Қазақстан Республикасының еңбек құқығы



жүктеу 45,35 Kb.
бет1/21
Дата16.01.2022
өлшемі45,35 Kb.
#32623
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Құқық негіздері. 4-тақырып


Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.

Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.



Еңбек құқығы еңбек нарығы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасындағы қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.

Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.



Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байланысты басқада қатынастарға ықпал ететін тәсілдермен, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы әдісі – еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқада қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен: 1) еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқада қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; 2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; 3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік – әріптестік келісімдерді барынша пайдаланумен; 4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.

Еңбек құқығы жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және еңбек құқығы институттарының барлығына бірдей қолданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құқығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.

Еңбек құқығы негіздері дегеніміз заңнамалармен белгіленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбектік құқықтық қатынастарды және онымен тығыз байланысты еңбек қатынастарын реттейтін нормативті актілердің төмендегідей ерекшеліктері бар: 1) еңбек туралы нормативтік актілер жүйесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған заңдық күші бар актілердің санының көптігі; 2) жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасында кәсіпорын деңгеінде қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің санының басымдылығы; 3) нормативтік актілердің жалпы және арнайы болып бөлінуі. Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) заңдық күшіне қарай: заңдар, заңдық күші бар актілерге – Қазақстан Реапубликасы Президенті жарлықтары, үкіметтің қаулысы, өкімі, бұйрықтар, ережелер және жергілікті нормативтік актілерге және әрекет ету денгейлеріне байланысты републикалық, салалық жергілікті болып бөлінеді.

Еңбек құқығының қайнар көздері – күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдылық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек туралы заңнамаларда ҚР Конститутциясына негізделеді және еңбек кодексне (2007), жұмыскерлердің кейбір санаттарының еңбек қатынасын реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. ҚР бекіткен Халықаралық шарттардың еңбек туралы ұлттық заңдар алдында басымдылығы бар, және, егер оны қолдану үшін ҚР-ның заңын шығару шартта көрсетілмеген болса, тікелей қолданылады. ҚР-ның Конститутциясына сәйкес (8 бап), халықаралық ынтымақтастық қағидатын негізге алып Қазақстан халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын мойындайды және құрметтейді.

Еңбек құқығының негізгі дерек көздеріне еңбек саласындағы қабылданған халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар жатады. Мысалы 1958 жылы 25 маусымда Женевада қаласында дүние жүзінің бірнеше мемлекеттері қол қойған «еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы» халықаралық Конвенция қабылданған. Осы Конвенцияға 1999жылы 20 шілдеде №444 Заңмен ҚР қосылды. Сондай-ақ Женева қаласында 1999 жылы 17 маусымда Халақаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 87-сессиясында қабылданған «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаруалар» туралы Конвенция (182- Конвенция) қабылданды. Бұл конвенцияға да Қазақстан 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 367-ІІ Заңмен қосылады. Женевада 1930 жылғы 28 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 14-сессиясы «Мәжбүр немесе міндетті еңбек туралы» конвенция ( 29-конвенция) қабылданды. Бұл конвенцияға Қазақстан 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 120-ІІ Заңымен қосылады. Женевада 1957 жылғы 25 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 40-сессиясы қабылдаған «мәжбүр еңбекті жою туралы» Конвенцияға ҚР 2000 жылғы 14 желтоқсандағы №117-ІІ Заңмен қосылды. Женевада 1948 жылғы 9 шілдеде Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 31- сессиясы қабылданған «жұмыспен қамту қызыметін ұйымдастыру туралы» Конвенциясына біздің еліміз 2000 жылғы 14 желтоқсандағы №119-ІІ Заңымен қосылды.

Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда қабылданған № 251-ІІІ ҚРЗ «ҚР-ның еңбек кодексі». Кодекс жалпы және ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады.


жүктеу 45,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау