36
Қазіргі кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекет
саясаты озық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және
оларды барлық жерде пайдалануға бағытталған. Елімізде ондаған әртүрлі
ақпараттық жүйелерді, тіркеушілерді, мемлекеттік деректер қорларын,
жүздеген қосымшаларды және сервистерді қамтитын электрондық үкімет
порталы әрекет етіп, сәтті дамып келе жатыр.
Жалпы алғанда, Қазақстанды сандық жүйеге көшіру мәселесі едәуір
жетістіктерге жетті. Бұны БҰҰ электрондық үкімет жөніндегі шолулары
шеңберінде еліміздің рейтингі дәлелдейді. Осылайша, 2018 жылы электрондық
үкіметтің даму деңгейі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 39-орынға ие
болды. Бұл кезекте, электрондық үкіметтің азаматтар үшін қолжетімділігі
индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 42-орынға иеленді
1
.
2018
жылы
Қазақстанда
«Цифрлық
Қазақстан»
мемлекеттік
бағдарламасының іске қосылғанын атап өткен жөн.Адами капиталдың даму
деңгейін арттыру арқылы еліміздің цифрлық түрленуін қамтамасыз ету,
инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда цифрлық
экожүйені дамыту бұл бағдарламаның негізгі даму бағдары болып табылады.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде елімізде биометриялық
өлшемшарттарды пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету
бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Биометриялық деректер қоры арқылы
мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тетік ХҚКО-да және электрондық
үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алған кезде, жеке құжаттарды
немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) көрсетусіз қызмет
алушылардың беті мен саусақтың ізін пайдалануды көздейді.Қазіргі уақытта
биометриялық деректер арқылы мекенжай анықтамасын алуға болады,
кейінірек ақпараттық анықтамалардың тағы 42 түрін алу мүмкін болады
2
.
Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік қызметтер секторын
дамытуда, әсіресе электрондық қызметтерді көрсету саласында, едәуір
жетістіктерге қарамастан, Омбудсмен мекемесі қызметінің тәжірибесі бұл
салада бірқатар мәселелердің барын көрсетеді. Атап айтқанда, электрондық
үкіметтен тыс қалған салаларды дамытуда едәуір артта қалу байқалады.
Өтініштердің белгілі бір бөлігін уәкілетті органдар қызметкерлерінің
бұрыс әрі қате ақпаратты ұсыну бөлігінде біліксіздігіне шағымдар құрайды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Пәкістан Ислам Республикасында дүниеге келген,
соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын А.Ш. көші-қон қызметі
органдарының әрекетіне шағымы түсті.
Өтінішке сәйкес өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінің
органдарына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берді.
Уәкілетті орган өтініш берушіге 2014 жылы салық қызметі органдары мен оның
лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындамағаны үшін оның әкімшілік жауапқа
тартылғаны туралы фактінің анықталуына байланысты оның ҚР азаматтығын алу
1
UN E-Government Knowledgebase // Country Data. Kazakhstan - https://publicadministration.un.org/egovkb/en-
us/Data/Country-Information/id/87-Kazakhstan
2
Астанада жаңа ХҚКО-да саусақтардың іздерін жинай бастады - https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/sobirat-
otpechatki-paltsev-nachali-v-novom-tsone-v-astane-359533/
37
туралы өтінішін қарау тоқтатылғаны туралы мәлімдеді.Өтініш беруші қарызды толық
өтегені мәлім болды.
Сонымен бірге, өтініш беруші өз өтінішінде бұған дейін 2017 жылы құқық қорғау
органдарына бұл мәселені түсіндіріп беруі үшін жүгінгенін атап өтті. ҚР ІІМ Көші-қон
қызметі комитеті төрағасының орынбасары қол қойған хатта оған салық қызметі
органдары мен оның лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындамағаны үшін
әкімшілік жауапқа тартылу Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы
өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды деп түсіндірілді.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін
қарастыру
тәртібі
туралы
заңнаманы
бұзу
бөлігінде
әкімшіліктендіруге шағымдар орын алды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге А.С. Қызылорда облысы әкімдігінің (бұдан әрі –
әкімдік) өтініш беруші 25 жыл бойы еңбек қызметін іске асыратын ұйымның құрылымы
мен атауының өзгеруіне байланысты қызметтік тұрғын-үйді жекешелендіруден бас тарту
мәселесі бойынша әрекетімен келіспеу туралы шағымданды.
Атап айтқанда, 1997 жылдан бері өтініш беруші мемлекеттік кәсіпорында жұмыс
істеп келеді, 2016 жылы кәсіпорынның атауы өзгертіліп, ол коммерциялық емес
акционерлік қоғамның құрамына кірді.
Бұл өтінішті қарау шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігіне тиісті сұрау жіберілді. Уәкілетті органның жауабынан өтініш берушінің
жұмысберушісі қызметтік тұрғын-үйді жекешелендіру мәселесі бойынша әкімдікке 2016
жылы ұйымның атауы мен құрылымы өзгертілгенге дейін жүгінгені мәлім болды. Алайда,
әкімдік бұл мәселені Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғынжайды есепке алу,
жекешелендіру және жалға алу жөніндегі тұрғын-үй комиссияның қарастыруына
шығармады және бұл өтініштен тиісті негізделген бас тарту туралы құжатты бермеді.
Омбудсменге пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) тарапынан
қызметтерді тиісті деңгейде көрсетпеуіне шағыммен өтініштер түседі. Әрине,
мемлекеттік органдардың ПИК қызметіне араласуына құқықтары жоқ. Алайда,
«Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті атқарушы
органдардың құзыретіне тұрғын-үй қорын басқару, тұрғын-үй инспекциясын
ұйымдастыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндетінің
кіретінін атап өткен жөн.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге О.А. және «Төрлет» ТК басқа тұрғындарының
«BASTAUORDA» ЖШС ПИК әрекетсіздігіне шағыммен ұжымдық өтініші түсті.
Өтінішке сәйкес «Төрлет» ТК үйлерінің бірінде 1-қабаттан 6-қабатқа дейін
электрқалқанда электрлік шоғырсымның жануы нәтижесінде туындаған өрт болды. Үйдің
6-қабатынан 18-қабатына дейін орналасқан пәтерлерде «Астанаэнергосбыт» жедел
қызметі электрді уақытша электр энергия көздері арқылы қоса алғаны мәлім болды.
Алайда, төменгі қабаттарда орналасқан пәтер тұрғындары шоғырсымдардың бүлінуі
себебінен электр энергиясысыз қалды.
Өтініш берушілер «BASTAUORDA» ЖШС ПИК төрағасы О.А. оларға ПИК-тің
қалпына келтіру жұмыстарына қажетті шығындарды өтеуге қаражаты жоқ деп
айтқанын мәлімдеді.
Өтініш берушілер үйдің электр жүйесіндегі күрделі ақаулар 2012 жылдан бері
байқалатынын атап өтті. Аталған үйде жарық жүйелі түрде апаттық сөніп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |