Қазақстан Республикасының еңбек құқығы


Жеке еңбек шарты. Еңбек даулары



жүктеу 45,35 Kb.
бет4/21
Дата16.01.2022
өлшемі45,35 Kb.
#32623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Құқық негіздері. 4-тақырып

Жеке еңбек шарты. Еңбек даулары.

Қоғамдық еңбек қатынастары саласында құқықтық еңбек қатынастары ерекше маңызға ие. Құқықтық еңбек қатынастарының мынандай ерекше белгілері бар: 1) қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді; 2) қызметкердің еңбек ұжымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен жұзеге асырылады; 3) қызметкер өзі жұмыс жасайтын ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті; 4) қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқаруы еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.

Еңбек құқығы пәнінен құқықтық еңбек қатынастарынан туындайтын және олармен тығыз байланысты қатынастарда жатады. Осындай қатынастар қатарына мынандай қатынастарды жатқызуға болады: 1) жұмысқа орналасу жөніндегі қатынастар; 2) ұйымдастыру-басқару; 3) әлеуметтік-экономикалық; 4) өндірістегі кәсіби дайындық және біліктілік дәрежесін көтеру жөніндегі; 5) тәртіптік жазалар қолдану мен материалды шығынды, зиянды орнына келтіру; 6) еңбек туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау мен бақылау жөніндегі; 7) еңбек дауларын қарау жөніндегі қатынастар.

Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарына құқықтық сипат беретін нормативті құжаттардың бірі - еңбек шарты болып табылады. Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс берушіге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады.

Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. Еңбек кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. 25-баптың 2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген адамдар санатының талабы бойынша жұмыс беруші бас тарту себебін жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу фактісі анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.




жүктеу 45,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау