Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет10/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83

27 
 
басқару  орталықтарының  және  ішкі  істер  органдары  кезекші  бөлімдерінің  қызметін, 
сондай-ақ  ішкі  істер  органдары  тергеу-жедел  топтары  кезекшілерінің  қылмыстар  мен 
оқиғалар  туралы  хабарламалар  мен  өтініштерге  жауап  беру  тәртібін  реттейтін 
ведомстволық бұйрықтар нормаларын бұзу актілері расталды. 
Жіберілген  бұзушылықтар  үшін  аталған  полиция  қызметкерлері  тәртіптік  жазаға 
тартылды.  
 
Азаптауларды  қолдану,  адамгершілікке  жатпайтын  және  абыройды 
қорлайтын  қатынас  туралы  мәселелерге  ерекше  назар  аударған  жөн,  олар 
мемлекеттік  органдардың,  әсіресе  құқық  қорғау,  қызметінде  адам  құқықтары 
мәселелерін  үздіксіз  өзектендіру,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  мүмкіндіктерін 
адам құқықтарын қорғауда кеңінен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді. 
 
 
Азаматтық форумның панельдік сессиясында ҰАТ үйлестіру кеңесінің мүшелері 
 
Қазақстан  Республикасы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  барлық  негізгі 
халықаралық-құқықтық  келісімшартты  тетіктерінің  қатысушысы  болып 
табылады,  бұлардың  нормалары  мен  талаптары  азаптаулар  мен  қатыгездікке 
тыйым  салады.  1998  жылы  Қазақстан  Республикасы  Азаптауларға  қарсы 
Конвенцияға  қосылды,  2008  жылы  аталған  конвенцияға  Факультативтік 
хаттама  ратифицияланды.  Қазақстанда  ҰПТқұру  БҰҰ  Азаптауларға  қарсы 
Конвенциясына  Факультативтік  хаттаманың  талаптарын  орындау  бойынша  
еліміздің міндеттемесі болып табылады. Азаптаулардың алдын алудың әрекетті 
тетігі,  және  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  ол  мекемелердің  барлық 
түрлерін  максималды  қамту  мүмкіндігімен  ескертусіз  келу  кезінде 
қолданылады.  Жұмыс  істей  бастағаннан  бері  ҰПТтоптары  қатысушылары 


28 
 
мандат  асты  мекемелер  мен  ұйымдарға  қатаң  құқық  бұзушылықтардың  алдын 
алуға  бағытталған  2518  превентивтік  келуді  жүзеге  асырғанын  (соның  ішінде 
99  арнайы)  атап  өткен  жөн.  Келу  қорытындылары  бойынша  мекемелердің 
әкімшіліктеріне  анықталған  кемшіліктер  мен  азаптауларды  қолдануға 
жәрдемдесетін  жағдайларды  жою  бойынша  тиісті  ұсыныстар  берілді.  Бас 
бостандығын  шектейтін  немесе  бас  бостандығынан  айыратын  орындарда 
тұлғаларды  жазалау  немесе  оларға  қатыгездік  жасау  жағдайлары  анықталған 
жағдайда,  ҰПТҚР  Бас  прокуратурасына  хабарлау  арқылы  бұған  жедел  жауап 
береді. 
Осылайша,  ҚР  Бас  прокуратурасының  2018  жылғы  деректері  бойынша 
превентивтік  келуден  кейін  Омбудсменнің  кеңсесінен  түскен  өтініштер 
бойынша  қабылданған  шараларға  қатысты  түскен  178  өтініштен  101  тексеріс 
өткізілді,  8  бойынша  ұсыныс  жасалды  және  31-іСотқа  дейінгі  тергеудің 
бірыңғай  реестрінде  (СТБР)  тіркелді  (солардың  ішінде  29  -  тоқтатылды,  2  -  іс 
жүргізілді). 
ҚР  Бас  прокуратурасының  жалпы  деректері  бойынша  2018  жылы  СТБР 
азаптаулар туралы 73 өтінішті және хабарламаны тіркеді, солардың 10-ы сотқа 
жолданды.  Сондай-ақ  есептік  жылы  СТБР-де  билікті  немесе  лауазымдық 
құзыреттерді  асыра  қолдану  туралы  76  өтініш  және  хабарлама  тіркелді, 
солардың 47 – қылмыстық іс жүргізумен аяқталды, 3 – сотқа жіберілді, 1 – ҚР 
ҚПК 35, 36-баптарына сәйкес тоқтатылды. 
Сонымен  бірге,  азаптаулар  және  қатыгездік  туралы  шағымдар  мен 
өтініштер Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге әлі де түсіп жатыр, олардың саны 
есептік  кезеңде  148  өтінішті  құрады.  Осылайша,  құқық  қорғау  органдары 
қызметкерлерінің  азаптауларды  және  қатыгездікті  қолдану  фактілері  жиі  жеке 
қауіпсіздік  құрылымдық  бөлімшелерімен  тексеріледі.  Бұндай  тексерістерді 
тәуелсіз  әрі  объективті  деп  санау  қиын,  осыған  байланысты  азаптаулар 
жасырындылықтың  жоғары  деңгейімен  сипатталады.  Тәжірибе  жүзінде,  көп 
жағдайда,  азап  құрбандары  бұл  туралы  хабарламайды,  өйткені  құқық  қорғау 
органдарына нақты сенім білдірмейді. 
Жоғарыда  аталған  мән-мәтінде  қатыгездік  айыбы  бойынша  қылмыстық 
істер  жиі  әртүрлі  себептерге,  соның  ішінде  құқық  қорғау  органдарының  іс-
әрекетінде    қылмыс  құрамының  болмауына  байланысты  тоқтатылатынынатап 
өткен жөн.  
Мақсаты Қазақстанда азаптаулар және қатыгездік жағдайларына қатысты 
алдын  алу,  тергеу  және  оңалту  бойынша  кешенді  шараларды  әзірлеу  болып 
табылатын  «Азапсыз  қоғамға»  жобасы  шеңберінде  ҚР  Бас  прокуратурасы 
мынандай шараларды жүзеге асырды: 
-  соттың  азаптауларға  қарсы,  қылмыстық  істер  бойынша  дәлелдемелерді 
бағалау,  сондай-ақ  зиянды  өтеу  заңнама  нормаларын  қолдануының  біркелкі 
тәжірибесін  қалыптастыру  мәселелерін  реттейтін  үш  Нормативтік  қаулыға 
өзгерістер енгізілді; 
- «Жәбірленушіге зиянды өтеу Қоры туралы» ҚР Заңы қабылданды (10.01.2018 
жылғы №131-VI); 


29 
 
-  заңнамаға  түзетулерге  қол  қойылды,  соларға  сәйкес  азаптаған  тұлғаларға  іс-
әрекетіне  өкінгеніне  және  тараптардың  татуласуына  байланысты  қылмыстық 
жауапкершіліктен босату туралы норма қолданылмайды; 
-  азаптаулардың  алдын  алу  мақсатында  құқық  қорғау  органдарының 
ғимараттарында  тергеу  әрекеттерін  өткізуге  арналған  490  «ашық»  кабинет 
ашылды  (шыны  есіктермен  және  бейнебақылау  камераларыменжабдықталған, 
мониторлар фойеге және кезекші бөлімге шығады). 
Құқық қорғау жүйесін жаңғырту қоғамдық сенімділікті қамтамасыз етеді 
және  полиция  қызметінің  ашықтығы  мен  жариялылығы,  сонымен  қатар 
Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  құқықтары  мен  бостандықтарын 
қорғау  қағидатын қамтамасыз етеді деп ұйғарылды. 
 
4. Сот қорғауына және әділ соттың істі қарауына, сот шешімдерінің 
орындалуына  құқық  
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің өз 
құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.  
Сот  қорғауына  және  әділ  соттың  істі  қарауына  құқықты  жүзеге  асыру 
әркімнің  әділ  сотқа  қолжетімділікті,  қатысушылардың  процестік  құқықтарын 
қамтамасыз  етуді,  сондай-ақ  сот  актілеріне  шағымдану  мүмкіндігін  және 
мемлекет тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етуді қарастырады. 
Ағымдық  жылы  «100  нақты  қадам  –  баршаға  арналған  қазіргі  заманғы 
мемлекет»  Ұлт  Жоспары  шеңберінде  сот  органдары  жұмысының  тиімділігін 
арттыруға,  судьялар  корпусын  іріктеуді  жетілдіруге,  электрондық  әділ  сотты 
дамытуға бағытталған сот жүйесінің реформалары жалғастырылды.  
2018  жылғы  1  қаңтардан  бастап  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту 
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әрекет 
ете  бастады,  оның  шеңберінде  бұйрық  өндірісі  институтын  енгізу,  процестің 
сайыстылығын  арттыру,  адвокатура  институтын  нығайту,  сот  бақылауын 
күшейту қарастырылған. 
Сот  жүйесін  жаңғыртуға  бағытталған  өзгерістерді  қарастыратын 
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  заңының  жобасына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Конституциялық  заңының  жобасы  ҚР 
Парламентінің қарастыруында жатыр.  
2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге түскен өтініштердің жалпы 
саны  тұрғысынан  26%-ды  сот  шешімдерімен  келіспеу  туралы  өтініштер  және 
сот органдарының әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдар құрайды. 
Астана,  Алматы  қалаларынан,  Қарағанды  және  Қостанай  облыстарынан 
анағұрлым көп өтініш түсті. 
Сот  шешімдерімен  келіспеу  туралы  өтініштердің  басым  бөлігі 
азаматтардан  жекелей  тәртіппен  түсті,  ұжымдық  өтініштердің  саны  10-ды 
құрады, 3 шағым үкіметтік емес ұйымдардан түсті. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау