан босатуға міндетті. 
 


 
      3. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, 
кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де 
зақым келген кезде басқа жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде бас тартқан 
жағдайда қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 4) 
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
 
      
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      46-бап. Қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруды шектеу 
 
      Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен 
расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. 
 
      47-бап. Қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыру. 
 
              Лауазым (жұмыс) атауының өзгеруі 
 
      1. Құрылымдық бөлімшедегі, белгілі бір жұмыс орнындағы, механизмдегі немесе 
агрегаттағы жұмыстың өзгеше еңбек жағдайлары болуын қоспағанда, қызметкерді басқа 
жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға, не оған еңбек 
шартында келісілген лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде басқа механизмдегі 
немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға қызметкердің келісімі талап етілмейді. 
 
       2. Қызметкер үшін еңбек жағдайларын және (немесе) еңбек шартын өзгертуге 
әкеп соқпайтын қызметкер лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын 
өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз 
жүзеге асыра алады. 
 
      48-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі 
 
      1. Өндірісті ұйымдастырудағы, соның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі 
өзгерістерге және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, 
қызметкер еңбек шартында келісілген тиісті біліктіліктегі лауазым, мамандық немесе 
кәсіп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек жағдайларын өзгертуге жол 
беріледі. 
 
       Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық шартқа 
тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. 
 
        2. Егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі 
көзделмесе, жұмыс беруші қызметкерге және (немесе) оның өкілдеріне еңбек 
жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған 
өзгеруі туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. 
 
       Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс 
беруші - бар болса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәйкес келетін 
өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық 
жағдайы ескеріліп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен 
бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға міндетті. 
 
        3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан 
жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстің 59-бабы 
1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады. 
 
        4. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар қызметкерлердің санын 
немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыс берушінің жұмыс орындарын 
сақтау мақсатында, қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып, толық емес жұмыс 
уақыты режимін енгізуге құқығы бар. 
 
      Жұмыс беруші қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін 
толық емес жұмыс уақыты режимін тоқтатуды қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере 
отырып жүргізеді.
 
      
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау