Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет15/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83

38 
 
Өтініш  берушілердің  пікірінше,  электрлік  шоғырсымның  жануы  нәтижесінде  туындаған 
және  үй  тұрғындарының  өміріне  қауіп  төндірген  өрт  ПИК  немқұрайлылығы  және  қолда 
бар мәселелік сұрақтарға уақтылы жауап бермеуі нәтижесінде болды.   
Бұл өтініш бойынша тиісті сұрау Астана қ. әкімі аппаратына жіберді.  
 
Қылмыстық  істерді  тергеу  кезінде  құқық  қорғау  жүйесі  органдарының 
әрекетіне  шағымдар  өтініштердің  едәуір  бөлігін  құрайды.  Құқық  қорғау 
органдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан кәсіпсіздігі мен біліксіздігі 
азаматтарда  қорғалмағандық  сезімінің  және  олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
етуге  міндетті  органдарға  сенімдіктің  қалыптасуына  ықпал  етеді,  ал  бұл 
мемлекеттік қызметкерлердің барлық корпусының беделіне кері әсер етеді. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  нәтижесінде  ол  3-топ  мүгедегі  болған  оның 
денсаулығына  зиян  келтіру  фактісі  бойынша  қылмыстық  істі  тергеу  кезінде 
қағазбастылыққа шағымымен С.А. өтініш түсті. 
Бұл өтінішті қарау шеңберінде тиісті сұраулар ҚР Бас прокуратурасына және ҚР 
Ішкі  істер  министрлігіне  жіберілді.  Түскен  ақпараттан  өкілетті  тұлғалар  тарапынан 
бұзушылықтардың расталғаны анықталды.   
Сотқа дейінгі тергеуді сапасыз өткізгені үшін Тараз қ. ІІБ тергеушісі Р.Мырзалиевке 
және  тергеу  бөлімінің  басшысы  Д.Ж  қатысты  Тараз  қ.  прокуратурасы  тәртіптік  істі 
қозғады. Тараз қ. ІІБ басшысының 28.01.2018ж. № 8 бұйрығымен тергеу кезінде жіберілген 
қағазбастылық үшін Тараз қ. ІІБ ТБ тергеушісі М.Р. «сөгіс» жарияланды.  
Қосымша  сотқа  дейінгі  тергеу  нәтижелері  бойынша  қылмыстық  іс  С.А.  өтініші 
бойынша болжалды жәбірлеуші С.Т. әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауы 
себебінен  тоқтатылды.  Медициналық-криминалистикалық  жағдаяттық  сараптаманың 
және  сот-медициналық  сараптаманың  нәтижелері  бұл  шешімді  қабылдау  үшін  негіз 
болғаны мәлімделді. 
 
Денсаулық  сақтау  ұйымдарында  медициналық  қызметтерді,  ең  алдымен 
өңірлік деңгейде сапасыз ұсынуға шағымдар өтініштердің анағұрлым аз санын 
құрайды.  Қазақстанда  денсаулықты  қорғауға  құқық  әрбір  адамның 
конституциялық  құқығы  болып  табылады.  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  жолдауларында  «ұлт  саулығы  –  сәтті  болашағымыздың 
негізі»  деп,  қазақстандықтардың  денсаулығын  сақтаудың  және  нығайтудың 
маңызын әлдеше рет айтты.  
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Т.Г.  Степногорск  қалалық  емхана 
қызметкерлерінің  әрекетіне  олардың  тарапынан  қызметтік  этика  нормаларын  бұзғаны 
және медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетпегені үшін шағыммен өтініші түсті. 
Бұл өтінішті қарау шеңберінде тиісті сұраулар ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 
және  ҚР  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігіне  жіберілді.  Алынған 
ақпаратқа  сәйкес  медициналық  көмекті  тиісті  деңгейде  көрсетпеу  фактісі  бойынша 
арнайы  комиссия  құрылды,  ол  тиісті  медициналық  құжаттаманы  зерттеп  қарап,  шағым 
негізделген болып табылады деген қорытындыға келді.  
Атап айтқанда, өтініш берушінің бас  дәрігер Н.М. атына әлденеше рет жазылған, 
тіркеу  журналында  тіркелген  өтініштері  қараусыз  қалғаны  расталды.  Өтініш  берушінің 
амбулаторлық  картасын  зерттеп  қарағанда,  ол  жабылған  еңбекке  жарамсыз  парағымен  
МӘС-ға  мерзімнен  бұрын  жіберілгені  анықталды.  Дәрігердің  күнделікті  жазбаларында 
медициналық құжаттаманы рәсімдеуде ақаулар орын алды.    


39 
 
Дәрігер К.С. сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды деп мәлімделді. «Жеке және 
заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі  туралы»  ҚР  Заңын  бұзу  фактісі  бойынша 
заңгер  С.К.  қатысты  сөгіс  түрінде  тәртіптік  жаза  қолданылды.  Бас  дәрігердің 
орынбасары  Р.К.  қатысты  жоспардан  тыс  тексерістің  нәтижелері  бойынша  әкімшілік 
шара  қолданылды.  Өтініш  берушінің  еңбекке  жарамсыз  парағы  ұзартылып,  емдеуші 
травматолог дәрігер оңалту туралы мәселені шешіп жатыр.  
 
Мемлекеттік 
қызметтердің 
әртүрлі 
салаларына 
ақпараттық 
технологияларды енгізудің кеңейтілуіне қарамастан, солардың кейбіреулерінде 
адами  фактордың  ішінара  ықпалы  әлі  де  сақталып  келетінін  атап  өткен  жөн. 
Осылайша,  асырап  алушы/қамқоршы/тәрбиеші  болуға  үміткерлердің  балалар 
туралы  деректерді  қарауға  арналған  Жетім  балалар  республикалық  деректер 
банкінің  енгізілуіне  қарамастан,  жүйені  толтыру  қорғаншы  органдардың 
мамандары  іске  асырады.  Тәжірибе  көрсеткендей,  бұл  процедура  нақты 
жетілдіруді талап етеді.  
 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Алматы облысы «Шелек» бала үйінің бас дәрігері 
О.З. заңсыз әрекетінешағыммен М.Т. өтініші түсті. 
Өтінішге  сәйкес,  өтініш  беруші  Жетім  балалар  республикалық  деректер  банкі 
жүйесінде  тіркелді  және  Ч.О.  баламен  танысу  мақсатында  19.09.2018ж.  сағ.  09:00-ге 
кездесуді  белгіледі.  «Келу  кестесінің»  18.09.2018ж.  түстен  кейін  құрылғаны  мәлім  болды. 
Алайда,  кездесуге  келген  өтініш  берушіге  баламен  кездесуге  рұқсат  берілмеді,  өйткені 
баламен кездесуге 18.09.2018ж. жүйеде тіркелген басқа әлеуетті асырап алушылар келді. 
Бұл  өтінішті  қарау  шеңберінде  тиісті  сұрау  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігіне 
және  ҚР  Бас  прокуратурасына  жіберілді.  Уәкілетті  органдар  өз  жауаптарында  бас 
дәрігер О.З. тарапынан бұзушылықты жіберу фактісін растайды. 
Келу кестесіне сәйкес әлеуетті асырап алушылар баламен дүйсенбіден жұмаға дейін 
сағ  9.00-ден  12.00-ге  дейін  кезедесе  алады.  Ч.О.  «Келу  кестесі»  18.09.2018ж.  сағ.  15.22-де 
әлеуметтік  педагог  құрды  және  ол  18.09.2018ж.  қамтымауы  тиіс  еді,  өйткені  танысу 
мақсатында  балаға  келу  уақыты  іс  жүзінде  келмеді.  Сонымен  бірге,  «Шелек»  бала  үйінің 
бас дәрігері  19.09.2018ж. 18.09.2018ж. баламен танысуға жолдамамен үміткерге баламен 
танысудан бас тартуға тиіс еді.  
Алматы  облысы  Денсаулық  сақтау  басқармасының  басшысынан  бас  дәрігер  О.З.  
сөгіс алғаны мәлім болды. Кәмелетке толмаған Ч.О. патронаттық тәрбиелеуге берілді.  
 
Жалпы  алғанда,  мемлекеттік  қызметтер  көрсету  саласының  дамуын 
бақылап,  кейбір  процестер,  соның  ішінде  сандық  жүйеге  көшірумен 
байланысты процестер мемлекеттік органның мүддесінде басымырақ құрылады 
деп  айтуға  болады.  Тұрғын-үй  қатынастары,  денсаулық  сақтау,  білім  беру 
салалары жататын электрондық үкіметтен тыс салаларда бірқатар мәселелердің 
болғаны  анық.  Әдетте,  аталған  салаларға  мемлекеттік  бюджеттің  басым  бөлігі 
бөлінеді және олар азаматтардың тұрмыс сапасына едәуір әсер етеді.  
Жүйелі  ілгеріліске  қол  жеткізу  мақсатында  мемлекеттік  органдардың 
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы, соның ішінде «адами» деп аталатын  
қызмет көрсету саласындағы, қызметін дамыту керек.  
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау