жұмыс беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның
тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы
мәліметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні,
жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);
жұмыс беруші заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, жұмыс беруші заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні,
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның тұрақты
тұрғылықты жерінің мекенжайы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер,
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру
нөмірі;
2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек
функциясы);
3) жұмыстың атқарылатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше
зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының
сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12) кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
13) сақтандыру жөніндегі талаптар;
14) тараптардың жауапкершілігі;
15) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
1-1. Тараптардың деректемелері өзгерген кезде еңбек шартына тиісті өзгерістер
енгізіледі.
2. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің
жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады және
қолданылмауға тиіс.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014
N 212-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
29-бап. Еңбек шартының мерзімі
1. Еңбек шарты:
1) белгіленбеген мерзімге;
2) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
Еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған
болып есептеледі.
Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен еңбек
шарты, ол атқаратын еңбек функциясы бойынша қайтадан жасалған жағдайда, ол да
белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
Осы тармақшаның екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережелерi:
шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуына
жергілікті атқарушы органның рұқсаттары негізінде, сондай-ақ еңбек көшіп келушісіне
ішкі істер органдары беретін рұқсат негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын
адамдарға;
дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының шетелдік қызметкерлеріне
қолданылмайды.
Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген
кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір
мерзімге жасауға тыйым салынады.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі
соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса,
онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;
2-1) осы тармақтың 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды
қоспағанда, жұмысқа алғаш кірген жас маманмен екі жылдан кем емес белгілі бір
мерзімге;
3) белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;
4) жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына;
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына;
6) шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға
жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп
келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін
мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін.
2. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы
жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың
келісімінде белгіленген мерзімге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-тармағында
белгіленген ережелер қолданылмайды.
3. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10.12.2013
№ 153-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2015
№ 286-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015
№
337-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері
1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
2. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап
алушысының жазбаша келісімімен:
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда,
он бес жасқа толған азаматтармен;
2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін
бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында,
цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей,
шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2)
тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған
адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке
толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе
асырап алушысы қол қоюға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |