Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет22/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83

53 
 
Көршілес (межелес) учаскелер иелерінің арасында таластар анағұлым жиі 
туындайды, бұнда бұзушылықтың түріне байланысты мүлікті талап ету туралы 
немесе  иелену  және  жер  учаскесін  пайдалану  құқықтарының  бұзылуын  жою 
туралы талаптар қойылады. 
Омбудсменге  азамат  Ф.С.  Алматы  қ.  жергілікті  атқарушы  органның  оған  жер 
учаскесіне  жеке  меншік  құқығына  акт  беруден  бас  тартуымен  келіспеуі  туралы  өтініші 
түсті. 
Өтініш  берушінің  дәлелдерін  объективті  әрі  жан-жақты  қарау  мақсатында 
Омбудсмен  мекемесінің  сұрауы  бойынша  ҚР  Ауыл  шаруашылық  министрлігінің  Жер 
ресурстарын басқару жөніндегі комитеті тексеріс өткізді. Материалдарды зерттеп қарау 
барысында  жер  учаскесінің  Т.В.  жер  учаскесінің  шекараларымен  қабаттасуы  Алматы  қ., 
Говоров к., 10-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын 
дайындаудан бас тартуға негіз болғаны анықталды. 
Жер учаскелері шекараларының қабаттасуы Т.В. жер учаскесінің бұрылу нүктесінің 
координаттары  сол  кезде  топографиялық  жоспардан  графикалық  түрде  анықталғанына 
байланысты болды.    
Қалыптасқан  жағдайды  реттеу  мақсатында  уәкілетті  мемлекеттік  орган  Жер 
кадастры  және  жылжымайтын  мүлікті  техникалық  зерттеп  қарау  департаментіне  – 
Алматы  қ.  бойынша  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  Мемлекеттік  корпорациясы»  КеАҚ 
филиалына  ұйым  қаражаты  есебінен  Алматы  қ.,  Медеу  ауданы,  Говоров  к-сі.,  12-үй; 
Алматы  қ.,  Медеу  ауданы,  Говоров  к-сі.,  10-үй; Алматы  қ.,  Медеу  ауданы,  Говоров  к-сі.,  8-
үймекенжайлары  бойынша  орналасқан  жер  учаскелеріне  жерге  орналастыру  жобаларын 
әзірлеу тапсырылды.  
Осыған  байланысты  өтініш  берушіге  Алматы  қ.  Жер  кадастры  және 
жылжымайтын  мүлікті  техникалық  зерттеп  қарау  департаментіне  жүгінуге  кеңес 
берілді. 
 
 
ҚР  қолданыстағы  жер  заңнамасына  сәйкес  жер  учаскелерін  беру,  құқық 
белгілеуші  құжаттарды  беру  мәселелері  жергілікті  атқарушы  органдардың 
құзыретіне  жатады.  Өтініштердің  бір  бөлігі  бұл  органдардың  жер  мәселелері 
қарау кезінде әрекетіне келіспеумен түсіндіріледі. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Жамбыл  облысы  Байзақ  ауданы  жергілікті 
атқарушы органдарының жер учаскесін пайдалану құқығын бұзуына шағыммен Т.А. өтініші 
түсті. 
Жамбыл  облысының  әкімдігі  өткізген  тексеріс  нәтижелері  бойынша  2005  жылдан 
2010  жылға  дейінгі  мерзімде  Сарыкемер  ауылдық  округінің  әкімі  алдын  ала  сөз  байласқан 
адамдар тобымен жер учаскелерін, соның ішінде бұған дейін өтініш берушінің меншігіндегі 
жер  учаскесін  заңсыз  беруді  жүзеге  асырғаныанықталды.  Қылмыстық  топтың  барлық 
қатысушылары бұдан кейін әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды. 
Осыған  байланысты  Т.А.  Сарыкемер  ауылында  Вишневая  және  Автопарк 
көшелерінде орналасқан тең бағалы екі жер учаскесін алу ұсынылды, алайда ол олардан бас 
тартты.  Жамбыл  облысы  әкімдігінің  ақпаратына  сәйкес  Сарыкемер  ауылында  басқа жер 
учаскелері жоқ.  
ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер құқықтық қатынастарынан туындайтын 
таластар  сот  тәртібімен  қарастырылады.  Осыған  байланысты  өтініш  берушіге  тиісті 
талап арызбен сотқа жүгіну құқығының сақталатыны туралы түсіндірілді.  
 


54 
 
Жер заңнамасының нормаларын сақтамау туралы БАҚ-та да жарияланды. 
Осылайша,  Атырау  облысы  прокуратура  органдары  жер  заңнамасының 
бұзылуын  анықтады.  Жергілікті  органдар  жеке  тұрғын-үй  құрылысына  жерді 
бөліп, акт беру процесін созды. Нәтижесінде азаматтар салықты уақтылы төлей 
алмады. Прокуратура органдары араласқаннан кейін тиісті актілер берілді
5

Солтүстік Қазақстан облысында 257 жер учаскесі ұтымсыз және мақсаты 
бойынша  емес  пайдаланып  жатқаны  анықталды.  Сонымен  қатар,  прокуратура 
органдары  жер  заңнамасының  шамамен  80  бұзылуын  анықтады,  16  басшы 
тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  
Жер  учаскелерін  мемлекет  мұқтажы  үшін  алу  кезінде  өтемақы 
мөлшерімен  және  тәртібімен  келіспеу  туралы  шағымдар  өтініштердің  басқа 
бөлігін құрайды. Көп жағдайда өтініш берушілерде жер таластары бойынша сот 
шешімдері  қолда  болды.  ҚР  Президентінің  19.09.2002  жылғы  Жарлығымен 
бекітілген  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  туралы  Ережелерге  сәйкес  Уәкіл 
сот  шешімдері  мен  әрекеттеріне  шағымдарды  қарастырмайтынын  назарға  ала 
отырып, азаматтарға сот актілерін жоғары тұрған сот инстанцияларында шағым 
жасау тәртібі туралы тиісті түсініктемелер жіберілді. 
Түскен  өтініштерді  талдау  жер  таластарының  қиындығы  оларды  қарау 
кезінде  арнайы  құжаттаманы  зерттеп  қарау,  жер  құқықтық  қатынастары 
туындауының  нақты  мерзімін  анықтау  қажеттілігінің  туындайтынын  көрсетті, 
соған  байланысты  заңнаманың  белгілі  бір  нормасын  пайдалану  мүмкіндігі 
анықталады.  Сондай-ақ  жер  мәселелерін  қарау  жер  учаскелерін  беру,  құқық 
белгілеуші  құжаттарды  рәсімдеу,  жер  учаскесінің  нысаналы  мақсатын  өзгерту 
мәселелері  бойынша  арнайы  білімді,  сондай-ақ  уәкілетті  органның  тарапынан 
тиісті бақылауды талап етеді. 
Жоғарыда  аталғанның  мән-мәтінінде  жер,  тұрғын-үй  құқықтық 
қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекетті органдарының  халық арасында 
түсіндіру  жұмыстарын  өткізуі,  уәкілетті  органдар  қызметкерлерінің  кәсіби 
деңгейін  арттыру,  тұрғын-үй,  жер  заңнамасының  сақталуына  жүйелі  түрде 
мониторинг  жасау,  жоғарыда  аталған  мәселелер  бойынша  медиация 
институтын, сондай-ақ азаматтық қоғам әлеуетін қоғамдық бақылау институты 
ретінде пайдалану маңызды мәнге ие.  
8. Еңбек құқықтары 
 
 
Еңбек  нарығының  жаһандық  түрлену  жағдайында  халықтың  жұмыспен 
қамтылуын,  еңбек  қатынастары  тараптары  мүдделерінің  теңгерімін,  еңбек 
ресурстарының  ұтқырлығын  қамтамасыз  ету  мәселелері  ерекше  мәнге  ие  бола 
бастады.Елбасы 
Қазақстан 
халқына 
жыл 
сайынғы 
Жолдауларында 
қазақстандықтардың  тұрмыс  сапасы  мен  әл-ауқатын  арттыруға  ерекше  назар 
аударады.  2018  жылғы  5  қазандағы  Жолдауда  Президент  еңбек  саласында 
                                                             
5
https://24.kz  «Атырау облысында заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды», 15.10.2018ж. 
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау