Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет3/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65

 
санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер 
мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек 
процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
 
      56) қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда 
белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері 
қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен 
нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке 
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі 
туындайтын еңбек жағдайлары;
 
      57) қауіпті өндірістік фактор - қызметкерге әсер етуі еңбекке 
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндірістік жарақатқа немесе 
кәсіптік ауруға) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
 
      58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында 
еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
 
      59) қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек 
шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
 
      60) қызметкерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң 
органдары, ал олар болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысында 
(конференциясында) қызметкерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі 
қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен онда қызметкерлер сайлаған және 
уәкiлеттiк берген сайланбалы өкiлдер;
 
      60-1) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі 
мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік 
орта мен еңбек жағдайларының факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер 
жөніндегі зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар 
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі 
қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
 
      61) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке 
күндері;
 
      62) негізгі жалақы - жалақының тарифтік ставка, лауазымдық айлықақы, кесімді 
бағалау бойынша төлемді қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек 
заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында 
көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
 
      63) өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе 
жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік 
жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның 
еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға 
шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік 
фактордың қызметкерге әсер етуі;
 
      64) өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар 
және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
 
      65) өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, 
оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;
 
      66) өндірістік қажеттілік - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою 
немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып 
қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да ерекше 
жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкерді алмастыру үшін жұмыстар орындау;
 
      67) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік 
объектілерді (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс 
орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда 
орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, 


 
қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында 
бағалау жөніндегі қызмет;
 
      68) өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге 
әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары 
мен техникалық құралдар жүйесі;
 
      68-1) өрескел абайсыздық – қызметкердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік 
техникасы қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуына ықпал ететін 
әрекеттері;
 
      69) өтемақы төлемдері - жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, 
жұмысынан айрылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты 
шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
 
      69-1) разрядаралық коэффициент – сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтардың 
тарифтік мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;
 
      70) тарифтік жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда 
қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер 
негізінде сараланып айқындалады;
 
      71) тарифтік кесте - орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің 
біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік 
коэффициенттердің жиынтығы;
 
      72) тарифтік разряд - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау 
үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;
 
      73) тарифтік ставка (айлықақы) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі 
бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны 
үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері;
 
      73-1) татуластыру рәсiмдері – ұжымдық еңбек дауын алғашында татуластыру 
комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігінде, 
сондай-ақ медиация рәсімін қолдана отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша 
реттілікпен қарау;
 
      74) тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің 
қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;
 
      75) тәртіптік теріс қылық - қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ 
еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше 
орындамауы;
 
      76) тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз 
қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
 
      77) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды 
зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға 
арналған техникалық құралдар;
 
      78) ұжымдық шарт – әзірлеу мен жасасу тәртібі осы Кодекстің 282-бабында 
белгіленген, ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлердің 
уәкілеттік берілген өкілдері арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы 
жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
 
      79) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, 
жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс;
 
      80) хабарлама - қызметкердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге 
тәсілмен (курьерлік почта, почта байланысы, факсимильді байланыс және электрондық 
почта арқылы) берілген өтініштер;
 
      81) іссапар - жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан 
тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау