С0 =5 izcos α (25.17)
і, z – қатар саны және бір қатардағы домалау дененлерінің саны; dш – шарик диаметрі, мм; dр,lр – роликтің ұзындығы және диаметрі,мм; - номиналдық жанасу бұрышы; К - коэффициентті радиалды және радиалды тіректі подшипниктер үшін 1,25 ал өзінше орналасатын подшипгиктер үшін 0,33.
Осы көрсетілген формулалар арқылы роликті подшипниктеріміз статикалық жүк көтергіш қабілеттілігі шарикті подшипниктерге қарағанда үлкен деп айтуымызға болады.
Келтілілген стптикалық күш радиалды шарикті пошшипник, радиалды тіректі, шарикті және роликті подшипниктер үшін келесі формула арқылы анықталады:
F0 =Х0Fr+ Ү0 Fa және F0 = Fr
Х0,Ү0 коэффициенттерінің мәндері 25.3 кестеден алынады.
Домалау подшипниктерін орнатыу.Домалау подшипниктері дайындау және жинау тазалығы мен дәлдігіне бакйланысты, МЕСТ 520-71 бойынша бес класс дәлдігіне бөлінеді: 0-қалыпты ; 6-жоғарлатылған; 5-жоғары; 4-өте жоғары; 2-тым жоғары. Жалпы машина тораптарында қалыпты класс дәлдікпен (0) дайындалған подшипниктер пайдаланылады.
Әлбетте олардың дәлдік класы жоғарлаған сайын бағасы да қымбаттайды.
Домалау подшипниктерін орналастыру үшін шамасы мен бағытына жұмыс істеу жағдайларына, радиалды және осьтік саңылауларын ретту тәсілдеріне, жиналуына байланысты алынады. Көбінесе олардың ішкі шығыршықтары біркелкі қозғалмайтындай етіп отырғызылады, ал сыртқы шығыршығы ауыспалы қондыру әдісімен немесе аздаған саңылаумен жылжымалы етіп оорналастырылады.
Подшипниктерге түсетін күштің өзгеруіне байланысты олардың білік пен корпусқа қалай қондырылыуын таңдау 25.4 кестесінде, олардың дәлдік шегінің аумағы 25.5 кестесінде және іс жүзінде алынатын қондыру мысалдары 26.6 кестесінде көрстілген.
Сыртқы шығыршықтың жылжымалы етіп қондырылуы подшипниктердің бірқалыпты тозуына жағдай туғызады. Подшипниктердің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне олардың бет-бедерлерінің тазалығы өте көп әсер етеді, сондықтан олардың шамасы 0,4...0,8 мкм(МЕСТ 2789-73)
.
Муфталар.Муфталардың атқаратын қызметі және олардың түрлері.
Бәрімізге белгілі машиналар жеке-жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар болса, бір-бірімен муфталар арқылы қосылады және олар тораптар арасындағы күш байланысын қамтамасыз етеді.
Техникада муфта деп, біліктерді жалғастыратьын тетікті айтамыз. Муфталар машиналарда көбінесе қозғалтқышпен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады. Машина жасау өндірісінде муфталар көбінесе мынадай жағдайларда қолданылады.
а) Біліктерді өзара жалғастыру үшін;
ә) Қозғалтқыштар мен жұмыс істейтін механизмдерді қосу және ажырату үшін;
б) Жұмыс істеп тұрған машина бөлшектерін шамадан артық түссетін күштен сақтау үшін;
в) динамикалық күштерді азайту үшін ;
г) машина тораптарын құрастырғанда пайда болатын қателіктерді жою үшін.
Муфталар өздерінің ішкі құрылысына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді:
а) Механикалық муфталар;
ә) Электрлік муфталар;
б) Гидравликалық муфталар.
Машина бөлшектері курсында тек механикалық муфталар ғана қарастырылады.
Механикалық муфталар. Механикалық муфталардың өзі атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: а) басқарылатын; б) басқарылмайтын; в) автоматтандырылған(өзін-өзі басқаратын).
Ал басқарылмайтын муфталарға: 1) тұйық муфталар; 2) теңелту муфталары; 3) еркін қозғалыс муфталары жатады.
Муфталар арқылы берілетін айналу моментінің мөлшері олардың негізгі сипаттамасы болып табылады.
Тұйық муфталар.Тұйық муфталар біліктерді біртұтас етіп байланыстырыуға арналған.Тұйық муфталардың бір кемшілігі оларды қондыру жұмыс істеп тұрған машиналарды тоқтатып, сол муфта арқылы байланысқан агрегаттарды ось бойынша жылжыту керек.
Тұйық муфталар серпімді және реттеуші муфталарға қарағанда аз орын алатын болғандықтан, оларды ұзын және өте жақын орналасқан біліктерді байланыстыруға қолданады.
Тұйық муфталар втулкалы және фланецті болып екі түрге бөлінеді.
Втулкалы муфталар. Втулкалы муфталардың құрылысы қарапайым және көлемі кіші болады. Осыған байланысты жеңіл машиналарда диаметрі 60...70 мм-ден аспайтын біліктерді қосуға жиі қолланылады. Бұл муфталардың ауыр машиналарда қолданылатын себебі монтаждау кезінде біліктерді ось бойымен жылжытуды қажет етеді(18).
Втулкалы муфталар біліктерге бірнеше әдіспен а) конусты немесе цилиндрлі штифт арқылы(26.1 а-сурет); б) призмалы немесе сегментті шпонка және орнықтыру винті арқылы (26.1 б-сурет) бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |