Олар сыртқы және ішкі шығыршықтан, бірқатар шариктер мен сеператордан тұрады. Бұл подшипниктер көбінесе радиалды күштер кезінде пайдаланылады. Сондай-ақ олар кейбір жағдайда радиалды күшпен бір мезгілде осы күштің пайдаланылмаған бөлігінің 70%-дан аспайтын осьті күштер әсер еткенде де қолданылуы мүмкін.
Бұл подшипниктер өзінің жинақтылығы, жеткілікті жүк көтергіштігі шыдамдылығы, осьтік күштерді қабылдай алатындылығымен кеңінен таралған. Сфералы подшипниктің өздігінен орнығуын қамтамасыз ету үшін оның шығыршығының науашасы подшипник центрінен сызылған сфералық бет бойынша жасалады. Бұндай подшипник негізінде білік 2-3 градусқа қиғашталуы болған кездегі радиалды күштерге жұмыс істейтіндігінің 20%-нан аспайтындығын осьтік күштерді де қабылдай алады.
Домалау подшипниктерінің ішкі диаметрі 3...10 мм аралығында әрбір 1мм-ден кейін, 10...20мм аралығында 2-3 мм-ден кейін, 20-110 мм аралығында әрбір 5 мм-ден, 110...200 мм аралығында 10 мм-ден, ал 500 мм-ден жоғары 20 мм-ден кейін стандартталған.
Домалау подшипниктерінің номерлері төменгі шартты белгілерді көрсетеді. Ең соңғы цифраны 5-ке көбейтсек подшипниктердің диаметрі 20...495 мм аралығында анықталады. Соңынан немесе оңынан санағанда 3-ші цифр олардың сериясын, ал 4-ші цифр подшипниктерінің түрлерін төменгіше анықтайды. 3-ші цифр: өте жеңіл серия – 1, жеңіл-2, орта-3, ауыр- бірқатарлы шарикті подшипниктер – 0 радиалды екі қатарлы сфералы шарикті – 1, радиалды кеспек роликті-2, радиалды сфералы екі қатарлы роликті – 3, ұзын роликті және инелі – 4, бұрмалы роликті подшипниктер – 5, радиалды сүйеніш шарикті подшипникті – 6, конус роликті – 7, шарикті сүйеніш – 8, роликті сүйеніш подшипниктер – 9 цифрларымен белгіленген. Мысалы, радиалды бір қатарлы шарикті подшипник, ішкі диаметрі 25 мм-ге тең болса, жеңіл серия үшін 205, орта-305 және ауыр сериялар – 405 олып белгіленеді, ал конус роликтіжеңіл сериялы подшипниктер – 7205, радиалды сүйеніш подшипниктер – 36205 деп белгіленеді. Шығыршықтарды ығыстырып, пайда болған саңылауға шариктерді сыйғанынша орналастырады да, содан соң шеңбер бойымен науашаға таратады. Енді екі жағынан сеператор қойып, заклепкамен бекітіледі.
Енді роликті подшипниктердің негізгі түрлерін қарастырайық 25.4-сурет. Радиалды қысқа цилиндрлі роликті подшипник, (25.4 а-сурет, МЕСТ 8328-75) үлкен радиалды күштер кезінде қолданылады. Оның жүк көтерілімділігі радиалды бір қатарлы шарикті подшипникке қарағанда шамамен 1,7 есе артық.
Подшипниктерді таңдап алу.Келтірілген күшті анықтаған соң, подшипниктердің жұмыс істеу мерзімін (L) анықтаймыз. L дегеніміз қажау пайда болғанға дейін немесе жұмыс істеу мерзіміне байланысты миллионмен алынған подшипниктердің айналу саны, олай болса олардың жұмыс істеу мерзімін уақыт өлшеміне айналдырсақ (сағ)
(25.10)
Lһ – подшипниктердің сағат өлшемінде алынған жұмыс істеу мерзімі (Lһ2500...10000); n – подшипниктердің бір минуттағы айналу саны.
Подшипниктердің динамикалық жүк көтергіш қабілеттілігі былай анықталады:
C = (25.11)
Дәреже көрсеткіші р шарикті подшипниктер үшін 3-ке, ал роликті подшипниктер үшін 3,33-тең. Табылған динамикалық жүк көтергіш қабілеттілігі бойынша каталогтан керекті подшипниктер үшін таңдап алады. Кейбір жағдайда подшипниктер машиналардың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты бірден алынуы мүмкін, бұл жағдайда олардың жұмыс істеу мерзімі анықталуы керек:
(25.12)
Подшипниктер тұрақсыз режимінде жұмыс істегенде оларды эквиваленттік күш арқылы таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |