Отраслевое соглашение



жүктеу 495,49 Kb.
бет1/2
Дата24.01.2018
өлшемі495,49 Kb.
#7896
  1   2


Автомобиль жолдары саласында әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қарым-қатынастары бойынша салалық комиссияның

2017 жылғы «20» желтоқсандағы № 2

хаттамасымен мақұлданды

2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінде

2018 жылы «8» қаңтардағы № 31 тіркелді

Астана, 2018 жыл


2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы

Салалық келісім



Мазмұны


  1. Жалпы ереже

  2. Келісімнің қызмет ету мерзімі, Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  3. Келісімнің қызмет ету аясы

  4. Тараптардың өз ара қарым-қатынастары мен міндеттері

  5. Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды қарастыру тәртібі

  6. Әлеуметтік әріптестікті және салалық диалогты дамыту

  7. Еңбекке ақы төлеудің негізгі принциптары

  8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты

  9. Әйелдер еңбегі

  10. Жастардың еңбек жағдайы мен әлеуметтік кепілдіктер

  11. Әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылар мен жеңілдіктер

  12. Жұмыспен қамту

  13. Біліктіліктің салалық шеңберін бекіту тәртібі

  14. Қауіпсіздікті және еңбекті қорғау жөніндегі Кеңес қызметі және оны қалыптастыру тәртібі

  15. Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оны шешу жөніндегі Кеңес қызметі және оны қалыптастыру

  16. Әлеуметтік-еңбек даулары мен ереуілдердің алдын алу және оларды болдырмау бойынша іс-шаралар

  17. Келісімді, ұжымдық шартты әзірлеу және оны қабылдау жөніндегі бақылау тобының құзыреттілігі мен қызметі, оны қалыптастыру тәртібі

  18. Кадрлар әлеуеттілігі мен біліктіліктерін дамыту жөніндегі үйлестіру орталығының қызметі және оны қалыптастыру тәртібі

  19. Әлеуметтік қорғау және кепілдікті қамтамасыз ету

  20. Еңбек заңнамаларының сақталуына қоғамдық бақылау

  21. Келісімнің орындалу барысына бақылау жасау

  22. Тараптардың жауапкершілігі

  23. Қорытынды ереже


1. Жалпы ереже
1.1 Осы Салалық келісім (бұдан әрі - Келісім) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және Тараптардың мүдделерін келісу мақсатында бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігі атынан Жеңіс Махмудұлы Қасымбек, «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» (бұдан әрі - Кәсіподақ) қоғамдық бірлестігі атынан Оразғали Төлепбекұлы Ахметбаев және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Жұмыс беруші) атынан Ермек Әнуарбекұлы Қизатов арасында жасалған.

1.2. Келісім жол саласының квазимемлекеттік сектор субъектлерінің (бұдан әрі - Субъект) жұмыскерлеріне және олардың жанұя мүшелеріне экономикалық және әлеуметтік кепілдіктер тағайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес еңбек және ұжымдық шарт жасасқан кезде Жұмыс берушінің қоры есебінен өсуге Жұмыс беруші мен еңбек ұжымының құқықтарын шектемейді.

1.3 Осы Келісімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілері (Жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі;

2) салалық комиссия – әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін сәйкес шешімдермен рәсімделетін, Тараптардың орындаулары міндетті болатын консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты әрекет ететін орган;

3) салалық келісім - тараптардың салалық деңгейдегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;

4) ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен Жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нышанындағы құқықтық акт. Ұжымдық шарт ұйымдарда, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін. Ұжымда бір ғана ұжымдық шарт жасалады;

5) еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал Жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, Жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндетті;

6) жұмыскер – Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

7) Жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

8) жұмыс берушінің өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе Жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттілік берілген жеке және (немесе) заңды тұлға;

9) жұмыскердің өкілдері – кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердің (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкілеттілік берілген сайланбалы өкілдер;

10) татуластыру комиссиясы – Жұмыс беруші мен Жұмыскердің (олардың өкілдерімен) арасында тараптарды татуластыру жолымен ұжымдық еңбек дауларын реттеу үшін құрылған орган;

11) татуластыру тәртібі - ұжымдық еңбек дауларын сатылай бірінші татуластыру комиссиясында, онда келісімге қол жеткізбеген жағдайда – еңбек арбитражында қарау, сондай-ақ тараптардың өз ара келісімі бойынша делдалдық процедурасын қолдану;

12) еңбек дауы (шиеленіс) – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, Жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;

13) еңбек арбитражы – татуластыру комиссиясымен келісімге қол жетпеген жағдайда уәкілетті тұлғаларды тарта отырып ұжымдық еңбек даулары тараптарымен құрылған уақытша әрекет ететін орган;

1.4. Әлеуметтік әріптестік келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасау;

2) әлеуметтік, еңбек және осыларға байланысты қатынастарды реттеу бойынша сапалы механизмдер құру;

3) барлық тараптардың мүдделерін объективті есепке алу негізінде салаларда әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету;

4) еңбек саласында жұмыскерлердің құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;

5) жұмыскерлердің біліктіліктерін және кәсіби деңгейлерін жоғарылату;

6) ең тиімді мәмілеге қол жеткізу мақсатында әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында барлық деңгейдегі консультациялар мен келіссөздер процессіне ықпал жасау;

7) ұжымдық еңбек дауларын бейбіт жолмен шешуге ықпал жасау;

1.5. Келісім мынадай принциптерге құрылған:

1) Тараптардың еңбек құқығы нормалары бар еңбек заңнамаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді сақтау;

2) Тараптар мүдделерін сыйлау;

3) талықыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі және қабылданатын шешімдердің жариялылығы;

4) Тараптардың өзара міндеттер қабылдауына еріктілігі мен уәкілеттілігі және олардың орындалуының нақтылығы;

5) Келісім бойынша қабылданған міндеттердің Тараптар, олардың өкілдері кінәсінен орындалмағаны үшін жауапкершілігі;

6) Келісімнің орындалуы және оның орындалуына бақылау жасаудың міндеттілігі;

7) әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайтуға мемлекеттің ықпалы;


2. Келісімнің қызмет ету мерзімі.

Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі
2.1. Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 3 жыл мерзімде әрекет етеді. Келісімге жасалған барлық қосымшалар оның ажырамайтын бөлігі болып табылады және бірдей заң күшіне ие.

2.2. Көрсетілген күнге дейін Келісімнің әрекет ету мерзімі аяқталып, жаңа Келісім жасалмаса осы Келісім автоматты түрде ұзарған болып табылады, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге.

2.3. Келісімнің әрекет ету мерзімінде әлеуметтік әріптестіктің барлық Тараптарынан жеке қосымша түрінде рәсімделген өзертулер мен толықтырулар енгізулері мүмкін және ол осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады, сондай-ақ жұмыскерлерге мәлімет үшін хабарланады.

2.4. Тараптардың ешқайсысы осы Келісімнің әрекет ету мерзімінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 404-бабын (Шартты орындаудан біржақты бас тарту) қоспағанда өздеріне қабылданған міндеттемелерді біржақты тәртіпте тоқтата алмайды.



3. Келісімнің қызмет ету аясы


    1. Келісім осы Келісімнің қатысушылары ұсынған Қазақстан Республикасы Саласының жұмыскерлері мен Жұмыс берушілеріне тарайды.

    2. Келісімнің ережесі оған қол қойған тараптардың, сондай-ақ осы Келісімге қосылған Жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге орындаулары үшін міндетті болып табылады.

    3. Келісім Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген тәртіпте тараптардың құқықтары аясында өзара міндеттемелерін реттейді және ұжымдық шарт жасақан кезде міндетті негіз болып табылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы еңбек заңнамаларымен салыстырғанда оның мазмұны жұмыскерлердің жағдайын төмендетпеуі қажет.

    4. Осы Келісім тараптарының өкілдері өзгерген жағдайда оның құқығы мен міндеттері Келісім бойынша оның құқықтық мұрагеріне немесе өкілдің міндетін атқару жүктелген органға беріледі, және Келісімнің іс-әрекет ету мерзімі біткенге дейін сақталады.

    5. Жұмыскерге бір уақытта бірнеше Келісім әрекеті таратылатын болса, жұмыскерге Келісімнің жайлы жағдайы қолданылады.

    6. Ішкі құжаттарда жұмыскер үшін Келісімдегі жағдайдан басқа жайлы жағдай қарастырылған болса онда жұмыскер үшін ең жайлы жағдай қолданылады (жұмыскердің өтініші бойынша).

    7. Келісімнің әрекет ету мерзімінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен жұмыскердің жағдайын жақсартатын мәселелер Келісімнің күшіне енген күннен бастап осы тармақтарының іс-әрекетін күшейтеді.

    8. Осы Келісіммен салыстырғанда жұмыскердің жағдайын төмендететін ұжымдық және еңбек шарттарындағы ержелер жарамсыз деп табылады.

    9. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыскердің жағдайы төмендейтін болған жағдайда осы Келісімнің шарттары әрекет етеді.


4. Тараптардың өз ара қарым-қатынасы және міндеттері
4.1. Тараптар келісті:

1) осы Келісімнің 1.5-тармағында көрсетілген принциптерді басшылыққа алу;

2) саланың дамуындағы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде басымдылық бағытта қызмет ету;

3) мемлекеттік басқару органдарында, соттарда жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік және осылармен байланысты экономикалық құқықтарын қорғауға, тиісті құқықтық актілер, келісімдер, бағдарламалар, ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

4) сұрау салған мәселелер бойынша заңнама талаптарын сақтай отырып әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер бойынша бір-біріне толық және уақытылы ақпараттар беруге;

5) заңнамамен және осы Келісіммен бекітілген жұмыскерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер беруді қамтамасыз етуге және ұжымдық шарт жасаған кезде осы кепілдіктердің аясын кеңейтуде жұмыскер мен Жұмыс берушінің құқығын шектемеуге;

6) даулы жағдайды шешкен кезде Қазақстан Республикасы заңнамаларын мүлтіксіз сақтау, әлеуметтік жауапкершілік, өзара сыйластық принциптерін басшылыққа алу;

7) ұжымдық еңбек дауларының туындауына әкеліп соғатын себептер мен мән-жайларды болдырмау үшін сақтандыратын шараларды қолдану;

4.2. Жұмыс беруші:

1) осы Келісімді жүзеге асыруға жағдай жасайды, ұсыныстарды қарастырады, келіссөздер, консультациялар жүргізеді және жұмыскерлер атынан олардың өкілдерімен тиісті салалық Кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасады, Кодекспен қарастырылған тәртіппен басқа да міндеттерді орындайды;

2) Келісімнің әрекет ету мерзімінде Субъектінің экономикасын тұрақтандыру, өндірістің құлдырауының алдын алу, бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жергілікті еңбек ресурстарын тарта отырып жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қажетті шараларды қабылдайды;

3) өздігінен немесе өзінің уәкілетті органдары (кеңес, одақ, бірлестік) арқылы Кәсіподақпен бірлесе отырып Субъектінің қаржылық сауығуы, олардың төлем жүргізуге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы мемлекеттік органдарға ұсыныс жасайды және әзірлейді, олардың орындалуына қол жеткізеді;

4) әкімшілік кеңестің құрамына жұмыскерлердің өкілдерін қосады;

5) жұмысқа жаңа жұмыскерлер қабылддаған кезде осы Келісімнің бар екені туралы хабардар етеді, оларды ұжымдық шартпен және оның қосымшаларымен , олардың әрекет ету тәртібімен, сондай-ақ оларға қатысы бар әлеуметтік-еңбек құқықтары мен функционалдық міндеттері туралы Жұмыс берушінің актілерімен таныстырады;

6) қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі Өндірістік кеңес құрамында Кәсіподақпен бірлесе отырып еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарының жағдайы мен еңбекті қорғауды тексерулерді жүргізуді жүзеге асырады;

4.3. Кәсіподақ:

1) ұжымда жайлы еңбек қатынастарын орнатуға, еңбек тәртібін нығайту, басқару және шаруашылық қызметте жаңа әдістерді енгізу мәселелері бойынша Жұмыс беруші мен еңбек ұжымының атынан Кәсіподақтың бастауыш ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа ықпал жасайды;

2) өндіріс сапасының көтерілуіне, жаңа техниканы енгізуге, өнім сапасын жақсартуға, салалар бойынша ұйымда кірістің өсуіне, сондай-ақ өзінің өкілеттілігі шеңберінде осы Келісімнің ережелерін жүзеге асырады;

3) жұмыскердің ішкі еңбек тәртібін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтау мәселелері бойынша Жұмыс берушіге көмектеседі, жұмыскерлерге қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесі бойынша түсінік береді және тұрақты әлеуметтік диалог негізінде келіссөздер жүргізеді;

4) Кодекстің, ұжымдық шарттың және осы Келісімнің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде осы Келісімде бекітілген тәртіппен сала ұйымдарындағы жұмыскерлерге жұмыспен қамту, еңбекке ақы төлеу, еңбекті қорғау барысында кемсітушілік көрсетпеу;

5) Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамында Жұмыс берушімен бірлесе отырып қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі, өндірістік травматизм мен кәсіби аурулардың алдын алу талаптарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмыс орынының жағдайы мен еңбекті қорғауды тексеру жүргізуге, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын жетілдіруді жүзеге асырады;

6) салауатты өмір салтын насихаттау, жұмыскерлерді, аз қамтылған отбасыларын, жұмыс істеп жүрген мүгедектерді профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, сондай-ақ жұмыскерлерді санатриялық-курорттық емдеуді, жұмыскерлердің балаларына демалыс пен сауықтыру жұмыстарын жүргізеді;

7) Сала Кәсіподағы мүшелерінің, Қазақстан Республикасының заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің, сондай-ақ Кәсіподақ бастауыш ұйымдары бар Субъектінің заңды құқықтарын қорғайды;

8) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, оларға құқықтық және консультациялық көмектер көрсетеді, еңбек қатынастары аясында Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылықтарын көтеру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

9) Кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын жұмыскердің Жұмыс берушімен ара қатынастарын олардың өтініштері негізінде мүдделерін қолдайды.

10) Саланың жұмыскерлерін әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша қабылданған шаралар мен шешімдер туралы хабардар етеді.

11) Келісімнің әрекет ету мерзімінде Жұмыс беруші Келісім мен ұжымдық шарт негізінде қабылданған өз міндеттерін толық орындаған жағдайда еңбек шиеленістерін, ереуілдердің алдын алу және жұмысты тоқтатуды (тоқтата тұру) болдырмау үшін шаралар қолданады;

12) Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген ереуілдер, бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Кәсіподақтың алқалы органы қабылдаған шешім туралы және жоспарланып отырған ұжымдық іс-әрекеттер туралы Жұмыс берушіні хабардар етеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қауіпті өндірістік объектілерге жататын ұжымдардағы ұжымдық еңбек дауларын шешеді, оның ішінде татуластыру процедураларын қолдану арқылы ереуілдерді болдырмау мақсатында;

14) жеке еңбек дауларын, ұжымдық еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының құрамында, сондай-ақ татуластыру комиссиясы мен еңбек арбитражы құрамына қатысады;

15) комиссия, жұмыс тобы жұмысында еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты нормативтік-құқытық актілерді дайындауға қатысады;

16) Субъекті Кәсіподақтың кәсіби сайланбалы органдарымен бірге;

- Саланың даму бағытындағы басымдылық мәселелері бойынша Кәсіподақ мүшелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

- Субъектінің басшыларына еңбек қатынастары аясында туындаған проблемаларды жеткізеді;

- Субъектінің еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту бойынша салалық мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру барысына қатысу;

17) бірлесе қабылданған шешімдерді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (баспасөз, теледидар және радио) ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

18) жұмыскерлерді дайындау және жұмыскерлердің біліктіліктерін көтеру жүйесін нығайтуға ықпал етеді.

4.4. Министрлік:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде Субъектіге мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін шешеді және қарастырады:

1) Сала жұмыскерлерін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және жүзеге асырады;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауға қатысады;

3) белгіленген тәртіпте консультативтік-кеңестік органдарда, конкурстық комиссияларда, заң шығарушы жұмыс тобында, салалық бағдарламаларды әзірлеу және қабылдауды қалыптастыруда, Саланың дамуының әлеуметтік мәселелерімен байланысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жобасын қабылдауда қатысады;

4) Субъектімен ұжымдық шарт жасасуларына ықпал жасайды;

5) қызмет мәні жол қызметі болып табылатын Субъектінің жұмыскерлеріне еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандартын (бұдан әрі -ЕАТС) есептеу үшін арттырушы салалық коэффицентті пайдалану, сондай-ақ құрылыс, қайта құру, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары, автомобиль жолдарын ұстау коэффициент – 1,2 және көгалдандыру жұмыстарын орындау;

6) жұмыскерлердің біліктіліктерін көтеру және дайындауға ықпал жасау, қосымша жұмыс орындарын ашу;

7) демеушілік көмек (әлеуметтік шығындар) ретінде бөлінетін қор лимитін көбейту есебінен таза кірістің сомасынан 15% артық емес көлемде Субъекті жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету;

8) Кәсіподақ пен Жұмыс берушінің ұсынысы бойынша Сала жұмыскерлерін мемлекеттік наградаларға ұсыну, сондай-ақ кәсіби мерекелеріне орай еңбектері үшін көтермелеу;

9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың себеп-салдарына талдау жасау, олардың алдын алу, жыл қорытындысы бойынша шыққан нәтижені Кәсіподаққа мәлімдеу;

10) Субъектіде 5 және одан да көп адам қайтыс болған жазатайым оқиғаны тексеруге қатысу;

11) ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысу.

4.5. Әлеуметтік әріптестік Тараптары басқа да міндеттерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қаралады және сала ұйымдарының ұжымдық шарттарын жасасқан кезде нақтыланады;
5. Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды қарастыру тәртібі
5.1. Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеу және жүзеге асыруды үйлестіруші Министрлік болып табылады.

5.2.Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеу, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің бастамашысы Келісімнің кез келген Тараптары бола алады.



5.3. Салалардың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының мазмұны бойынша ұсыныстарды Салалық комиссия қарайды, ол өздерінің соңғы келісілген позицияда ұжымдық келіссөздер мен өзара консультациялар жүргізеді.
6. Әлеуметтік әріптестік салалық диалогты дамыту










    1. Тараптар алдағы уақытта әлеуметтік әріптестікті дамытуды қамтамасыз ету қажет деп есептейді, әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі мәселелері, салада әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша шешім қабылағанда оның мүмкіндіктерін сапалы пайдалану қажет.

    2. Тараптар әлеуметтік әріптестіктің негізгі мақсаты еңбек дауларын болдырмау, жұмыскерлерге олардың құқықтарын түсіндіру, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесін жетілдіру, әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық-шарттық реттеу принциптарын енгізу болып табылатынын мойындайды.

    3. Тараптар мынадай келісімге келді, салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік, оның ішінде Тараптардың мүдделерін консультациялар және келіссөздер жүргізу арқылы келісуді Салалық комиссия қамтамасыз етеді. Салалық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген өз уәкілеттілігі шеңберінде Келісімді әзірлеуге және қабылдауға қатысады.

    4. Министрлік Салалық комиссияның құрамын әлеуметтік әріптестік Тараптарымен келісе отырып бекітеді. Салалық комиссияның жеке құрамын әр Тарап өздері қалыптастырады.

    5. Салалық комиссияның шешімі барлық Тараптардың келісімге қол жеткізген жағдайда ғана қабылданады және тиісінше хаттамамен рәсімделеді.

    6. Тараптар әлеуметтік әріптестікте:

  1. Салалық комиссия жұмысына қатысу;

  2. Келісім жобасын және оның қорытындысын әзірлеу;

  3. еңбек қатынастарын және осыған байланысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамаларын жетілдіру және еңбек саласында жұмыскерлердің құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету, басқа да қатынастарды реттеу мәселелері бойынша өзара консультациялар (келіссөздер) жүргізу;

  4. Кодекспен, ұжымдық шартпен және ұйымның жарғысымен қарастырылған уәкілеттілігі шеңберінде жұмыскерлердің немесе олардың өкілдерінің Субъектісін басқаруға қатысуларын қамтамасыз етеді;

    1. Тараптар өкілдерінің осы Келісімді жасау, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша өткізілетін келіссөздерге қатыспай жалтаруларына немесе Келісімге қол қоюдан бас тартуға, келіссөздер жүргізу мерзімін бұзу және осы комиссияның жұмысын қамтамасыз етпеуі, келіссөздер жүргізуге және Келісім ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру бойынша қажетті ақпараттарды бермеуі оларды Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіпте жауапкершілікке тартады.

    2. Салалық комиссияның шешімі комиссия құрамының үштен екісі қатысқанда құқылы деп есептеледі.




  1. Еңбекке ақы төлеудің негізгі принциптері

7.1. Тараптар өндіріс сапасының өсуі есебінен сала жұмыскерлерінің кірістерін көбейтуге бағытталған саясатты өткізуге өзара қажеттілікті және жауапкершілікті түсінеді.

7.2. Тараптар мынадай келісімге келді:


  1. жол-пайдалану учаскесінің, 1 разрядты жұмыскерлерінің, төлем алу пункттері және техникалық персоналдардың негізгі (ең төмен) тарифтік мөлшерлемесін Жұмыс беруші бекітеді;

  2. 1 разрядты жұмыскерлердің негізгі тарифтік мөлшерлемелері/ лауазымдық жалақылары жыл сайын Қазақстан Республикасындағы бекітілген ең төменгі есептік көрсеткіш (бұдан әрі - ЕЕК) бойынша индекстеледі;

3) көрсетілген негізгі тарифтік мөлшерлеме басқа да санаттағы жұмыскерлердің негізгі лауазымдық жалақылары мен негізгі тарифтік мөлшерлемені саралауға негіз болып табылады. Жұмыскерлердің лауазымдық жалақыларының тарифтік сетка/кестесі және тиісті тарифтік коэффиценттерді Субъектімен өздігінен бекітіледі, сондай-ақ ұжымдық шартта жазылады;

4) Субъектіде іске асырылады:

- Жұмыс берушінің кінасынан босқа тұрып қалу жағдайында Жұмыскердің негізгі жалақысынан 50% кем емес көлемде ақы төленеді

- ауыр жұмыста, зиянды жұмыста (өте зиянды жұмыста) және (немесе) еңбектің қауіпті жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбектеріне ақы төлеу негізгі тарифтік мөлшерлемеден (негізгі лауазымдық жалақы) 4%-дан 24%-ға дейінгі көлемде ақылы қосымша демалыстың ұзақтығына байланысты төленеді;

- Ұжымдық шартпен анықталған тәртіпте және көлемде жұмыс уақытынан тыс сағатқа, түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа үстемеақы төлеу;

- Ұжымдық шартпен анықталған тәртіпте және көлемде көп жылғы еңбегі үшін үстемақы төлеу;

- Ұжымдық шартпен анықталған тәртіпте және көлемде жылжымалы және жүріп-тұру сипатындағы жұмыстар, жолдағы тұрақты жұмыстар, немесе қызмет көрсететін аумақ көлеміндегі қызметтік сапарлар үшін қосымша ақы төленеді;

- әлеуметтік қолдаулар көрсету «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысы) сәйкес жүргізіледі;

- ынталандырушы төлемдер (сыйлықақы, сыйақы) және қосымшақы төлеу ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысына сәйкес жүргізіледі;

- жыл сайынғы сауықтыру үшін берілетін материалдық көмек жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бірге қолданыстағы төлемдердің үстінен Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-ХII заңына сәйкес беріледі;

- демеушілік көмек (әлеуметтік шығындар) ағымдағы жылда оң қаржылық нәтиже болған жағдайда төленеді. Демеушілік көмек (әлеуметтік шығындар) көлемі жылына бір алушыға демеушілік ақы ретінде бөлінген қаржы лимитінің 25% аспауы қажет;

6) жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс күінен кешіктірілмей жүргізіледі. Жұмыскерге тиісті еңбекақыны және басқа да төлемдерді төлеудің бекітілген мерзімін бұзған жағдайда, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын аудармаған жағдайда оның пайызымен (ақшалай өтемақысымен) төленеді, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сүйене отырып мерзімі өткен әр күн үшін нақты аударған күнді қоса алу арқылы төленеді.

Еңбекақы айына бір реттен кем емес Қазақстан Республикасының ақшалай валютасы (тенге) формасында төленеді.

Еңбекақыны еңбек заңнамаларымен қарастырылған толық көлемде және уақытында төлемеген жағдайда Жұмыс беруші жұмыскерге қарызды және өсімпұл төлейді, оның көлемі Кодекстің 113-бабының 3-тармағымен анықталады;

Жұмыскерлердің еңбек ақыларының төмендеуіне жол бермеу мақсатында жұмыскерлерге қолданыстағы заңнамалармен қарастырылған барлық қосымша ақы және үстеме ақыларды қоса есептегенде сол лауазымда істеп жүріп бұрын алып жүрген қосымшаақы мен үстеме ақыны қоса есептегендегі еңбекақысынан аз болса Жұмыс беруші еңбекақының арасындағы айырмашылықты төлеуді қарастырады.

Ауыр жұмыстарда, зиянды (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жүрген сала жұмыскерлеріне қосымша ақы мен үстеме ақы төлеу көлемі, өндірістік объектілерді еңбек жағыдайына аттестаттау нәтижесімен бекітілген жұмыс орындарынының нақты жағдайына байланысты еңбек жағдайының жіктелімін (деңгейін) есепке ала отырып, ұжымдық шартпен және (немесе) Жұмыс берушінің актісімен анықталады.

Жұмыскердің еңбекақысынан ұстап қалулар соттың шешімімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және Кодекстің 115-бабымен қарастырылған жағдайда жүргізіледі.

Кадрларды орналастыру және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін техника, технология, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда қол жеткізген деңгейге сәйкес әр түрлі жұмыстарды орындау үшін негізделген еңбек шығындарының нормасы (уақыт нормасы, өндіру, еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсету, саны) белгіленеді.



8. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, жұмыс уақыты және демалыс уақыты
8.1. Келісім Тараптары саланың ұйымдарындағы жұмыскерлердің өмірлері мен денсаулықтарын сақтау басымдылығы еңбекті қорғау саласындағы саясаттың басты бағыты екенін мойындайды және өздеріне Қазақстан Республикасы еңбек заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген міндеттемелерді алады.

8.2. Тараптар ықпал етеді:



  1. Субъектіде еңбекті қорғау қызметін құру Кодекстің талаптарына сәйкес жүргізілуіне;

  2. Салада еңбекті қорғау жөніндегі салалық және салааралық құқықтық-нормативтік актілерді белгіленген тәртіпте дайындауға және бекітуге;

  3. Жыл сайын қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайына, өндірістік травматизм себептеріне, кәсіби аурулар мен олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысына талдау жасау; Субъектіде 5 және одан да көп адамның өмірімен байланысты болған топтық жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысу;

  4. өндірістік қызметтегі салалық бағытты есепке ала отырып Кодекске сәйкес жұмыскерлердің қауіпсіздіктері мен еңбектерін қорғау жөніндегі нормалар мен нұсқаулықтарды, оқыту және білімдерін тексеруді ұйымдастырады, оның ішінде Еңбек шартын жасасқан кезде де нормалар мен оқытуды жүргізудің мерзімдеріне сәйкес, еңбек саласындағы уәкілетті орган бекіткен жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқаулықтар беру және білімдерін тексеруді жүргізеді.

8.3. Кәсіподақ міндеттері:

  1. Салада еңбек жағдайын жақсартуға және өндірістік травматизмнің, жұмыскерлердің кәсіби ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал ету;

  2. Еңбекті қорғау бойынша заңнамалардың және басқа да нормативтік актілердің сақталуы бойынша қоғамдық бақылауға қатысу және Субъектіде техникалық инспектордың ұйымдастыру-әдістемелік басшылығын жүзеге асыру;

  3. Еңбекті қорғау жөніндегі нормалар, ережелер және типтік нұсқаулықтарды әзірлеу және қайта қарауға қатысу, бекітілген тәртіпте еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар дайындау және беру.

8.4. Жұмыс берушінің міндеттері:

  1. жұмыскерлерге мемлекеттік стандарт талаптарына, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;

  2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұйрығымен бекітілген Тізімге сәйкес жұмыскерлерді міндетті ауысым алды медициналық тексеруден өткізу керек;

  3. Субъекті өндірістерінде болған жазатайым оқиғаны тексеру ерекшеліктері туралы Кодекс талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

4) зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлерді «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, емдік - профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық - тұрмыстық үй - жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығына сәйкес арнайы киімдер және аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен нормадан кем емес емдеу-профилактикалық тамақтармен қамтамасыз ету;

5) «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына сәйкес еңбекті қорғау бойынша жұмыс орынын аттестаттауды мерзімді (5 жылда 1 рет) жүргізіп отыру;

6) еңбек міндеттерін орындау барысында Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарасытрылған көлемде толығымен өтеу керек;

7) «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңына сәйкес жұмыскерді еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру жүргізу;

8) «Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысына сәйкес міндетті кәсіби зейнеткерлік жарналар аудару;

9) Кәсіподақпен келісілген ішкі еңбек тәртібі ережесіне, жұмыс кестесіне сәйкес Субъекті жұмыс уақытының режимін бекітеді. Жұмыс уақытының нормасы 5 күндік жұмыс аптасы және аптасына 40 сағаттан аспауы керек;

10) нақты жұмыс істеген уақытты толық есепке алуды жүзеге асыру;

11) зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер, I және II топтағы мүгедектер және кәмелетке толмаған жұмыскерлер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қысқартылған жұмыс уақытын белгілеу;

12) жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жабық жылытылмайтын үй-жайда жұмыскерлерге жұмыс уақытын есептей отырып жылынуға және демалуға арнайы үзілістер беру;

13) жұмыс уақытының күнделікті немесе апталық ұзақтығы сақталуы мүмкін емес жұмыстарда жұмыс уақытының жиынтық есебі енгізіледі, егер есепке алу уақытында жұмыс сағатының қалыпты саны сақталатын болса және Кәсіподақпен келісіледі;

14) жұмыскерлерге күнделікті (ауысымаралық) 12 сағаттан кем емес демалыс, 42 сағат апталық үздіксіз демалыс беріледі;

15) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы мына жұмыскерлерге беріледі:

- қарастырылған заңнамаларға және ұжымдық шартқа сәйкес нормаланбаған жұмыс күні, қауырт еңбек, зиянды және ауыр, және (немесе) қауіпті еңбек жағдайы, көпаусымды жұмыс режимі, жүріп тұратын сипаттағы жұмыстар үшін 6 күнтізбелік мерзімге дейін;

- I және II топтағы мүгедек жұмыскерлерге - 15 күнтізбелік мерзімнен кем емес;

- Қазақстан Республикасының «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы № 1468-ХII заңына сәйкес экологиялық дағдарыс аймағында тұрғаны үшін - 9 күнтізбелік мерзім;


жүктеу 495,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау