3. Татуластыру комиссиясы қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын
құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды.
Татуластыру комиссиясының
талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн
ұзарту тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
4. Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы қызметкерлермен
(олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлердің бiрлестiгiмен (олардың
өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi тұлғалармен
консультациялар жүргiзедi.
5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың
өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және
татуластыру комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде
орындалады.
6. Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы
тоқтатылады, ал дауларды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.
Ескерту. 292-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
293-бап. Еңбек арбитражы
1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссиясының
жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек
қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия
мүшелерінің
қатысуымен құрады.
2. Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын
қараудың тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде бес
адамнан құрылуға тиіс. Еңбек арбитражының құрамына
қоғамдық бірлестіктердің
өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар
енгізіледі.
3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан
сайлайды.
4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары
өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар
өкілдерінің де қатысуымен қарайды.
5. Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы
тараптарының назарына жеткізеді.
6. Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен
кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек
арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның
дауысы шешуші болып
табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің
барлығы қол қоюға тиіс.
7. Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне қол
жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген
ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде құрылуға тиіс.
8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға
міндетті болады.
294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау
1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек дауы
тараптарының келісімі бойынша айқындалады.
2. Тараптар өздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретінде
белгілейді. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық,
өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек
дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың,
қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен
қызметкерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.
Делдалды таңдау жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша
келісім алынуға тиіс.
295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша
келісімге қол жеткізуінің салдарлары
1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың (медиатордың)
қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда,
аяқталмаған татуластыру рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар
арасындағы келiсiмнiң
шарттары дауды шешудiң шарттары деп есептеледi.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша нысанда
ресiмделедi.
2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл
жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.
Ескерту. 295-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
296-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты
кепілдіктер
Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі
келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі
жұмысынан
босатылады.
Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге
қатысатын өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тәртіптік жазаға тартылмайды,
басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне уәкілеттік берген
органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша олармен еңбек
шарты бұзылмайды.
297-бап. Тараптардың және бітімгерлік органдарының
ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі
міндеттері
1. Тараптардың ешқайсысы бітімгерлік рәсімдерге қатысудан жалтаруға құқылы
емес.
2. Ұжымдық еңбек дауындағы реттелмеген келiспеушiлiктер жазбаша түрде
тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
3. Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болуына
байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін
болмаса, қызметкерлердің талаптары ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік
иелері шетелдік жеке немесе
заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдік қатысуы бар ұйымдардың мүлік
меншік иелеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне табыс
етіледі.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетілген рәсімдердің нәтижелерімен
келіспеген жағдайда, қызметкерлер өз мүдделерін
қорғаудың заңда көзделген, ереуіл
өткізуге дейінгі өзге де барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы.
Ескерту. 297-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi).
298-бап. Ереуіл өткізу құқығы
1. Егер бітімгерлік рәсімдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол
жеткізілмесе, сондай-ақ жұмыс беруші бітімгерлік рәсімдерден жалтарған не ұжымдық