Орындалу ерекшеліктері



жүктеу 179 Kb.
бет1/3
Дата23.11.2018
өлшемі179 Kb.
#24197
түріДиссертация
  1   2   3

     ӘОЖ 78 (574)                                            Қолжазба құқығында

Бұлтбаева Айзада Зейкеновна  

ҚАЗАҚ ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАРЫНЫҢ

ОРЫНДАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

17.00.02 – Музыка өнері

Өнертану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның



АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының

Музыкатану бөлімінде орындалды


Ғылыми  жетекшісі -                      


өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Омарова А.Қ.



Ғылыми кеңесшісі -

ҚР ҰҒА академигі Қасқабасов С.А.



Ресми оппоненттері -

өнертану ғылымдарының докторы, профессор Дюшалиев Қ.Ш.






өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Айтуарова А.Т.



Жетекші ұйым -

Қазақ ұлттық музыка академиясы



Диссертация 2007 жылы  ____________   сағат   __________

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өнертану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі К 53.40.03 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007 жылғы  «____» _____________  таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, өнертану

ғылымдарының кандидаты                                     Труспекова Х.Х.

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Халық эпосы қазақ баласының рухын көтеріп, санасын түзейтін ғасырлар үні, еліміздің рухани байлығының көне көзі. Халықтың ұлттық мінез ерекшеліктерін, көзқарасын, тарихы мен дүниетанымын, менталитеті мен тілін, мәдениеті мен ой-өрісін суреттей отырып, тарихи шынайылық пен көркемді-моральдік құндылықтың дәлелі болған бұл өнер түрі ғасырлар бойы әр кезеңнің құжаты болып, ұлттың рухани сұраныстарына сай дамып отырған. 

         ХІХ ғасырдың соңынан әдебиеттанушылардың зерттеуіне нысан болған эпос үлгілері әр ғасырда ғылыми еңбектерде елеулі орын алып, өзекті мәселелердің бірі болды. ХХ ғасырдың басынан құндылығы арта түскен және құрамында фольклорлық туындылардың өзегі бар эпикалық ескерткіштер әр саладағы ғалымдарды қызықтыра түсіп, заман талабына сай қолданыста болды.

Өткен ғасырда жыршылық дәстүр жаңа мәдениетке негіз болып, композиторлардың шығармашылығы арқылы профессионалды еуропалық жанрларға ұласты. Соның нәтижесінде эпос мазмұнына құрылған опера, балет, сахналық қойылымдар, симфония, шағын камералы аспапты және вокалды шығармалар пайда болды. Яғни, бұл заманда эпос шығармалары әр қырынан танылып, басқа жанрлардың да құрамында көрініс тапты.

Әр эпостың музыкалық негізі өзінің ұлттық болмысын арттыра түсетіні сөзсіз. Тек мазмұны мен поэтикалық мәтіні емес, эпикалық шығарманың музыкалық өзегі басқа мәдениеттер арасында өзінің ұлттық негізін танытып тұрады. Оған музыкалық мақам құрылымы, әуеннің даму жолдары, әр мақамның ырғақтық, саздық иірімдері және т.б. дәлел болып келеді.

ХІХ ғасырдың соңында баспадан шыға бастаған казақ халқының эпикалық туындылары тек ХХ ғасырдың екінші жартысында музыкасымен жазылып, ғылыми талдауларға ілінді.

Жан-жақты әрі әр қырынан зерделенуді талап ететін эпос пен оның музыкасы ғылыми ортада өзекті мәселелердің біріне айналды. Көп жылдар бойы Қазақстан этномузыкатану ғылымы көршілес мемлекеттердің музыкатану мектептеріне сүйене отырып, көп мәселелерді анықтап, жоспарлап қойды. Дегенмен, эпос мәселелері нақты ғылыми шешімнің болуына мұқтаж. Сонымен, қазақ эпосын тарихи-теориялық (яғни музыкатанушылық) және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулердің жетіспеушілігі және музыкатанушы ғалымдар мен фольклортанушылардың әлі күнге дейін ортақ пікірлерге келмеуі сол олқылықтың орнын толтыруға итермеледі.



Жұмыстың мақсаты. «Қыз Жібек» эпосының орындалу ерекшеліктерін бірнеше орындаушылық нұсқаларды салыстыра зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

1. Жалпы қазақ жыры жайлы, оның ішінде «Қыз Жібек» жырына қатысты айтылған ой-пікірлерді саралап, отандас және шет ел музыкатанушылары мен әдебиеттанушы ғалымдардың методикасын жаңа көзқараспен зерделеу;

2. «Қыз Жібек» жырының құрамына кірген фольклорлық жанрлардың орнын және олардың өз қызметін қаншалықты сақтағанын көрсету;

3. Жыршылардың эстетикалық көзқарастарын, орындаушылық ерекшеліктерін және әр автордың шығармашылық әдістемесінің өзгешелігін анықтау;

4. Қазақ эпосының қазіргі эпикалық ортада көрініс табуын ашу және жыршыға қойылатын талаптар мен маңызды шараларды жіктеу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Нақты эпикалық шығарманың әртүрлі әдісте орындалған нұсқаларын  салыстыра қарастырған өнімді әрі орынды;

2. Романикалық эпосты зерттеудің басты ерекшелігі – бай музыкалық материалдың сұрыпталуында, орындалатын нұсқалардың жан-жақты әрі салыстырмалы түрде зерделенуінде, әртүрлі әдіс, мамандық әдістемелердің бірігуінде және нота материалымен жұмыс жасауда жатыр;

3. Жырдың орындалу мәнері мен әуенмен өрнектелуі «эпикалық ортаны» және сол эпикалық ортаның «модусын» тудырады (И.Земцовский);

4. Поэтикалық мәтін мен музыкалық материалдың жан-жақтылығын анықтау үшін зерттеуші ғалым эпикалық орындаудың этикасын жақсы білуге міндетті;

5. «Қыз Жібек» эпосының жеке орындалған нұсқасында дәйексөз музыкалық материалдың орын алуы сол нұсқаның көркемдік ерекшелігін  арттыра түседі.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы: М.Өтебаев пен Д.Нығыметжановтың орындауындағы «Қыз Жібек» эпосы және М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ фономұрағатында сақталған қисса «Қыз Жібек» тұңғыш рет нотаға түсіріліп, талданып, ғылыми айналымға енді; қазақ эпосының музыкалық негізі ғылыми тұрғыда алғаш рет мемлекеттік тілде қарастырылды; бірінші рет әр түрлі орындаушылық әдістер салыстырмалы түрде қаралып, эпикалық шығарманың музыкалық әдістерін талдау барысында әр жыршының жеке даралығы анықталды және өзіндік «мені» мен шығармашылық «мені» дәйектелді; музыкатанушы және фольклортанушы ғалымдардың методологиялық әдістемелері тұңғыш рет музыкалық материалда біріктіріліп зерделенді; музыкалық үлгілерді талдауда тұңғыш рет – қазақ релятивті және классикалық еуропалық нотографиялық әдістемелер қатар қолданылды.

Зерттеудің дерек көздері. Диссертациялық жұмыстың материалы ретінде «Қыз Жібек» эпосының әр жылдары күй таспаға жазылған және әртүрлі мәнерде орындалған нұсқалары: М.Өтебаев орындаған «Қыз Жібек» жыры, Д.Нығыметжановтың орындаған нұсқасы, М.Әуезов атындағы ӘӨИ фономұрағатында сақталған «Қисса Қыз Жібек» (№144), Б.Ерзаковичтің монографияларындағы «Қыз Жібек» жырынан нотаға түскен үзінділері алынды. Сонымен қатар, домбыра аспабының ролін анықтау үшін М.Өтебаевтың орындауындағы «Қыз Жібек», «Мұңлық Зарлық» және «Қобыланды батыр» эпостарынан таза аспаптық кіріспе бөлімдері келтірілді.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздерін еліміздегі және шет елдегі музыкатанушы, әдебиеттанушы, фольклорист ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды. Бұл ретте, әсіресе, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Б.Путилов, Р.Гацак, А.Веселовский, В.Жирмунский, Х.Зарифов, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, С.Садырбаев, Е.Ысмайылов, О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Ш.Ыбыраев, Б.Әзібаева, Т.Қоңыратбай, Қ.Бұзаубағарова және т.б. еңбектері қарастырылды.

Сонымен қатар, эпикалық дәстүр мен мәдениеттің өткені мен бүгінгі күні жайлы этномузыкатану ғылымының негізін қалаған отандас музыкатанушылардың, атап айтқанда, Б.Ерзаковичтің, С.Күзембаеваның, А.Құнанбаеваның, А.Байгаскинаның еңбектері де диссертациялық жұмысқа негіз болды.



«Қыз Жібек» эпосының әртүрлі нұсқаларын нотаға дұрыс түсіру жұмысында Б.Қарақұлов пен И.Қожабековтың еңбектеріне сүйеніп, ғалымдар ұсынған әдістеме қолға алынды. Сонымен қатар, отандас және шет елдердегі музыкатанушы және этномузыкатанушы ғалымдардың еңбектері диссертациялық жұмыс үшін өте маңызды болды.

Зерттеудің нысаны «Қыз Жібек» эпосының аталған нұсқаларындағы музыкалық әрі поэтикалық мәтіні және Б.Ерзаковичтің монографияларында берілген нотаға түскен үлгілер болып табылады. Ашып айтқанда, эпос мазмұнына байланысты таңдаулы және нақты мотивтер, кейіпкерлердің мінездемелерін ашатын музыкалық мәнер әдістері, әр жыршының лирикалық тілі, жеке даралық әдістері, эпикалық дәстүрді сақтау және тарату мақсатында қосқан үлесі.

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеудің әдістері мен тәсілдері эпос музыкасын зерттеуге байланысты алдымызға қойған мақсат пен міндеттерге байланысты айқындалды. Зерттеуде нақты талдау, сипаттау және салыстырмалы әдістер қолданылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диссертацияның негізгі теориялық нәтижелері мен тұжырымдарын музыкатану мен филология салаларында қолдануға болады. Жұмыстың тәжірибелі нәтижелері арнайы жоғары оқу орындары мен колледж қабырғаларында өтетін педагогикалық жұмыстарға көмекші құрал ретінде және арнайы «Қазақ музыка тарихы», «Музыкалық фольклор шығармаларын талдау» дәрістерінде, сонымен қатар, қазақ халқының эпикалық туындыларын орындаушы жыршы-жырауларды дайындайтын арнаулы курс сабақтарында пайдалануға болады.

Жұмыстың сыннан өтуі мен сарапталуы. Диссертациялық жұмыс М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Музыкатану бөлімінің мәжілісінде талқыланып, осы институттың Ғылыми кеңесінде қаралды. Зерттеу тақырыбы мен мәселелеріне байланысты 18 мақала жарық көрді. Оның 5-уі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда жарияланған. Жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары 7 халықаралық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалды.

Зерттеудің құрылымы. Диссертация кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс мәтінін сурет, кесте, ноталық үлгілер және қазақ эпикалық дәстүрі жайлы библиографиялық көрсеткіш толықтырады. Қосымша бөлімде «Қыз Жібек» эпосының үш нұсқасынан диссертацияның авторы түсірген ноталық үлгілер берілген.

Диссертацияның  негізгі мазмұны
Диссертацияның кіріспе бөлімінде зерттеуге алынып отырған тақырыптың өзектілігі, мән-жайы, мақсат-міндеттері көрсетіліп, жұмыстың бағыт-бағдары мен ғылыми жаңалығы анықталып, негізгі теориялық және практикалық маңыздылығы белгіленді.

«Эпикалық дәстүрдің музыкатану мен әдебиеттану салаларында зерттелуі» деп аталатын бірінші бөлім үш тараудан тұрады. Тарау көлемінде ашылатын эпос өнерінің әр салада зерттелуіне тоқталмас бұрын, жұмыста олардың ХХ ғасырға дейін жетуінің тарихы баяндалады. ХІХ ғасырда эпос мәтінін жазып алу, баспадан шығару жұмыстары жүргізіле басталып, 30-шы жылдардан кейін аса қызығушылықпен кіріскен ғалымдар эпос мәтіндерін жинақтап, аударып, сонымен қатар, жүйелеу жұмыстарын жүргізді. Эпос туындылары тіпті академиялық баспалардан шығып, оқу бағдарламаларына енгізілді. Ең алғаш экспедициялар жүргізіліп, эпос үлгілері жинақталып, әр тілдерге аударыла бастады. Және сол кездерде эпос орындаушыларының есімдері елге танымал болды. Бірінші тарау «Эпикалық ескерткіштерді музыкалық тұрғыдан зерттеудің тәжірибесі мен тарихы» деп аталып,  мұнда эпикалық дәстүрдің музыкатану ғылымында өз үрдісін тапқаны жайлы баяндалады. Жұмысты жазу, эпикалық туындыларды салыстыру және зерттеу барысында қазақ музыкатану ғылымына қосқан үлесі мол ғалымдардың еңбектеріне аса көңіл бөлініп, олардың методологиялық ұсыныстары ескерілді. Олардың ішінде қазақ халқының эпикалық дәстүрінің музыкасын зерттеудің ірге тасын қалаған Б.Ерзаковичтің, эпикалық шығармалардың ырғақтық негізін қазақ жерінің аймақтарына байланысты зерттеген А.Байгаскинаның, қазақ музыкатану ғылымында эпикалық дәстүрді Қармақшы ауданынан бастап жалпы эпикалық өнердің генезисін, даму жолдарын және т.б. зерттеген А.Құнанбаеваның, эпикалық дәстүр мен фольклордың қазақ театр сахнасында өріс алуы, фольклор мен спектакльдің көркемдік құрылымының заңдылықтары жайлы театртанушы Б.Құндақбайұлы мен С.Кабдиевалардың еңбектері тереңінен қарастырылды. Бүгінгі таңда қазақ операсын зерделеу барысында оның негізін құрайтын эпикалық жыр бірнеше буын музыкатанушылардың жұмыстарында зерттеу нысанына айналды. Атап айтқанда, С.Күзембаева, Т.Жұмалиева және тағы да басқа ғалымдар.

Жалпы қазақ музыкасын нотаға дұрыс түсіру мәселесі бағытында Б.Қарақұлов пен І.Қожабековтердің зерттеулері ескеріліп, ән және жыр жолдарының құрылымын, нақтылай айтқанда жыр ішіндегі импровизацияның негізін құрайтын төрт жолдың сан-алуан өзгеріске ұшырауы жайлы жазған Б.Қарақұловтың әдістемесі диссертацияның екінші тарауында «Қыз Жібек» жырының нұсқаларын талдау барысында әдістемелік құрал ретінде көмек болды [1]. 

Эпикалық дәстүрдің музыкатану ғылымындағы зерттелуін отандас музыкатанушылар еңбектерімен шектелмей орыс, украин, өзбек, әзірбайжан, якут, бурят және тағы да басқа елдердің эпикалық өнерінің зерттелу деңгейін ескерген диссертациялық жұмыста өте маңызды болды. Олардың ішінде орындаушылық дәстүр мәселелері – Ш.Гуллыев, Т.Мамедов, Р.Атаян, В.Шивлянова, Д.Дугарова, А.Решетникова, М.Рахматуллина, Қ.Дюшалиев; эпикалық дәстүрді таратушылар бейнесі жайлы – Т.Мирзаев, Р.С.Абдуллаев; эпостың музыкасының болмысы – В.Дубравин, Е.Васильева, А.Рахаев; эпосты этномузыкатану жағынан жалпылама қарастыру – И.Земцовский, Э.Алексеев, А.Юсфин  еңбектерінде орын алды. Ғалымдар ұсынған материалдар негізінде әр түрлі мәдениеттегі эпостың зерттелу деңгейі көрсетіліп, оларды қазақ эпикалық өнерімен салыстыру барысында ортақ жерлері мен сәйкестіктері анықталды.

Сонымен, қазақ халқының эпикалық дәстүрін зерттегенде ең алдымен эпикалық ескерткіштер бүгінгі таңда музыкатанушы ғалымдардың еңбектерінде қаншалықты әрі қай тұрғыда зерделенгендігін анықтап алып, зерттеу барысында қазақ эпосымен шектелмей, орыс, украин және т.б. түркі тілдес елдердің эпикалық музыкасын қоса қарастырған өнімді екені анықталды.

 «Қазақ эпосының филолог-фольклортанушы ғалымдардың еңбектерінде зерттелуі» деп аталған келесі тарауда өз зерттеулерінде қазақ эпосын әр тұрғыдан қарастырған фольклортанушы ғалымдардың еңбектері баяндалды. Қазақ халқының фольклорын, нақтылай келгенде эпикалық мұрасын зерттеген ғылыми жұмыстардың ішінен Ш.Уалихановтың, Ә.Марғұланның, М.Әуезовтың, В.Радловтың, Ә.Қоңыратбаевтың, З.Ахметовтың, Р.Бердібайдың, С.Садырбаевтың, Е.Ысмайыловтың, О.Нұрмағамбетованың, С.Қасқабасовтың, Е.Тұрсыновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Әзібаеваның, Т.Қоңыратбайдың, Қ.Бұзаубағарованың методологиялық ұсыныстары «Қыз Жібек» эпосын текстологиялық және мазмұндық жағынан талдау барысында шешуші роль атқарды.

Қазақ эпосын зерттеушілерімен қатар, орыс ғалымдардың классикалық зерттеулері де эпостану жолында біраз бағыт көрсетті. Атап айтқанда, Б.Путиловтың, В.Гацактың, В.Пропптың, А.Веселовскийдің, өзбек эпосын зерттеген В.Жирмунский мен Х.Зарифовтың еңбектері – эпосты орындайтын тұлғаның көзқарасын, болмысын, эпос ішіндегі эпикалық уақыт пен кеңістікті, мәтін ішіндегі ортақ мотивтерді белгілеп ажырату және т.б. мәселелердің басын ашу жолында көп көмек болды. Дегенмен, қазақ халқының эпикалық шығармалары мен дәстүрін әдебиеттанушы ғалымдар музыкасы мен әуенінен бөлек сөз өнері және әдеби жанр ретінде қарастырған. Эпостың мазмұнын талдай отырып, ғалымдар басты кейіпкерлерді фольклорға тән типтендірілген батыр образдары ретінде емес, әдеби шығармалардың кейіпкері тұрғысында зерттеген. Және ғалымдардың еңбектерінде халықтың эстетикасымен байланысты қарастырылған қазақ эпосы тек образдық жүйе, көркемдік тілкесте мәселелерімен байланысты зерттелген. Ал музыка жағы ескерілмей қалған.

Осы тарау бойынша қорыта айтқанда, біріншіден, қазақ эпосының музыкасын зерттеу үшін оның текстологиялық және мазмұндық жағын анықтап алу қажет; екіншіден, қазақ халқының эпикалық жырын зерттеу әдістемелерін анықтау және методология мәселелерін шешу үшін жетекші филолог-фольклортанушылардың еңбектеріне сүйенбеу мүмкін емес; үшіншіден, қазақ эпосының негізі мен табиғатын басқа елдердің мәдениетіндегі эпикалық өнермен салыстыра қарастырған өнімді.

Бірінші бөлімнің «Жыршы тұлғасының бүгінгі таңдағы сипаты» атты соңғы тарауында бүгінгі таңда эпостың көлемді, монументалды біртұтас шығарма бола тұра жан-жақты зерттеліп қана қоймай, бір сәттің өзінде бірнеше деңгейден (дәрежеден) көрінетіні туралы сөз қозғалды: біріншіден, эпос - өзі жанр, өзі ата-бабадан қалған дәстүр, мұра; екіншіден, эпос - өткен күннің тарихын суреттейтін өнер; үшіншіден, басқа жанрларға тематикалық және музыкалық өзек (кинофильм, театралдық қойылымдар, опера және камералы-аспапты шығармалар); төртіншіден, өз бойына қазақ фольклорының басқа жанрларын жинаған, жинақтаушы мозаика; бесіншіден, ғылыми жұмыстар мен ғылыми зерттеулерге нысан.

Халықтың ұлттық мінез ерекшеліктерін, көзқарасын, тарихи өткені мен бүгінгі күнін эпикалық өнерінен танып білуге болады. Сондықтан, жұмыста өнердің нақ осы саласының мақсаттары және өзіндік қызметтері, оның ішінде тәрбиелеу, көңілдендіру, арбау және ақпарат беру және т.б. қарастырылды. Бұл өнердің тарихы бірнеше ғасырға созылып жатқандықтан, көздеген функциялары заман ағымына сай өзгеріп отырады. Оның үстіне әр заман өз эпикалық туындыларын талап етеді.

Эпикалық жыр тек қана тарихи немесе ойдан құрастырылған оқиғаларды әңгімелеп, жырлап қоймайды, оның эмоционалдық, психологиялық жағын көрсетіп, сонымен қатар тәрбие, адамгершілік және өнеге-өсиет, білім беру қызметін атқаратыны сөзсіз.  Жыршы батырдың батырлығын жырлай отырып, жастарды сондай ержүректікке, ел намысын қорғайтын батылдыққа баулиды; ғашықтардың күйзелісі мен қайғысы – шыдамдылыққа, төзімділікке әрі жанқиярлыққа үйретеді; адамдардың әділетсіздігі – шындыққа, әділеттілікке, адамгершілікке шақырады. Тіпті қатыгез заң немесе бүгінгі күнде жат көрінетін қазақтың «әмеңгерлік» салты Жібектің және жалпы қазақ халқының даналығын, көрегендігін байқатып, тыңдаушы қауымды үлкенді сыйлауға, иерархия сатысын бұзбауға үндейді.

Қай заманда болсын жыршының жыршы болуына зәру: атадан әкеге, әкеден балаға тараған тұқым қуалаған дарындылығы, тәлім-тәрбиесі, эпикалық білімі, ортасы мен айналасы, өз қабілеті, табиғи таланты және т.б. Бұлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, әр жыршыға бұл тізімдегілердің ішінен біреуі басым келеді. Себебі, әр жыршы өзінше бір Индивидуум, жеке Тұлға.

Жыршының жыршы болуына тағы да бір маңызды шара – болашақ жыршыға дұрыс эстетикалық тәлім-тәрбие беру, тәрбиелей отырып білімге байлау.

Әрине, қазақта суырыпсалма өнері болғандықтан, жырлаған сайын мәтін мен мақам-саздың өрнек бояулары өзгеріп отыруы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай жас жыршының кемістігіне емес, жаңа орындаушылық болжамның, тіпті жаңа стильдің туғанына дәлел.

Жыраулық, жыршылық өнер – біздің ұлттық мәдениетіміздің құнды діңгегі. Сондықтан ХХІ ғасырда бұл өнер жолын көпшіліктің қолдауы - мұрамызды жоғалтып алмау жолындағы үлкен ерлік. Бүгінгі таңдағы буындары қатпаған жастар осы өнер түріне әр түрлі жолдармен келеді. Айтылып кеткендермен қатар, жоғары оқу орындарында да жыршылық өнерге бейімделіп білім алу мүмкіндігі бар. Мысалы, «Сыр елі, жыр елі» дейтіндей, Сыр бойында жыршылық мектептерінің дәстүрі үзілмеген [2]. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлектері елге танымал, әйгілі «жырау» атақтарына ие болып жатыр. Бірақ, әрине, атам замандағы «жырау» атағы мен қазіргі заманда жоғары оқу орнында дәріс алған жас «жыраулар» екі бөлек екендігі даусыз.

Эпостың мәтіні бірнеше жүзден бірнеше мың жолға дейін созылатындығы белгілі. Әрине, жыр жаттаудың қалыптасқан өзіндік құпиясы бар. Бүгінгі таңдағы жыршылардың айтуы бойынша, нақты бір шумақты бірнеше рет қайталап айтса не тыңдаса, тәжірибелі жыршы сол шумақтың нақты бір өзегін табады. Өзегін тапқаннан кейін мақам-саз да, мәтін де бұдан былай сол шумақтың тірегі болып, орындағанда жеңілдік әкеледі.

Қазақ мәдениетіндегі эпикалық формаларды салт дәстүрден бастап көлемді біртұтас «монументалды» стильге, яғни эпостың өзіне дейін айқындап, диссертациялық жұмыста «эпос» және «эпикалық» деген сөздерге аса көңіл бөлінді.

Қазақ музыка мәдениетінде көлемді көркем шығарма ретіндегі эпос жанры және эпос айналасындағы эпикалық сипаты бар жанрлар (эпостанушы Алма Құнанбаева соңғыларды «орбитальные жанры вокруг эпоса» деп белгілеген [3]) орын алады. Мұндай жанрларға «терме», «толғау», «гөй-гөй» «нақыл сөз» және т.с.с. жанрлар жатады. А.Құнанбаеваның айтқанына арқа сүйеп, бұл жанрларды нақты эпос жанрымен салыстырсақ, эпос деп мәтіні өзгермейтін (кішкентай өзгерістер кездесе береді), драматургиялық құрылымы (бастама түйіні – завязка, шарықтау шегі – кульминация және шешімдері – развязка) бар көркем шығарманы айтады. Көптеген эпостардың («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қобыланды батыр», «Алпамыс» және т.б.) бүгінгі күнге жетуі де өзгермейтін мәтін мен сюжеттік жолдарының орын алып, драматургиялық құрылымы бар театралдық қойылымдарға жақындығынан танылады. Әрине бұл заманға жеткенше олар талай уақыт өңдеуінен өтіп, қайта-қайта жанданып отырды. Мысалы, «Қобыланды батыр» эпикалық жырының 26 варианты, «Қыз Жібек» жырының 2 варианты бар. Диссертацияда эпикалық жыр мен эпостың айналасындағы жанрлардың айырмашылықтарына біраз түсініктеме берілді.

Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын»,  Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады.

Әр жыршының орындаушылық ерекшеліктері мен спецификалық әдістері жыршыны өзі орындаған жырдың әуенінің «авторы» атандырады. Себебі, олардың көбісі поэтикалық мәтінге сүйеніп музыкалық мақамдарын өздері шығарады. Сондықтан, нақты бір жыр нұсқасының музыкалық негізін талдау барысында әр жыршының тек өзіне тән әдістемесі байқалады. Жирмунский В.М. мен Х.Т.Зарифовтардың «Узбекский народный героический эпос» атты еңбегінде [4] «В лице народного певца ... совмещаются творец (или... соавтор) поэтического произведения и его творческий исполнитель» деп келтірілген. Демек, әр орындаушы нақты бір шығармаға өз үлесін қосып (орындау барысында жыр көлемін кішірейтіп, не үлкейтіп), бір жырды көп жылдар бойы орындап, нақты сол нұсқаның авторы деген «атаққа» ие болады.

Кезінде Б.Н.Путилов «Героический эпос выражает сознание и идеалы эпической среды» [5] деп айтқандай, эпос – қазақ халқының ой, сана, білім және идеалының шоғыры, нақты халықтың, бір ортаның ой-арманының синтезі. Сондықтан эпикалық шығарманы орындау барысында жыршы ол күй-жағдайды ескеріп қана қоймай, бар жан-тәнімен беріліп орындайды. Себебі, жыршының эстетикалық көзқарасы өз халқының философиясын,  эстетикасын, этикасын, мәдениетін, тіпті халықтың жалпы имандылығын және өнегелілігін көрсетеді.

Әр эпикалық шығарманың ішінде өзінің эпикалық уақыты, өзінің эпикалық кеңістігі болады. Орындаушы-жыршы шығарманың мазмұнын баяндап отырып, өзі де сол құпиялы, тіпті сиқырлы эпос әлеміне кіріп, артынан тыңдармандарды ала жүреді. Тыңдаушы эпосты тыңдап отырып жыр ішіндегі желдің көтерілісін сезініп, аттың шабысын естіп, тіпті кейіпкерге болысқандай айғай салып, кейде аяныш сезімдерін білдіреді. Қазақ халқының эпикалық жырындағы дәріптелген кейіпкерлер, әсіреленген сценалар (гипербола), қалыптасқан эпитеттер және тағы да басқалары жай ғана жыршының шығармашылық әдіс-амалдарының нәтижесі емес. Бұл –  жыршы мен жыр ортасынан шыққан эпос тілі. Бұл тіл арқылы жыршы мен тыңдаушы, екеуіне де ортақ кең дүниеге бір көзқараспен қарап, бірдей ойлап, айналаны бірдей эстетикалық жағынан қабылдау барысында өздеріне ортақ, керек және түсінікті шындықты көреді. Ол көрініс ойдан, қиялдан шығарылған емес, орындаушы мен тыңдаушының ізгі, идеалды, кемшіліксіз шындығынан туған көрініс. Демек, эпикалық ортаға ортақ эпикалық тіл, эпикалық кілт болуы тиіс. Сонда, ғасырлар бойы эпикалық жырдың музыкалық және көркемді поэтикалық мәтіні өзгеріп отырғанымен (себебі фольклордың өзі бір орында тұрмайтын құбылыс), эпикалық негізі (оның ішінде музыкалық негізі де) сол қалпында қалады.

Сонымен, бірінші бөлімді қорытындылай келе, келесі іс-әрекеттерді ұмытпау қажет екендігіне көзіміз жетті: Біріншіден, әдебиеттанушы және фольклортанушы ғалымдардың терминологиясы тек қазақ эпосы емес жалпы әлем эпосын зерттеу жолындағы музыкатану ғылымын «дағдарыстан» құтқарып, жаңа бағыт көрсетеді; Екіншіден, эпос – өнердің синкретті түрі болғандықтан, ол өз бойына сөз өнерін, музыкалы орындаушылық өнерді, сахналық шеберлік пен дарындылықты, аудиторияны баурап алу кәсіптілігін, білім және этикет өнерін меңгеруді қамтиды. Сондықтан, эпос өнерін қарастыратын болғандықтан, жанрдың тұтастығын қалыптастырушы салаларды да қарау тұра келеді. Себебі, аталғандардың біреуі болса да назардан тыс қалса, біздің ұғымымыздағы  эпостың бейнесі жай ғана жартылай емес, тіпті қате болуы да мүмкін. Эпосты жанр және тарихи шындықтың фольклордағы сәулесі ретінде музыкатанушы ғалым үшін поэтикалық мәтін мен фольклортанушылардың еңбектерінің көмегі орасан зор екендігін ұмытпай, қазақ эпикалық шығармасын талдау, зерттеу барысында міндетті түрде эпикалық дәуірді, халықтың этникалық өзіндік сана-сезімін, ой-өрісін ескеріп отыру қажет.



жүктеу 179 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау