6
- кітапхананы жаңа оқу және ғылыми-техникалық әдебиеттермен толықтыру,
оқу және ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын арттыру үшін қорларды ғылыми-
техникалық ақпараттармен толықтыруға;
- шаруашылық қажеттіліктер және басқа да шығындарға пайдаланады.
4. ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
4.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:
4.1.1. Мемлекеттік тапсырыстың орындалуын және кадрлар даярлығын қамтамасыз
ететін ғылыми және педагогикалық кадрларға деген қажеттілікті жыл сайын алдын
ала есептеуге және болжауға;
4.1.2. Университет түлектерін жұмысқа қабылдау үшін белгілі орын санын
қарастыруға магистратураға және докторантураға;
4.1.3. Штаттық оқытушыларды ПОҚ лауазымдарына конкурстық орналасу
ережесіне сәйкес Университетке жұмысқа алу, ал қалған санаттағы қызметкерлерді
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа
қабылдауға;
4.1.4. Еңбек кодексіне сәйкес университеттегі жұмыс уақытының ұзақтығын
аптасына 40 сағаттан аспайтын сақтауға. Университеттің бірінші және екінші
топтағы мүгедек-қызметкерлері үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын, қысқартылған
жұмыс уақыты белгіленеді.
Күнделікті жұмыс ұзақтығын қаматамасыз ету:
1) бес күндік жұмыс аптасы үшін апталық норма 40 сағат болғанда, күнделікті
жұмыс ұзақтығы - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан
аспауға тиіс;
2) алты күндік жұмыс аптасы үшін апталық норма 40 сағат болғанда, күнделікті
жұмыстың ұзақтығы - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан
аспауға тиіс. Университет қызметкерлеріне апта сайын демалыс күндері беріледі.
Бес күндік жұмыс аптасында Университет қызметкерлеріне аптасына екі
демалыс күні – сенбі және жексенбі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір күн –
жексенбі берілуін қамтамасыз етуге;
4.1.5. Оқу және ғылыми жұмыстың алуан түрлерін (бекітілген жеке жоспардан тыс),
оның ішінде тиісті бағдарламалар мен мемлекеттік білім беру стандарттары аясынан
тыс жаңа оқыту технологияларын, түрлі инновациялық бағдарламалар мен
жобаларды әзірлеу және енгізу, ақылы білім беру қызметтерін (қосымша
бағдарламалар бойынша оқыту және тағы басқаларды) орындау туралы Университет
қызметкерлері Жұмыс берушімен келісімшарт жасауға құқы бар;
4.1.6. Университет қызметкерлері еңбек шартында көрсетілмеген жұмыстарды
(қызмет көрсетуді) тек олардың келісімі бойынша, жасалған мердігерлік
келісімшарттар негізінде ғана орындауға тартылуы мүмкін;
4.1.7. Университет қызметкерлері басқа ұйымдарда жұмыс істесе немесе жеке
бизнес жүргізсе, олардың Университетке тиесілі кез келген оқу-әдістемелік және
ғылыми материалдарды пайдалануға құқығы жоқ;
4.1.8. Университет өз қаржысы есебінен бөлінген қаражат шегінде қызметкерлердің
оқу мерзімі ішінде лауазымы бойынша жалақысын сақтай отырып, біліктілікті
арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыра алады.
Қызметкер оқуды аяқтағаннан кейін келісімшартта көрсетілген қайта
даярлауға кеткен мерзімді өтеуге міндетті.
7
Егерде қызметкер келісімшартта көрсетілген оқыту мерзімін жұмыспен
өтемесе, Университет оқытумен байланысты шығындарды, істелінбеген жұмыс
мерзіміне сәйкес пропорционалды түрде қайтарып алуға құқылы.
4.1.9. Жұмыс орнын қысқарту қажеттілігі туған жағдайда белгіленген тәртіп
бойынша келесі шаралар қолданылады:
- құрылымдық бөлімше жетекшісінің ұсынысы бойынша бос жұмыс
орындарын қысқарту, қосалқы атқарушылар мен уақытша жұмыс істеушілерді
жұмыстан босату;
- жұмыстан босатылған қызметкерлердің білімі біліктілік талаптарына сәйкес
келсе, қызметкерлерді олардың келісімі бойынша университет ішіндегі бос жұмыс
орындарына ауыстыру.
4.1.10. Кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шарттары
келесі
жағдайларда бұзылады:
1) қызметкерлер саны немесе штаты қысқарған жағдайда;
2) біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкердің атқаратын қызметіне
немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі жағдайында;
3) еңбек
жағдайының өзгеруіне байланысты, қызметкердің жұмысты
жалғастырудан бас тартуы жағдайларында, кәсіптік одақ мүшесі болып табылатын
қызметкерлермен еңбек шарттарын бұзу Университет қызметкерлерінің Кәсіптік
одақ комитетінің уәжді пікірлерін есепке ала отырып жүргізіледі.
Қызметкерлердің Кәсіптік одақ комитетінің уәжді пікірін алу үшін жұмыс
беруші жазбаша түрде Кәсіптік одақ комитетіне жүгінеді, онда қызметкердің аты-
жөні, тегі және еңбек шартын бұзу негіздемесі көрсетіледі.
Кәсіптік одақ комитеті он күнтізбелік күннен кешіктірмей, келіп түскен
сауалға уәжді пікір береді.
4.1.11. Қызметкерлер штатын және санын қысқартуға байланысты еңбек шартын
бұзған жағдайда, жұмыстан босатудан бір ай бұрын қызметкерді алда тұрған
келісімшартты бұзу туралы жазбаша хабардар ету керек;
4.1.12. Қызметкерлер штатын немесе санын қысқартуға байланысты еңбек шарты
бұзылған жағдайда қызметкерге бір айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеуге
міндеттенеді.
4.2. Кәсіптік одақ комитеті міндетті:
- өз құзыреті шегінде «Кәсіптік одақ туралы» заңға сәйкес әрекет етуге және
бақылауға, заңнамаларда көрсетілген және Университет әкімшілігі мен Университет
қызметкерлерінің осы Ұжымдық келісімшартқа сәйкес еңбек, әлеуметтік, сонымен
қатар басқа да құқықтарын, кепілдіктер мен өтемақыларын сақталуына мүмкіндік
жасауға.
5. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
5.1.Университет
қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі Қазақстан
Республикасының Заңнамасы белгіленген тәртіппен айқындалады.
5.2.Университет оқытушыларының айлық еңбекақысын есептеуге арналған
нормативтік оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңымен,
басқа да нормативтік актілермен, оның ішінде Университеттің нормативтік
актілерімен айқындалады.