«Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсат беру
және (немесе) рұқсатты ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды
жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын
бекіту туралы
2016 жылғы сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған «Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) заңда белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік басылымындарда және «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық республикалық орталығы» шаруашылық басқару құқығы бар республикалық мемелекеттік кәсіпорынының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. осы бұйрықтың орындалуын бақылау міндеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
|
|
Т. Дүйсенова
|
КЕЛІСІЛДІ__Қазақстан_Республикасы__Ішкі_істер_министрі_______________________Қ._Қасымов'>КЕЛІСІЛДІ__Қазақстан_Республикасы__Ұлттық_экономика_министрі_______________________Қ._Бишімбаев'>КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» ________________
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
____________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы «___» ________________
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
___________________ Е. Сағадиев
2016 жылғы «___» ________________
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму
министрі
2016 жылғы «___» ______________
№ бұйрығмен
бекітілді
Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары
1. Осы Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Қағидалар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) рұқсатты ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос орындар – жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындары (лауазым);
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның өкілдігі;
4) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
5) қызметкерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін, сондай-ақ бір жұмыс берушімен қоса атқару бойынша жұмыс жөнінде еңбек шартын жасаған адамдарды қоспағанда, жасалған мерзіміне қарамастан, еңбек шарты негізінде қабылданған адамдар саны.
6) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;
7) шетелдік жұмыс күші – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
8) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беретiн белгiленген нысандағы құжат.
9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;
10) шетелдік қызметкерлер – жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын көшіп келушілер;
11) Оның құрылтайшылары, қатысушылары, акционерлері; акциялары мен үлестері оның құрылтайшыларына, қатысушыларына немесе акционерлеріне тиесілі заңды тұлға, оған қатынасы жөнінен ол акционер, қатысушы немесе құрылтайшы болып табылатын заңды тұлға заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып табылады.
12) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
13) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз қызметкерлерін – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды немесе біліктілігін арттыруды қамтитын, құзыретті органмен және еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;
14) басымды жобалар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес іске асырылған жоба.
3. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында қызметкерлердің келесі санаты белгіленеді:
1) бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – құрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген кәсіби стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін басшылары;
3) үшінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген кәсіби стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген кәсіби стандарттарда, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсібінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар;
4. Жергілікті атқарушы орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат береді.
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұрын берілген қолданыстағы рұқсаттардың саны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлген тиісті күнтізбелік жылға арналған саннан аспауы керек.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) мынадай қатынастарда:
1) бірінші және екінші санаттарға жататын қызметкерлердің тізімдік санынан Қазақстан Республикасы азаматтарының саны кемінде 70%;
2) үшінші және төртінші санаттарға жататын қызметкерлердің тізімдік санынан Қазақстан Республикасы азаматтарының саны кемінде 90% болғанда рұқсат беру және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.
Жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік қызметкерлер санында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.
Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағы:
1) кіші кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;
3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманың негізінде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік қызметкерге;
4) басымды жобалар және шыққан елдері бойынша, сондай-ақ шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға берілген квота шеңберіндегі рұқсатқа;
5) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде берілген рұқсатқа қолданылмайды.
Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шартты жобалар іске асырылып жатқан аумақтағы жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.
8. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.
9. Рұқсат алу үшін жұмыс беруші немесе оларға уәкілетті адам шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын жер бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз түрінде өтініш береді.
10. Құжаттар толық тапсырылмаған және (немесе) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган олар түскен күннен бастап бір күн ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады және жұмыс берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартқандығы туралы (тапсырмаған және (немесе) Қағидаларға сәйкес нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) негіздеме хат жібереді.
Құжаттарды қағаз түрінде қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес қабылданған құжаттардың тізбесін қоса бере отырып жұмыс берушіге қолхат береді.
11. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:
1) бірінші санат үшін – жыл сайын он екі ай мерзімге ұзартумен он екі айға;
2) екінші және үшінші санат үшін - үш реттен артық емес, он екі айға ұзартумен он екі айға;
3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға;
4) маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға дейінгі мерзімге беріледі.
12. Рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушілердің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Жергілікті атқарушы орган құрған Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымының негізінде жергілікті атқарушы орган шешім қабылдайды.
13. Комиссияның құрамына міндетті түрде ішкі істер органдарының, білім беру саласының және еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органның өкілдері енгізіледі.
14. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады. Жергілікті атқарушы орган өзінің интернет-ресурсында Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және өткізілетін жері туралы ақпаратты отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын орналастырады.
15. Жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы немесе жазбаша жұмыс берушіге оны қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту, ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешімді хабарлайды.
16. Рұқсат беру және (немесе) ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жұмыс берушіге хабарлайды.
17. Рұқсат беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді.
18. Жұмыс беруші Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз түрінде рұқсат беру туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды төлеуді растайтын құжаттарды жібереді.
.Жұмыс беруші хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алымды төлеуді растайтын құжаттарды жібермеген жағдайда жергілікті атқарушы орган рұқсат беру туралы шешімнің күшін жояды.
19. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсат береді.
Жұмыс берушi екі жұмыс күнi өткен соң рұқсат алуға келмеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
20. Мынадай жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді және ұзартылмайды:
1) бөлінген квота мөлшерінен асып кеткенде;
2) жұмыс беруші осы қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттарды сақтамағанда;
3) жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталғанда. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсат берілмейді.
Шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби дайындығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіби стандарттарға, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік талаптарына сәйкес келмегенде.
21. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда, осы кәсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде басқа шетелдік қызметкерге бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімінің қалған кезеңіне осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа нөмір бере отырып, бұрын алынған рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Бұл ретте жұмыс беруші осы Қағидаларда көзделген құжаттарды ұсынады. Бастапқыда берілген рұқсат уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.
22. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеу туралы шешімді Комиссия отырысында қарамай, құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
23. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейін кемiнде отыз жұмыс күнiнен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттар жiберiледi:
1) өтініш;
2) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
3) рұқсаттың мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы ақпарат, онда рұқсатты ұзартуға негіздемені көрсету талап етіледі.
Жергілікті атқарушы орган берілген құжаттардың негізінде құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
25. Жергілікті атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс берушiге рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы хабарламаны қағаз түрінде жібереді.
26. Жұмыс берушi Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде рұқсатты ұзарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты ұзартуға алым төлеуді растайтын құжаттарды жібереді.
27. .Жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алымды төлеуді растайтын құжаттарды жібермеген жағдайда рұқсат беру туралы шешімнің күші жойылады.
28. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз түрінде жұмыс берушіге рұқсат береді.
Жұмыс берушi үш жұмыс күнi өткен соң рұқсат алуға келмеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жібереді.
29. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерлердің тіркелген жеріндегі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жеріндегі ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
30. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметкерлерін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда, олардың рұқсат алуына қатысты құжаттарды ресімдеуді пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін заңды тұлға (оның ішінде филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға) жүзеге асырады.
31. Жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қолданыстағы рұқсаттарды кері қайтарып алуды:
1) шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқанда;
2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 6-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайларда жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарады.
32. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат:
1) берілген мерзімі аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарылған;
3) жұмыс беруші – жеке тұлға өз қызметін тоқтатқан, жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған;
5) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және рұқсатты ұзарту шарттары мен тәртібі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылады.
33. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік қызметкерге жұмыс және демалыс уақытының тәртібі, сондай-ақ қауіпсіздік бойынша тараптар қабылдайтын қағидалар қолданылады, бұл ретте, еңбек қатынастары шетелдік қызметкер мен корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның арасында жасалған еңбек шарттарымен (немесе келісім) реттеледі.
34. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылған шетелдік қызметкерлерді тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экономика салаларында жүзеге асырылады.
35. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк қызметкерлерді тартуға арналған рұқсатты алу үшiн жұмыс берушi Мемлекеттік корпорация, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.
36. Шетелдік заңды тұлғаның үлестес тұлғасының шетелдік жұмыс күшін тартуы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру және оларды ұзарту үшін белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
37. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту шарттарын айқындау мақсатында қызметкерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) басшылар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын:
ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын;
ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын;
шешімдер қабылдауға кең өкілеттіктері бар;
директорлар кеңесінен немесе ұйым акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын;
ұйымға тікелей қызметтер көрсетумен байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;
2) менеджерлер – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, кәсіптік біліктілік деңгейі жоғары және тиісті салада менеджер позициясындағы жұмыс тәжірибесі бар адамдар және олар:
ұйымды, ұйымның департаментін немесе басқармасын басқарады;
басқа басшы кәсіптік немесе әкімшілік қызметкерлердің жұмысына басшылық етеді және бақылайды;
персоналды жұмысқа алуға және жұмыстан босатуға, жұмысқа алуға, жұмыстан босатуға ұсыныс жасауға және басқа да іс-қимыл жасауға құқығы бар;
жоғары тұрған басшылардан, директорлар кеңесінен немесе ұйым акционерлерінен тек жалпы нұсқаулықтар немесе нұсқау алады.
Қызметтер көрсету үшін қажетті функцияларды тікелей жүзеге асыратын қызметкерлер аталған санатқа қосылмайды;
3) мамандар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, жоғары деңгейдегі арнайы және (немесе) бірегей білімі мен дағдылары, белгілі бір салада немесе ғылымда ұйымның бейіні бойынша қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу жабдығын, озыңқы технологиялар мен техниканы, оларды басқару әдістерін қолдану үшін қажетті айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Осындай білім мен дағдыларды бағалау кезінде ұйымның бейіні бойынша кәсіптік білімінің болуын ғана емес, сондай-ақ жұмыс түрлеріне немесе ұйымның қызметіне сәйкес келетін, арнайы техникалық білімдерді талап ететін жоғары деңгейдегі біліктілігін, оның ішінде тиісті аккредиттелген кәсіптік қауымдастықтардағы мүшелігін ескерген жөн.
38. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған рұқсат басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін, шеңберінде корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және шетелдік қызметкерлердің Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес келуі шартымен беріледі.
39. Рұқсат беру және(немесе) ұзарту тегін жүзеге асырылады.
40. Ішкі еңбек нарығында менеджер және маман лауазымдарына тиісті кандидатураларды іздестіруді жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді рұқсат беру не оны ұзарту туралы өтініш берілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын және күнтізбелік алпыс күннен асырмай шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жердегі уәкілетті органға жіберу арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақ шетелдік қызметкерді басшы санатына тартқан кезде, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бұрын берілген рұқсатты ұзартқан кезде қолданылмайды.
41. Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды берген кезде жұмыс берушімен келісу бойынша оған мынадай ерекше шарттарды жүктейді:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы бойынша кәсіптік даярлау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы бойынша қайта даярлау;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру.
Осы тармақ кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері бар жұмыс берушілерге қолданылады.
42. Мыналарды корпоративішілік ауыстыру кезінде:
1) менеджерді – жұмыс беруші осы Қағидалардың 40-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды;
2) маманды – жұмыс беруші осы Қағидалардың 40-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.
43. Кәсіптік даярлануға және (немесе) қайта даярлауға және (немесе) біліктілігін арттыруға тиіс Қазақстан Республикасы азаматтарының саны және (немесе) құрылатын қосымша жұмыс орындарының саны шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттардың санына сәйкес келуге тиіс.
44. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың:
осы Қағидалардың 40-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
осы Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасында көзделген ерекше шарттарды орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде басталады.
45. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс беруші шетелдік қызметкерлер (менеджерлер және мамандар) санының тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасының елу пайыздан аспауын қамтамасыз етуі керек.
Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
46. Шетелдік қызметкерді басшылар лауазымдарына тартқан кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының санына қатынасын сақтау жөніндегі талаптар қолданылмайды.
47. Қажетті құжаттарды қабылдау, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзартуды Мемлекеттік корпорация арқылы, сондай-ақ электронды тәсілмен, www.kz, www. Elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
48. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген ауыстыру мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, кемінде бір рет он екі айға ұзарту құқығымен беріледі.
Еңбек шарты болмаған жағдайда корпоративішілік ауыстыру мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге, кемінде бір рет он екі айға ұзарту құқығымен хатпен немесе корпоративішілік ауыстыру туралы келісіммен (шарт) айқындалады.
49. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерлердің тіркелген жердегі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жердегі ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
50. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат мынадай:
1) жұмыс беруші осы Қағидалардың 44-тармағында белгіленген шарттарды сақтамағанда. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 44-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды қайтарып алады;
2) ішкі еңбек нарығында тиісті ұсыныстар болған;
3) жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың
орындалу мерзімі басталған ерекше шарттары (бар болса) орындалмаған;
5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда рұқсат берілмейді немесе ұзартылмайды.
51. Жергілікті атқарушы орган мынадай:
1) шетелдік қызметкер рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартылған;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 44-тармағында белгіленген шарттарды сақтамағанда. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 44-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды қайтарып алады;
52. Осы Қағидаларға 8-қосымшасында құжаттармен расталған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда, ол осы кәсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеуге жол беріледі.
Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.
53. Жергілікті атқарушы орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты басқа шетелдік қызметкерге қайта ресімдеу туралы шешімді Комиссия отырысында қарамастан, құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
54. Рұқсатты ұзарту туралы шешімді Қағидаларға сәйкес Комиссия отырысында қарамастан, құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
55. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат мынадай жағдайларда:
1) оған берілген мерзім аяқталғанда;
2) рұқсат қайтарып алынғанда;
3) жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқанда, жұмыс беруші – заңды тұлға таратылғанда;
4) жұмыс беруші ерікті түрде рұқсатты жергілікті органға қайтарғанда қолдануын тоқтатады.
56. Жұмыс беруші қолданыстағы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзартуға өтініш береді.
57. Жергілікті атқарушы орган:
1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін қызметкерлерді есепке алады;
2) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 дейін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер туралы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті атқарушы органға хабарлайды.
58. Жұмыс беруші немесе шетелдік қызметкер жергілікті атқарушы органның шешімімен келіспеген кезде оны сот тәртібімен шағымдана алады.
59. Еңбек жөніндегі жергілікті атқарушы орган өзінің ресми интернет-ресурсында осы Қағидаларды бұзған заңды және жеке тұлғалардың тізбесін орналастырады.
Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастыру үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей көрсетілген заңды және жеке тұлғалардың тізбесін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
60. Рұқсаттың түпнұсқасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда жергілікті атқарушы орган телнұсқа беру арқылы рұқсатты қалпына келтіреді.
Жоғалған, бүлінген рұқсат бланкілері жұмыс беруші немесе шетелдік қызметкер жергілікті атқарушы органға рұқсатты жоғалтуға, бүлдіруге әкеп соққан жағдайларды көрсете отырып, рұқсаттың телнұсқасын беру туралы өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.
Жергілікті атқарушы орган өтініш білдірген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нөмір берумен, «Телнұсқа» деген белгі қоя отырып, тиісті рұқсат беруді жүргізеді.
61. Тегі, аты, әкесінің аты, шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Жұмыс беруші тегін, атын, әкесінің атын, шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясын өзгерткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген мәліметті растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, қайта ресімдеуге жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.
62. Бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу түрінде жұмыс беруші – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қайта құрылған, сондай-ақ оның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген атауы немесе реквизиттері өзгерген жағдайда бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Жұмыс беруші қайта құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, жергілікті атқарушы органға рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.
63. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімдерде жергілікті атқарушы органға ведомстволық статистикалық есепті ұсынады.
2) шетелдік қызметкерден Қазақстан Республикасының көші-қон және еңбек заңнамасын сақтау бойынша жазбаша міндеттеме алады.
64. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру нормалары қолданылмайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тізбесінде көзделген шетелдік қызметкерлерді тартатын жұмыс берушілер осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда жергілікті атқарушы органға ақпарат береді.
65. Жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тарту және шетелдік қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша ай сайын жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға есеп береді.
Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсат беру және (немесе)
рұқсатты ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттары
1-қосымша
_________________________________________________________________
(рұқсат беруші органның толық атауы)
Достарыңызбен бөлісу: |