Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет53/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65

 
      1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің 
еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған 
ережелерді, рәсімдер мен нормативтерді қамтуға тиіс. 
 
      2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз 
қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
талаптарды орындауға міндетті.
 
      
Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      309-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
 
               саласындағы мониторинг және тәуекелдерді
 
               бағалау
 
      Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік 
жарақаттануды азайту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және еңбек инспекциясы жөніндегі 
жергілікті орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және 
тәуекелдерді бағалауды ұйымдастырады.
 
      
Ескерту. 309-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
 
   34-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ  
 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІКТЕРІ  
      310-бап. Еңбек шартын жасасу кезінде еңбек қауіпсіздігі 
 
                және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін 
 
                кепілдіктер 
 
      1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса 
алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан 
Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайлардағы 
жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге 
тиіс. 
 
      2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін қызметкерлермен 
еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық 
актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ 
екендігі айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс. 
 
      311-бап. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек 
 
                қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына 
 
                берілетін кепілдіктер 
 
      1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары ұлттық 
стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер 
талаптарына сәйкес болуға тиіс. 
 
       2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны 
(лауазымы) және орташа жалақысы сақталады. 
 
       3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей 
қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік 
және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды. 
 
      4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану 
құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек 
міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған 
іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті. 
 


 
      5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян 
келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда 
жүргізіледі.
 
      
Ескерту. 311-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 
№ 31-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      312-бап. Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру 
 
      1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті 
еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан 
Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден 
және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. 
 
      2. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты 
жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге 
тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің 
тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 
 
      313-бап. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
 
                қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру 
 
                және білімдерін тексеру 
 
      1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері 
бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты 
есебінен жүргізеді. 
 
       2. 
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
       3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс 
беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және 
білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. 
 
      4. Өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың еңбек қауіпсіздігін және 
еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мерзімділікпен, үш жылда бір 
реттен сиретпей кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың 
біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.
 
      Оқудан және білімін тексеруден өтуге тиіс адамдардың тізімі жұмыс берушінің 
актісімен бекітіледі.
 
      Ескерту. 313-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 
№ 269-V
 
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
   35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК  
 ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН  
 МІНДЕТТЕРІ  
      314-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
 
                қорғау құқықтары 
 
      Қызметкердің: 
 
       1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс 
орнына; 
 
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек 
шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз 
етілуге; 
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау