2
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1.Ұжымдық келісімшарт Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек
кодексіне және «Білім туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Әлеуметтік әріптестік
туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университетінің Даму стратегиясына, Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің Жарғысына және Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің қызметкерлерінің Кәсіптік одақ жарғысына
сәйкес әзірленген.
1.2.Осы
келісімшарттың
шарттары
да
«Қазақстан-2050»
стратегиясында
айқындалған мақсаттарды іске асыруға, персоналдарды басқарудың заманауи
тәсілдері мен тетіктерін енгізуге және Университеттің корпоративтік басқару
жүйесін сапалы жақсартуға, оқу бағдарламаларын «Қазақстан-2050» стратегиясында
айқындалған мақсаттар мен міндеттерге бағдарлауға және бәсекеге қабілетті
мамандарды даярлауға бағытталған.
1.3.Ұжымдық келісімшарт – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің жұмыс берушісі мен еңбек ұжымы арасындағы әлеуметтік-еңбек
қатынастарын реттейтін ішкі нормативтік құқықтық акт.
1.4.Ұжымдық келісімшарт – Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық
Мемлекеттік кәсіпорны «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті» (бұдан әрі – «Университет») қызметкерлерінің құқықтары мен
мүдделерін қорғауға кепілдік ететін құжат болып табылады.
1.5.Университет әкімшілігі Кәсіптік одақ ұйымын және оның атынан еңбек
қатынастарын реттеу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуде Кәсіптік одақ
комитетін еңбек ұжымының дара және өкілетті өкілі ретінде мойындайды.
Университеттің еңбек ұжымына – профессор-оқытушылар құрамы, оқу-
қосалқы, әкімшілік-басқару және қызмет көрсетуші персоналдар жатады.
1.6.Ұжымдық келісімшарт жасау кезінде Жұмыс беруші атынан университеттің
ректоры және Еңбек ұжымы атынан Кәсіптік одақ комитеті Тараптар ретінде
қатысады.
1.7.Ұжымдық Келісімшарт жобасы Университеттің бөлімшелерінде міндетті түрде
талқыланады және түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, келісілген
екі жақты комиссиямен толықтырылып жасалады.
1.8.Келісім жасалған жағдайда ұжымдық Келісімшарт мемлекеттік және орыс
тілдерінде екі данада жасалады және Жұмыс беруші атынан ректор, Университет
ұжымы атынан Кәсіптік одақ комитетінің төрағасы қол қояды.
1.9.Ұжымдық келісімшарттың шарттары Университет қызметкерлерінің тек кәсіптік
одақ мүшелеріне ғана қатысты.
1.10.Ұжымдық келісімшарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді және келесі
Ұжымдық келісімшартты бекіткенге дейін күшінде болады.
1.11.Жұмыс беруші және Кәсіптік одақ комитеті Ұжымдық келісімшарт мәтінін қол
қойылған күннен бастап бір ай мерзім ішінде қызметкерлерге таныстыруы тиіс.
1.12.Ұжымдық
келісімшартқа
енгізілетін
өзгерістер
мен
толықтырулар
келісімшартты жасасу тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Келісімшарттың әрекет
етуі біржақты тәртіпте тоқтатылуы мүмкін емес. Ұжымдық келісімшарт жасасқан
Тараптар Университеттің Еңбек ұжымының конференциясында және Ғылыми
кеңесте оның орындалуы туралы жүйелі түрде есеп береді.
1.13.Ұжымдық келісімшарт қабылданған күннен кейін бір ай ішінде еңбек жөніндегі
уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мониторинг үшін ұсынылады.
3
1.14.Қызметкерлер Кәсіптік одағы комитетінің төрағасы Университеттің Ғылыми
кеңесі мен ректораттың дауыс беру құқығы бар мүшесі болып табылады.
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
2.1.
Жұмыс берушінің міндеттері:
2.1.1.
Еңбек туралы заңнамалардың, еңбек және ұжымдық келісімшарттар
талаптарын сақтауға;
2.1.2.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында (оларға қол қойдыру арқылы)
еңбек және демалыс режимімен, жұмыс мерзімімен, еңбекақы төлеу жүйесімен,
белгіленген жеңілдіктермен, Ұжымдық келісімшартпен, Университет Жарғысымен
және Еңбек тәртібі ережелерімен; ал өз бөлімшесінде лауазымдық нұсқаулықпен
таныстыруға;
2.1.3.
Ректор,
проректорлар,
институт
директорларын
Университет
қызметкерлерімен, кем дегенде жылына екі рет кездесуін өткізуге. (жарты жылдық,
жылдық қорытындылар бойынша қаржылық есеп беру жиналыстары);
2.1.4.
Университет қызметкерлерінің әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін
реттейтін лауазымдық нұсқаулықтарын нормативтік құжаттарға сәйкес келтіруге
және олармен қызметкерлерді қол қойдыру арқылы таныстыруға;
2.1.5.
Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес, қызметкерлердің
еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығы мен өміріне келтірілген зиян үшін,
жауапты болуға;
2.1.6.
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес
қызметкерлердің жұмыста алған жарақаттары үшін өтемақы төлеуге
;
2.1.7.
Егер жұмыстың жалғасуы қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіпті
болса, оны тоқтата тұруға;
2.1.8.
Қызметкерді еңбектің зиянды, қауіпті жағдайларымен және кәсіптік ауруға
шалдығу ықтималдығы туралы ескертуге
;
2.1.9.
Қызметкерлердің
еңбек
қызметін
растайтын
және
зейнетақымен
қамтамасыздандыру қорына бөлінген аударымдар туралы құжаттарды мұрағатқа
дер кезінде тапсыруға;
2.1.10.
Кәсіптік одақ ұйымын Университеттің жоспарлары мен міндеттері туралы,
олардың орындалуы мен ықтимал өзгерістері туралы хабардар етуге;
2.1.11.
Өз қызметінде ректорат пен Ғылыми кеңес шешімдері туралы мәлімет беру
жолымен жариялылықпен қамтамасыз етуге, ұжым мүшелерінің мүдделеріне
қатысты ректор бұйрықтары мен басқа да құжаттармен таныстыруға;
2.1.12.
Кәсіптік одақ ұйымына Университет ұжымы мүшелеріне қатысты ҚР «Еңбек
кодексін», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Зейнетақымен қамтамасыз ету
туралы» заңдары және басқа да заңнама актілерінің тәртіптерінің сақталуына
қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін беруге. Бұндай тәртіп
бұзушылықтар болғандығы байқалған жағдайларда, оларды жоюға;
2.1.13.
Өз бетінше немесе Кәсіптік одақ комитетінің келісімімен келесі мәселелер
бойынша:
- жалақы және еңбек жағдайларын реттеу актілерін қабылдауға;
- материалдық және моральдық көтермелеуге;
- тұрғын үй және жатақхана беруге;
- Университеттің ішкі еңбек тәртібі ережелерін қабылдау туралы шешімдер
қабылдауға;