бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік
орган айқындайды. Әр түрлі экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының
және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті
қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органмен келісе отырып әзірлейді және бекітеді.
126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелері
1. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы
төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек
нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде
қалыптастырылуы мүмкін.
Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды),
тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды.
Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты
қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және
олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді.
Еңбекке ақы төлеудің аралас жүйесінде еңбекке ақы төлеудің тарифтік және
тарифсіз жүйелерінің элементтері қамтылуы мүмкін.
2. Жұмыс беруші қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстың
сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін сыйлықақы беру жүйесін және еңбекке
ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.
3. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелері
ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе)
жұмыс берушінің
актілерінде айқындалады.
4. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке
алмағанда, қызметкерлердің орташа айлық жалақысының кемінде 75 проценті болатын
негізгі жалақы үлесін (жалақының негізгі бөлігіне қатысты) қамтамасыз етуге тиіс.
5. Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы
(бюджеті) есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
6. Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен
акционерлік қоғамдар басшыларының еңбегіне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру
шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің негізінде
айқындалады.
7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым
ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы
төлеу жүйесін қараудың және келісудің тәртібін
еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде
айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда
нашар бола алмайды.
127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу
Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердің
тарифтік ставкасын (лауазымдық айлықақысын) негізге ала отырып кемінде біржарым есе
мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы
жұмысқа қызметкердің тарифтік ставкасын (лауазымдық айлықақысын)
негізге ала отырып
қызметкердің белгіленген тарифтік ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемінде
елу проценті мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
128-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы
төлеу
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық)
ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.
129-бап. Түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу
Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы
негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.
130-бап. Әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде
еңбекке ақы төлеу
Қызметкер әр түрлі біліктілік жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегіне
неғұрлым жоғары біліктілік жұмысы бойынша ақы төленеді.
Жоғары біліктілік қызметкеріне өндіріс сипатын ескере отырып оған
тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетін жұмысты орындау тапсырылған жағдайда,
еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған біліктілік (разряд) бойынша жүргізіледі.
131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының
кеңеюі) және уақытша болмаған қызметкердің
міндеттерін орындау кезінде еңбекке ақы төлеу
1. Бір ұйымда, өзінің еңбек шартында қарастырылған негізгі жұмысымен қатар
басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған
қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын
қызметкерлерге
қосымша ақы
төленеді.
2. Жұмыс беруші лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюі)
және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін берілетін қосымша
ақылар мөлшерлерін қызметкермен келісе отырып белгілейді.
Ескерту. 131-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
132-бап. Жаңа өндірістерді (өнімдерді) игеру кезінде
еңбекке ақы төлеу
Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндірістерді (өнімдерді)
игеру кезеңінде қызметкердің бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуі мүмкін.
133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыстың бос тұрып
қалу уақытына ақы төлеудің
тәртібі мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердің
орташа жалақысының елу процентінен кем емес мөлшерде белгіленеді.
2. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс.
134-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда
айына
кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.
Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен
(01.01.2018 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі
тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап
қалулардың мөлшерлері мен
негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы
жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді
жазбаша түрде ай сайын хабарлауға міндетті.
3. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем
олардың қарсаңында жүргізіледі.
4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де