Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет23/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65

 
        2) оқу демалысы; 
 
      3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар беріледі.
 
      
Ескерту. 100-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      101-бап. Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының
 
                ұзақтығы
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары 
үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және 
жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы 
күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы 
беріледі. 
 
      
Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      102-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 
 
      1. Мыналарға: 
 
      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн 
болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі; 
 
      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік 
он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі. 
 
      2. Қызметкерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және 
оның ең төменгі ұзақтығы Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін. 
 
       3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, 
маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды 
орындағаны үшін көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар 
белгіленуі мүмкін. 
 
      103-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын 
 
                есептеу 
 
      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдері 
мен кестелеріне қарамастан, еңбек демалысы күндеріне тура келетін мереке күндері 
есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі. 
 
       2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл сайынғы 
қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте 
жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейді. 
 
      104-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық 
 
                беретін жұмыс стажын есептеу 
 
      Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына: 
 
       1) нақты жұмыс істелген уақыт; 
 
       2) қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен 
жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт; 
 
       3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның ішінде жүктілігіне және 
босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт; 
 
      4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт 
қосылады.
 
      
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру 
 
                тәртібі 
 


 
      1. Қызметкерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы 
ақылы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген 
уақытында беріледі. 
 
       2. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек 
демалысын беру ерекшеліктері осы Кодекстің 213-бабында белгіленеді. 
 
       3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы 
келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. 
 
       4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстің 108-бабының 3-тармағындағы 
талаптар сақтала отырып, осы Кодекстің 108 және 109-баптарында белгіленген 
жағдайларда және тәртіппен ауыстырылады, ұзартылады, үзіледі. 
 
      5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтізбелік үш 
күннен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда - ол 
берілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
 
      
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру 
 
                кезеңін айқындау 
 
      Жұмыс жылы қызметкердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген он екі айды 
құрайды. 
 
      107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру 
 
                кезектілігі 
 
      1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезектілігі жұмыс 
беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін демалыс кестесінде 
белгіленеді не тараптардың келісімімен белгіленеді.
 
      2. Демалыс кестелері өндірістік қажеттілікке байланысты өзгертілген жағдайда 
жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемінде екі апта 
бұрын хабарлауға міндетті.
 
      
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      108-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың 
 
               жағдайлары мен тәртібі
 
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы: 
 
       қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға 
байланысты демалыста болған; 
 
      егер бұл үшін заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы 
еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе 
оның бір бөлігі ауыстырылады. 
 
       2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бөлігі) қызметкердің жазбаша 
келісімімен немесе оның өтінуі бойынша ауыстырылады. Ауыстырылған еңбек демалысы 
тараптардың келісімі бойынша келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе 
қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта бөлек берілуі мүмкін. 
 
      3. Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
 
      
Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып 
 
                алу 
 
      1. Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің жазбаша 
келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы 
еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды. 
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау