10
6. ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
6.1. Жұмыс беруші міндеттенеді:
6.1.1. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техниканы, өндірістік санитарияны сақтау,
қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайлары мен тұрмысын жасау бойынша іс-
шараларды толық орындауға.
6.1.2. Химиялық
зертханалар,
шеберханалар,
оқу
ғимараттарының
және
жатақханалардың вахталарын нормаларға сәйкес медициналық көмек (дәрі-дәрмек
қобдишасымен) құралдарымен қамтамасыз етуге.
6.1.3. Жайлардың үстінгі жабуларын, жылу жүйелер мен желдетпе құрылғыларын,
есік-терезелерді қысқа дайындау, жөндеу жұмыстарын жыл сайын 1 қазанға қарсы
орындауға.
6.1.4. Университеттің қысқы жағдайда жұмыс істеу дайындығы туралы әкімшілік-
шаруашылық басқармасының жыл сайынғы есебін 15 қазанға дейін ректорат
отырысында тыңдауға.
6.1.5. Әжетханалар мен басқа да санитарлық-тұрмыстық құрылғылар жұмысын
санитарлық нормаларға сәйкес үнемі қамтамасыз етуге.
6.1.6. Университеттің өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу,
оқу-өндірістік және көмекші жайларды тиісті өртке қарсы жабдықпен, нұсқаулықтар
мен ережелермен қамтамасыз ету, күзет қызметкерлерімен нұсқама өткізуді және
қызметкерлерді өрт-техникалық минимумға үйретуді ұйымдастыруға.
6.2. Кәсіптік одақ комитеті міндеттенеді:
- еңбек ұжымының еңбегін қорғау бойынша уәкілетті тұлғалар және әкімшілік-
қоғамдық бақылау комиссиясы еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника, өндірістік
санитарияны сақтау, қызметкерлердің қауіпсіз жағдайларын және тұрмысын жасау
бойынша іс-шараларды орындауға жәрдемдесу және оларға үнемі бақылау
жүргізуге.
7. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Еңбек келісімшартының бір тарабы екіншісіне залал (зиян) келтірсе, бірінші
тарап оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы зааңнамасына сәйкес өтейді.
Залал (зиян) келтіргеннен кейін еңбек шартын тоқтату өзінің артынан
материалдық жауапкершіліктен босатуға апармайды.
7.2. Еңбек келісімшартындағы тараптың келтірілген залалы (зияны) үшін
материалдық жауапкершілігі кінәлінің құқыққа қайшы тәртібінің нәтижесінде пайда
болады: әрекеті немесе әрекетсіздігі.
7.3. Жұмыс
беруші
қызметкерлер
алдында
Қазақстан
Республикасының
заңнамасына сәйкес материалдық тұрғыдан жауапты болады.
7.4. Қызметкерлер жұмыс берушінің алдында төменде көрсетілген залал үшін
жауапты болады:
1) Жұмыс берушінің мүлігін жоғалтқаны немесе оны бүлдіргені үшін;
2) Қызметкердің құқыққа қайшы әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде
пайда болған залал үшін.
7.5. Қызметкерлер келтірген залал үшін Еңбек кодексі аясында материалдық
тұрғыдан жауапты болады.
7.6. Университетке келтірілген залалдың толық мөлшеріндегі материалдық
жауапкершілігі мына жағдайларда қызметкерлерге жүктеледі:
11
1) толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша жасалған келісімшарт
негізінде тапсырылған мүліктің немесе басқа да құндылықтар сақталуын қамтамасыз
етпегені үшін;
2) қызметкер біржолғы құжат бойынша алған есепті мүліктің немесе басқа да
құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін;
3) арақ, есірткі немесе улы заттарды (соларға ұқсас заттарды) қолданып, мас
күйінде зиян келтіргені үшін;
4) Университет қызметкерге пайдалануға берген материалдарды, жартылай
өңделген өнімдерді, бұйымдарды (өнімді), құрал-саймандарды, өлшеуіш
аспаптарды, арнайы киім және тағы да басқа заттарды қасақана жойғаны немесе
бүлдіргені үшін немесе олардың жетіспеушілігі болған жағдайда;
5) қызметкердің заңсыз әрекеттерінің себебінен залал келтірілгені Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте расталған жағдайда.
7.7. Университет қызметкерінің жазбаша берген түсініктемелерін ескеріп, зиянның
пайда болу себебін тексергеннен кейін, ол материалдық жауапкершілікке
тартылады.
Университетке келтірілген зиян мөлшерін анықтау инфляция коэффициентін
қолданып немесе материалдық құндылықтардың нарық құнына негіздеп, олардың
баланстық құнына негізделіп, материалдық құндылықтарды алу күніне байланысты
бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде нақты шығын бойынша жасалады.
7.8. Университет қызметкері келтірген зиянды сот шешімінің негізінде немесе өз
еркімен өтейді.
Қызметкер Университет әкімшілігінің келісімімен келтірген зиянды өтеу үшін
тең бағалы мүлікті бере алады.
Қызметкер Университетке зиян келтіру себебі болған әрекеті (әрекетсіздігі)
үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына
қарамастан залалды өтейді.
7.9. Қызметкер мына жағдайларда зиянды өтеуден босатылады:
а) егерде зиян оның кінәсі бойынша жасалмағаны анықталса;
б) егерде зиян еңсерілмес күш, аса мұқтаждық жағдайында немесе қажетті
қорғаныс нәтижесінде пайда болса.
7.10. Жеке толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт берілген
материалдық құндылықтарды қолдану, өңдеу, сақтау, беру, тасымалдаумен
байланысты қызметті атқаратын немесе жұмыстарды орындайтын қызметкермен
жасалады.
Жеке толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарттар еңбекшартын
жасау кезінде де, еңбек шартының қосымшасын жасау кезінде де жасалу мүмкін.
Жеке толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарттар он сегіз
жасқа толған қызметкерлермен жасалады.
8. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР
8.1.
Жұмыс беруші міндеттенеді:
8.1.1.Университеттің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге 50, 60, 70, 75, 80
жасқа жеткенде бір айлық еңбекақы көлемінде сыйақы беруге.
8.1.2.Мейрам күндері қарсаңында университет қызметкерлеріне, сондай-ақ білікті
мамандар даярлаудағы және ғылыми зерттеулердегі жоғары жетістіктер үшін
сыйақы беруге.