Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Күшін жойған
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексі. Күші жойылды -
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Кодексімен
Ескерту. Күші жойылды - ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексімен (01.01.2016 бастап
қолданысқа енгізіледі).
МАЗМҰНЫ
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың,
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік
органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік
қызметі;
2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда
істейтін және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру және мемлекеттік
органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
3) айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым
(онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және
жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін)
орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең
төменгі мөлшері;
4) арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік
факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;
5) ауыр жұмыстар – қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары)
қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына
байланысты әрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат
жұмсалатын) қызмет түрлері;
6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы
жұмыс;
7) әлеуметтік әріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс
берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек
қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері
бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара
қатынастар жүйесі;
8) бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) -
әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын және
республикалық, салалық және өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек
жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі
тараптардың міндеттемелерін айқындайтын құқықтық акт;
9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де
өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
10) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін
көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
11) бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру
жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы
келісім бойынша құрылатын орган;
12)
алып тасталды - ҚР 27.06.2014
N 212-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет
көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда
орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету
немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
15) еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға
қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам
қызметі;
16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық
шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін
сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар
жүйесі;
17) еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек
жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық
жалақысының сақталуына кепілдік берілген«ең төменгі мөлшері, бұған жұмыс
процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын
қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік
өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді;
18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен
еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық
шаралар мен құралдар кешені;
19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану,
келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші
актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер
(қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы
келіспеушіліктер;
20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі
көрсететін жәрдем;
21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету
аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық
жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-
аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек
қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек
шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін
Достарыңызбен бөлісу: |