Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет12/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83

32 
 
АҚҰО  сұрауына  Бас  прокуратурадан  келген  ақпараттан  28.02.2018ж.  Қарағанды 
облысының  қылмыстық  істер  жөніндегі  сот  алқасының  үкімімен  бірінші  инстанция 
сотының 
шешімі 
өзгеріссіз 
қалдырылып, 
аудан 
прокуратурасына 
қолдаухат 
қанағаттандырылмағаны белгілі болды. 
Осыған  байланысты  өтініш  беруші  ҚР  Қылмыстық-атқару  кодексінің  162-бабына 
сәйкес  сот  бас  тартқан  жағдайда,  көрсетілген  негіздердің  кез  келгені  бойынша  МШБ 
туралы  өтінішхатты  қайта енгізу бас  тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап 
кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  жазасын  Қарағанды  облысы  бойынша  ҚАЖД 
АК-159/6  Мекемесінде  өтеп  жатқан  сотталған  ұлы  Т.А.  мүддесіндегі  мерзімнен  бұрын 
шартты  босатудан  бас  тарту  туралы  сот  үкімін  қайта  қарастыруда  көмек  көрсету 
өтінішімен А.Г. өтініші түсті. 
Сотталған  жазасының  көп  бөлігін  өтеп,  қылмысымен  келтірген  зиянды  толық 
өтеді, жазаланбады, түзеу мекемесінің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 
Сонымен  бірге,  Шахтинск  қалалық  соттың  23.05.2018  жылғы  үкімімен 
сотталғанның мерзімнен бұрын шартты босату туралы өтініші қанағаттандырылмады. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталықтың  сұрауына  ҚР  Бас  прокуратурасы 
Т.А.Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым бергені туралы ақпараттандырды, 
осыған  байланысты  өтініш  берушінің  дәлелдерін  прокурор  сот  отырысы  барысында 
зерттеп қарайтын болады.
 
 
Омбудсменнің  2017  жылғы  есебінде  сотталғанның  МШБ  өз  құқығын 
жүзеге  асыру  үшін  нақты  тежеуші  факторлардың  бары  аталды.  Қолдаухаттар 
ҚР  Қылмыстық  кодексі  72-бабының  барлық  талаптарына  сәйкес  келсе  де, 
соттар 
бұл 
нормаларды 
қолдануда 
сотталғандардың 
өтініштерін 
қанағаттандырмайды.  Осыған  байланысты  сотталған  тұлғаларға  жақсы  тәртіп 
пен түзелуіне нақты ынта болатын мерзімнен бұрын шартты босату институтын 
реформалау қажеттілігі туралы пікір айтылды.
 
Бұл  мән-мәтінде  ҚР  Жоғарғы  Сотының  мерзімнен  бұрын  шартты  босату 
(МШБ)  туралы  материалдарды  қарастыру  тәртібін  қайта  қарау  және  жазаның 
өтелмеген бөлігін анағұрлым жеңіл жаза түрімен (ЖЖТ) алмастыру қажеттілігі 
туралы бастамасы өзекті болып табылады. 
Қазіргі  уақытта  судьялар  МШБ  мен  ЖЖТ  туралы  қолдаухаттарды 
қарастырғанда,  түзеу  мекемелерінің  әкімшілігі  сотталғандарға  берген 
мінездемелерді  және  жазаны  өтеу  мерзімінде  болған  марапаттар  мен  жазалар 
туралы анықтамаларды басшылыққа алады.  
Сотталғандардың  құқықтарын  бұзбау  және  түскен  қолдаухаттарды 
объективтік қарау үшін жоғарғы сот органдары МШБ мен ЖЖТ материалдарын 
қарастыру  жөніндегі  комиссия  құрутуралы,  оның  құрамына  азаматтық 
сектордың,  жергілікті  атқарушы  органдардың  өкілдерін,  медиаторларды, 
психологтарды,  пробация  қызметтерін  қосумен  мәселені  қарастырып  жатыр. 
Комиссии  аталған  материалдарды  кейін  сотқа  жіберілетін  МШБ  мен  ЖЖТ 
қолдану мүмкіндігі туралы қорытындыларды жасаумен қарайтын болады.  
Бұл  шара  сотталғандардың  өтініштерін  анағұрлым  объективті  қаралуына 
және  мерзімнен  бұрын  шартты  босату  институтының  қолданысын  кеңейтуге 
жәрдемдеседі деп санаймыз.  


33 
 
Ұлттық  құқық  қорғау  мекемесіне  азаматтардан  мемлекеттік  және  сот 
органдарының  азаматтардың  тұрғын-үй  және  мүліктік  құқықтарын  сақтамау 
бөлігінде әрекетімен келіспеу туралы өтініштері әлі де түсіп жатыр.   
 
 
 
 
Уәкілге  Д.Э.  жер  учаскесіне  меншік  құқығының  бұзылуы  және  «Активтерді  оңалту 
және  басқару  жөніндегі  компания»  АҚ-мен  дау  бойынша  сот  актісімен  келіспеуі  туралы 
өтініші түсті. 
 
2015  жылы  электрондық  саудада  Д.Э.  аталмыш  АҚ-дан  тұрғын-үй  нысаналы 
мақсатымен жер учаскесін сатып алды. 
Бір  жылдан  кейін  компания  баға  беретін  компания  жасаған  жер  учаскесінің  құнын 
бағалау  туралы  есепті  қате  деп  тану,  электрондық  аукцион  қорытындылары  туралы 
хаттаманы  және  жер  учаскесін  сату-сатып  алу  шартын  жарамсыз  деп  тану  туралы 
арызбен сотқа шағымданды. 
 
Маңғыстау  облыстық  сотының  азаматтық  істер  жөніндегі  сот  алқасының 
үкімімен өзгеріссіз қалған Ақтау қаласы № 2 сотының шешімімен компанияның талаптары 
қанағаттандырылды.  Бұл  кезекте,  адал  ниетті  сатып  алушы  Д.Э.-ден  339 256  теңге 
мөлшерінде мемлекеттік баж сомасы өндіріліп алынды.   
 
Уәкілдің сұрауына ҚР Бас прокуратурасы ҚР АПК 435-бабына сәйкес Бас Прокурор 
тек ҚР АПК 54-бабының 2-бөлігімен қарастырылған істер(мемлекет, қоғам немесе өздерін 
өз бетінше қорғауды жүзеге асыра алмайтын тұлғалардың мүддесіне қатысты) бойынша 
ғана сот актілеріне қарсылық білдіре алатыны туралы ақпараттандырды.  Бұл таластың 
аталған  істер  санатына  жатпайтынын  ескере  отырып,  прокуратураның  өтінішті  мәні 
бойынша қарастыру үшін процестік мүмкіндігі жоқ.   
 
Осыған  байланысты  өтініш  берушіге  оның  сот  актілеріне  тікелей  ҚР  Жоғарғы 
Сотына  шағымдану құқығы түсіндірілді. 
 
А.М.,  2-топ мүгедегі,  ол 2007 жылы жекешелендірген жер учаскесіне оның құқығын 
қалпына келтіруде көмек көрсету өтінішімен шағымданды. 
Өтініш  материалдарынан  2007  жылы  өтініш  беруші  жылжымайтын  мүлікті 
жекешелендіргені  мәлім  болды,  алайда  10  жыл  өткеннен  кейін  К.А.  азаматы  оны  адал 
ниетті  сатып  алушы  ретінде  тану  және  жекешелендіру  туралы  шешімді  жарамсыз  деп 
тану туралы сотқа арыз-талап берді. 
2018  жылғы  2  наурыздағы  сот  шешімі  Г.Н.  берген  қолхатты  жарамсыз  деп 
танылып,  А.М.  өтінішін«Көкшетау  қ.  Жер  қатынастары  бөлімі»  ММ,  Көкшетау  қ. 
әкімдігіне,  Жер  кадастры  және  жылжымайтын  мүлікті  техникалық  зерттеп  қарау 
департаментіне  қойған  талаптарын  қанағаттандырудан  бас  тартты.  Сол  соттың 
анықтауымен  іс  бойынша  Г.Н.  атына  жерді  өмір  бойы  мұра  ретінде  иелену  құқығына 
актті жарамсыз деп тану бөлігінде сот ісін қарау тоқтатылды.  
АҚҰО  сұрауына  ҚР  Бас  прокуратурасы05.06.2018  ж.  апелляциялық  инстанция 
сотымен  қалалық  соттың  02.03.2018  жылғы  ұйғарымы  жойылып,  істің  соттың  бірінші 
инстанциясына  басқа  құрамда  жаңадан  қарастырылуы  үшін  жіберілгені  туралы 
ақпараттандырды. А.М. жеке шағымы қанағаттандырылды.  
 
 
Жеке  өтініштерде  азаматтар  соттың  істі  қарауы  барысында  процестік 
нормалардың бұзылуын атайды. 
 
Б.Е. Алматы қ. Медеу аудандық № 2 соты судьясының сот отырысын өткізу туралы 
тиісті тәсілмен ескертпегені үшін әрекетіне шағымданды.  
 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау