Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет12/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65

 
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. 

320 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
      31-бап. Еңбек шартын жасасуға қажетті құжаттар 
 
      1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
 
      1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу 
туралы куәлiгi) қажет.
 
      Оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның 
аумақтық органдары берген оралман куәлігін ұсынады;
 
      2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан 
Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 
үшін) не босқын куәлігі;
 
      3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын 
жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік 
даярлығының болуы туралы құжат;
 
      4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
 
      5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға 
жататын адамдар үшін);
 
      6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті 
адамдар үшін);
 
       7) 
алып тасталды - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
 
      8) тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың 
көшірмесі;
 
      9) кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты 
ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамтамасыз ету, 
әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан 
кезде соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама қажет.
 
      2. Жұмыс беруші, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге 
құқылы емес.
 
      3. Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде сақталған 
не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін 
уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге құжаттарды қайтару туралы 
жазбаша міндеттеме береді.
 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.29 
N 74-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 
№ 153-V
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      32-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру 
 
              тәртібі 
 
      1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған 
тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс 
берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда 
расталады. 
 
        2. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер 
мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен 


 
жазбаша нысанда жүзеге асырады. 
 
       Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының 
бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап 
күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. 
 
        3. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым 
мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам немесе орган ұйымның құрылтай 
құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды. 
 
      33-бап. Жұмысқа қабылдауды ресімдеу 
 
      1. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс 
берушінің актісімен ресімделеді. 
 
        2. Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде қызметкерді актімен таныстыруға 
міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен 
куәландырылады. 
 
        3. Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің жұмыс беруші 
растаған көшірмесін беруге міндетті. 
 
      Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек 
тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек 
функциясына) қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.
 
      
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      34-бап. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар 
 
      Мына құжаттардың кез келгені:
 
      1) еңбек кітапшасы;
 
      2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар 
еңбек шарты;
 
      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының 
туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
 
      4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
 
      5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат 
растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер 
тізбесі);
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      Тоқтата тұру кезеңінде 5-1) тармақша жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 
N 106-V
 
(
4-т.
 қараңыз).
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      5-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен 
(01.01.2018 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      5-1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы 
қорларынан үзінді-көшірмелер немесе аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы 
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелер;
 
      5-2) жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік 
сақтандыру қорынан мәліметтер;
 
      6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама 
қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
 
      
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      35-бап. Еңбек кітапшасы 
 
      1. Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын 
құжат болып табылады. 
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау