Келісілді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Д. Бекманов 2018ж. «Базалық цифрлық дағдылар» курсы бойынша семинардың ОҚу бағдарламасы



жүктеу 145,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі145,5 Kb.
#19698
түріСеминар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ
«ЗЕРДЕ» ҰЛТТЫҚ ИНФОКОММУНИКАЦИЯ ХОЛДИНГІ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

КЕЛІСІЛДІ

Ақпараттандыру саласындағы

мемлекеттік саясат департаментінің директоры
________________ Д.Бекманов

«__» __________ 2018ж.


«Базалық цифрлық дағдылар» курсы бойынша семинардың

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ӘЗІРЛЕНДІ

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ

Басқарма Төрағасының орынбасары

_____________Ж.З.Жахметова

«___»________________2018жыл

Астана-2018


КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі






Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

1.










2.










3.










«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ






Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

1.

Л.С.Жуманалиева

Цифрлық дағдыларды дамыту департаментінің директоры




2.

Г.Д.Абдығалиева

Цифрлық дағдыларды дамыту департаментінің бас аналитигі





ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Ақпараттандыру туралы» Заңға сәйкес, цифрлық сауаттылық – адамның күнделікті өмірде және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі, олар 4 базалық цифрлық дағдыларды қамтиды:

  1. Базалық цифрлық дағдылар;

  2. e-gov дағдылары;

  3. OpenGov дағдылары;

  4. e-commerce дағдылары;

2 қосымшалы, кәсіби цифрлық дағдылар;

  1. Медиа дағдылар;

  2. Кәсіби цифрлық дағдылар.

Аталған оқыту бағдарламасында тұрғындарды базалық цифрлық дағдыларға оқыту қарастырылады.

Оқыту бағдарламасының мақсаты – әрі қарай оқу, жұмысқа орналасу немесе еңбек қызметін жалғастыру үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімін жетілдіру қажеттілігін қамтамасыз ету.




Курстың мақсаты:

Халықты базалық ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жұмыс жүргізудегі негізгі білімдер, біліктер және дағдылармен қамтамасыз ету

Курстың міндеті:

Курстың міндеттері:

- дербес компьютер, ноутбук, смартфон және планшетпен жұмыс істеу, сонымен қатар интерфейс, бағдарламалар, файлдар мен папкалармен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;



  • қосымшалы құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

  • бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану дағдысына, сонымен қатар іздеу алгоритмі, мәтінді тез теру, Интернет желісіндегі баршаға қолжетімді ақпаратты қарап шығу және көшіру дағдыларына оқыту;

  • негізгі офистік бағдарламаларды (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, дерекқорлар, презентацияларды және т.б) пайдалану дағдыларына оқыту;

  • түрлі мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, электрондық поштаны және т.б. пайдалану дағдыларына оқыту;

  • Интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу компьютерлермен және бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыс істеу кезінде құпиялығын, оның ішінде дербес деректерді қорғау дағдыларына оқыту.



Тыңдаушыға қойылатын талаптар:

  • ақпараттық технологиялардың негізгі ұғымдары туралы жалпы түсінігі болуы тиіс;

  • дербес компьютер, ноутбук, смартфон және планшет туралы негізгі ұғымдары болуы тиіс;

  • қауіпсіздік техникасының негізгі талаптарын білуі тиіс.

Курсты зерделеу нәтижесінде тыңдаушы:


білу қажет:

- дербес компьютерлер, ноутбуктар, замануи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі орны туралы негізгі деректер;

- офистік бағдарламалармен (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, дерекқор, көрсетілімдермен және т.б) жұмыс жүргізу негіздері;

- Интернет желісін пайдаланудың негізгі салалары;

- компьютерлік қауіпсіздік негіздері, вирусқа қарсы әдістер және т.б.
меңгеру қажет:

- дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар және планшеттерді жұмыста өз бетінше қолдану және пайдалану;

- негізгі офистік бағдарламаларды (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, дерекқорлар, презентациялармен және т.б) пайдалану;

- Интернет желісін күнделікті және кәсіби қызметте пайдалану.

- дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар және планшеттерді, сонымен қатар жеке деректерді қорғау бойынша іс-шараларды өз бетінше қабылдау;

Бағдарлама 8 аудиторлық сағатқа (480 минут) есептелген, оның ішінде: дәрістер - 6 сағат (360 минут), тәжірибелік жұмыстар - 2 сағат (120 минут).

Тыңдалған курсты бекіту ретінде тыңдаушылар және жаттықтырушының талаптары бойынша оқу жоспары мен бөлінген сағаттарға сәйкес, тәжірибелік жұмыстарды орындауын қарастыруы қажет. Алынған білім деңгейіне қорытынды бақылау ретінде сертификациядан өтуі (талабы бойынша) мүмкін.

Оқыту курстың оқу материалдары нұсқаулық-ескертпелер түріндегі үлестірмелі материалдарды (жаттықтырушының қалауы бойынша тыңдаушыларға арналған) қамтиды.



Тақырыптық жоспар


р/с

Тақырыптар мен тараулардың атауы

Аудиторлық сағаттар

Барлығы(мин)

Дәрістер (мин)

Тәжірибелік

жұмыстар (мин)

1

Кіріспе

15

15

-

2

Дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар және планшеттер туралы негізгі мәліметтер

15

15

-

2.1

Дербес компьютер/ноутбуктың негізгі құраластары (монитор, компьютерлік жүгіртпе, пернетақта, операциондық жүйе, бағдарламалар, файлдар және папкалар)

20

20

-

2.2

Смартфон/планшеттің негізгі құраластары (бейнебет, аккумулятор, аналық тақта, пернетақта, камера және т.б.)

20

20

-

2.3

Операциондық жүйенің негізгі қызметі (интерфейстер, бағдарламалар, папкалар мен файлдармен жұмыс жүргізу)

20

20

-

3

Кеңселік бағдарламалар туралы жалпы мәліметтер (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, дерекқорлар, көрсетілімдермен және т.б)

25

25




3.1

Кеңселік бағдарламалардың негізгі компоненттері

25

25

-

3.2

Жекеленген кеңселік бағдарламаларды тереңдетіп оқыту

140

60

80

4

Интернет желісі

25

25

-

4.1

Интернет желісіндегі жұмыстардың түрлері (қосу, ақпаратты іздеу және тарату қатынасу және файлдармен алмасу)

35

25

10

5

Қауіпсіздігі және құпиялығы

90

60

30

5.1

Дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар және планшеттерді қорғау

30

30

-

5.2

Дербес мәліметтерді қорғау (құпия сөз орнату, бұзудан қорғау және т.б.)

20

20

-




БАРЛЫҒЫ:

480

360

120

Бір топты оқытудың жалпы ұзақтығы: 8 сағат


Оқытуға қажет жабдықтардың тізімі келесіні қамтиды:

- дербес компьютер, ноутбук, планшет, смартфон (әр тыңдаушыға);

- проектор (қажеттілігі бойынша);

- барлық қосымшаларға арналған ашық бастапқы коды бар дербес компьютерлерде, ноутбуктарда орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету.

Сыныптағы дербес компьютерлер, ноутбуктар, планшеттер мен смартфондардың Интернет желісіне қолжетімділігі болуы қажет.


  1. Кіріспе

Компьютерлік сауаттылық цифрлық сауаттылықтан бұрын болған және қосымшалар пакетін пайдалануда тәжірибелік дағдыларға көңіл бөлумен, дәстүрлі компьютерлерді қолданудағы білімдер мен дағдыларға жатады (дербес компьютерлер мен ноутбуктер сияқты).

Цифрлық сауаты бар адам цифрлық дағдылардың, есептеуіш құрылғылардың негізгі қағидаларын, компьютерлік желілерді пайдаланудағы цифрлық дағдылардың диапазонына, коғамдастықтар мен әлеуметтік желілерге қатысу және ақпаратты табу мен бағалау қабілеттілігіне ие болуы тиіс.

Оқу бағдарламасы пайдаланушылардың кең ортасына бағытталған: оқушылармен ересек адамдарға дейін, бірақ, күнделікті қызметте компьютерлік технологиялар саласындағы өз білімдерін жетілдіруді қажет етуді сезінетін, әсіресе ересек тұрғындарға пайдалы болуы мүмкін.



  1. Дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар мен планшетттер туралы негізгі мәліметтер




    1. Дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар мен планшетттер туралы ұғым.

    2. Күнделікті өмірдегі дербес компьютерлер/ноутбуктар мен басқа да базалық технологиялардың маңызды рөлін түсіндіру.

    3. Дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары бар адамға қолжетімді мансап өсуінің әр түрлі мүмкіндіктерін қарастыру.

    4. Жұмыс пен тұрмыстағы практикалық тапсырмаларды шешу үшін дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар мен планшетттер мүмкіндігі.

    5. Дербес компьютердің/ноутбуктың негізгі құрамдас бөліктерімен (жүгіртпе, пернетақта, операциондық жүйе, бағдарламалар, файлдар мен папкалар) танысу. Пернетақта, жүгіртпемен жұмыс істеу ептілігі және т.б..

    6. Смартфонның/планшеттің негізгі құрамдас бөліктерімен (диспслей, аккумулятор, аналық тақта, пернетақта, камера мен басқасымен) танысу.

    7. Жұмыс пен тұрмыста қолдануға арналған смартфон/планшеттің адамға қолжетімді түрлі мүмкіндіктерімен танысу.

    8. Операциялық жүйенің негізгі қызметтерін (интерфейспен, бағдарламалармен, папкалар мен файлдармен жұмыс) түсіндіру. Жұмыс үстелінің негізгі параметрлерін орнату.

    9. Операциялық жүйе интерфейсінің түрлі құрамдас бөліктерін анықтау. Бағдарламалар ішінде операциялық жүйенің интерфейсімен жұмыс. Терезелермен жұмыс, файлдар мен папкаларды басқару.




  1. Кеңселік бағдарламалар (мәтіндік редакторлар, электронды кестелер, дерекқор, көрсетілімдар және т.б.) туралы негізгі мәліметтер.




    1. Кеңселік бағдарламалардың қолданбалы бағыты туралы белгіленген білім көлемін қалыптастыру.

    2. Кеңселік бағдарламалардың негізгі компонеттерімен танысу. Кеңселік бағдарламалардағы негізгі компонеттерінің мүмкіндігі.

    3. Кеңселік бағдарламаларды пайдалана отырып, тапсырмаларды орындау барысында практикалық жұмыстың негізгі дағдыларына ие болу.

    4. Жеке кеңселік бағдарламаларды (мәтіндік редакторлар, электронды кестелер, деректер базасы, көрсетілімдар мен басқасы) тереңдетіп оқыту.

- мәтіндік редакторда негізгі тапсырмаларды іске қосу және орындау. Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Кестелер және суреттермен жұмыс.

- электрондық кестелер туралы бастапқы мәліметтер. Электрондық кестеге деректерді енгізу. Кесте деректерінің негізінде графика, диаграмманың әр түрін құру.

- электрондық кестелер көмегімен қарапайым санды және мәтіндік деректерді өңдеу.

- ерекше талап етілген функциялар мен арифметикалық амалдарды пайдалану.

- көрсетілімдерді дайындау үшін дербес компьютер/ноутбуктың мүмкіндіктері.

- көрсетілімдерді басып шығару үшін өзгерістерді құру, пішімдеу, енгізу.

- бір немесе бірнеше көрсетілім шегінде мәтінді, бейнелерді, суреттерді және графикаларды көшіру, қиып алу және орнын ауыстыру.

- бағдарламалық қамтамасыз етудің анимациялық және графикалық мүмкіндіктерін пайдалану.

- деректер базасына қатысты негізгі ұғымдар.

- деректер базасын құру.

- деректер базасындағы жазбалармен жұмыс.



  1. Интернет желісі. Интернет желісіндегі жұмыс түрлері (қосу, ақпаратты іздеу және жіберу, байланыс және файлдармен алмасу)




    1. Интернет желісімен танысу және оны қолданудың негізгі салалары туралы.

    2. Интернет желісіне қосылудың әр түрлі типтерінің мүмкіндіктері.

    3. Интернет желісінде ақпаратты іздеудің негізгі ережелері.

    4. Электрондық почтаның негізгі Интернет сервистері. Интернет желісінің электрондық жәшігін тіркеу, Интернет желісінде ақпаратпен алмасу, электрондық почтаны жүргізу.

    5. Интернеттегі әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілерде жеке парақшаны пайдалану мүмкіндігі.



  1. Қауіпсіздік және құпиялылық




    1. Қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі талаптар.

    2. Дербес компьютер, ноутбук, смартфон мен планшетті қорғау жөніндегі ұсыныстар. Дербес компьютер, ноутбук, смартфон мен планшетке төнетін қауіп.

    3. Дербес компьютер, ноутбук, смартфон және планшеттің қауіпсіздік параметрлері. Жиі кездесетін қауіп түрлерін шолу.

    4. Жаңарту параметрлері.

    5. Жеке деректерді қорғау (құпия сөзін орнату, бұзудан қорғану және т.б.).

    6. Жеке деректерді қорғау бойынша негізгі шаралар. Электрондық почтамен жұмыс барысында транзакцияларды, желі және интернет транзакцияларын қорғаудың негізгі шаралары.


Әдебиет

Негізгі:


  1. ҚР СТ 34.005-2002. Ақпараттық технология. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

  2. ҚР СТ ХСҰ ХЭК 17799-2006. Ақпараттық технология. Қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары. Энергетика индустриясында қолданылатын, үдерісті басқару жүйелері үшін ISO/IEC 27002 негізіндегі ақпараттық қауіпсіздікті басқару жөніндегі нұсқаулар.

  3. МСТ 14289-88. Есептеуіш техника құралдары. Пернетақталар. Перенелер мен таңбалардың орналасуы, басқару пернелердің функциялары.

  4. МСТ 29124-91. Деректерді енгізу пернетақтасы. Жалпы техникалық талаптар.

Қосымша:


  1. Стандартты оқу жоспары Microsoft «Digital Literacy», 4 нұсқасы (https://www.microsoft.com/ru-ru/digitalliteracy/curriculum4.aspx).




жүктеу 145,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау