күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып
есептеледі.
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚҰЗЫРЕТІ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін
айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың,
акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға
сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекітеді;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.09.2014
№ 239-V
Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың
2-т.
қараңыз).
4) азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін айқындайды;
5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің
еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
6) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің
республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
7) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
8) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе,
мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін
бекітеді;
9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды
орындайды.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты
жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады,
сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және
қызметін тексеруді жүзеге асырады;
3) еңбек қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды
үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары
мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік
еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;
6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа
да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің
өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
8) еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi
ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
9) тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдарымен келісу бойынша барлық
қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық), еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен
нормативтердi әзірлейді және бекiтеді;
10) әкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары
атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
11) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек
нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
12) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар
қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және
келісу тәртібін белгілейді;
13) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық
келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
14) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
15) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және
объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
бақылауды жүзеге асырады;
16) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
17) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту
және қолдану тәртібін айқындайды;
РҚАО-ның ескертпесі!
16-бапты 17-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 27.06.2014
№ 212-V
Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
18) экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары мен
басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды және
келіседі;
19) тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының еңбек
жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн
белгілейді;
20) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы
ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшеріне құқық
беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындайды;
21) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру үшін комиссия құрады;
22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және
тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады;
23)
алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа
Достарыңызбен бөлісу: |