40
6. Еркін жүріп-тұруына құқық, азаматтық алу және халықты құжаттау
мәселелері
Еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін тандауына құқық адамның
барлық негізгі халықаралық шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Конституциясында және мемлекеттің басқа нормативтік құқықтық актілерінде
бекітілген іргелі құқығы болып табылады.
Есептік жылы Қазақстан азаматтарының және олардың шетелдегі
туысқандарының еркін жүріп-тұруы мәселесі Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
мекемесін
ерекше
уайымдатты.
Атап
айтқанда,
Омбудсменге
қазақстандықтарды
және
олардың
туысқандарын
Қытай
Халық
Республикасының (ҚХР) аумағында заңсыз ұстау фактісі бойынша бірқатар
өтініштер түсті.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге ҚХР Алтай қ. тергеу изоляторына заңсыз
қамалған ҚР азаматы Б.Ж. мүддесінде адвокат А.Г. өтініші түсті. Адвокаттың ақпараты
бойынша Б.Ж. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу фактісі бойынша жауап
беру үшін Алтай қаласына шақырылды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге бас бостандығынан заңсыз айрылған және ҚХР
аумағындағы саяси қайта тәрбиелеу лагерінде қамалған ҚХР азаматшасы болып
табылатын әйеліӘ.К.мүддесінде ҚР азаматы Е.Б. өтініші түсті.Әйелінің Қазақстан
Республикасының аумағында тұратын кәмелетке толмаған екі баласы бар екені мәлім
болды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар
ҚХР азаматшасы болып табылатын анасы А.К. мүддесінде ҚР азаматы Б.А. ҚХР
аумағында заңсыз ұстауға шағыммен өтініші түсті. Өтініште өтініш берушінің анасы
көршілес елдің аумағына төлқұжатты ауыстыру қажеттілігіне байланысты барғаны
көрсетілді. Әйел сол жаққа келгенде, оның төлқұжаты алынып, аталмыш саяси қайта
тәрбиелеу лагеріне қамалғаны мәлім болды.
Қазақстанмен байланысы бар тұлғалардың құқықтарын, ҚХР аумағында
еркін жүріп-тұруына құқығын заңсыз шектеу туралы түскен өтініштер бір іске
біріктіріліп, ортақ сұрау шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігіне жіберілді.
Бұл кезекте, Омбудсмен мекемесі уәкілетті органның назарын бұл мәселе
сондай-ақ өз ата-анасынан алыстаған, Қазақстан Республикасының кәмелетке
толмаған азаматтардың құқықтарына да байланысты екеніне аудартты.
Уәкілетті органның жауабынан ҚХР-дағы Қазақстан елшілігіне мәселені
жедел реттеу мақсатында дипломатиялық ноталардың жолданғаны мәлім
болды.
Қазақстан азаматтарын Сирия және Ирак аумағындағы жауынгерлік
әрекеттер аймағынан қайтару туралы іс 2018 жылы орын алған тағы бір
резонанстық жағдай болды.
41
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге әртүрлі себептерге байланысты Сирия және
Ирак аумағында террористік топтарға қосылып кеткен және өздерімен бірге өздерінің
кәмелетке
толмаған
балаларын
алып
кеткен
Қазақстан
азаматтарының
туысқандарынансол балаларды қайтаруға көмек сұрап, ұжымдық өтініш түсті.
Өтінішке қоса берілген тізімде 112 баланың аты болды. Өтініш берушілер солардың
кейбіреулерінің ата-анасы жауынгерлік әрекеттерде мүмкін қаза тауып, оларға
балалардың тағдыры белгісіз екені туралы мәлімделді.
Бұл өтініш бойынша тиісті сұрау ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданды,
жауап ретінде оған келесі ақпарат келді. 2018 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Сирия
мен Иракта халықаралық террористік ұйымдардың (ХТҰ) құрамында 120 жуық жауынгер
ер адам, сондай-ақ 250 астам әйел және кәмелетке толмаған 500 бала болды. Сирияда
әскери жанжал басталғаннан бері ХТҰ лагерьлері мен базаларынан Қазақстанға ҚР 112
азаматының (61 ер адам және 51 әйел), сондай-ақ 81 баланың қайтарылғаны аталды.
Кейін Қазақстан арнайы қызметтерінің 47 азаматты Сириядағы жауынгерлік
әрекеттер аймағынан отанына қайтару бойынша арнайы операцияны өтгізгені туралы
мәлім болды. Қайтарылған тұлғалардың ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала болды.
Солардың ішінде 6 ер адам мен 1 әйелге қатысты террористік қызметке қатысуға
күдіктену бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қалған әйелдер мен балалармен профилактикалық және оңалту шаралары өткізіліп
жатыр.
Бұл тұлғаларды қайтарумен байланысты құжаттарды қалпына келтіру
және олардың, әсіресе шет елдің аумағында дүниеге келген, кәмелетке
толмаған қазақстандық балалардың Қазақстан Республикасының азаматтығын
алуға құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері өзекті бола бастады.
Азаматтыққа құқық адамның негіз қалаушы құқықтарының бірі болып
табылады. Адамда азаматтықтың болуы немесе болмауы ол пайдалана алатын
құқықтары мен бостандықтарының көлеміне тікелей әсер етеді. Қазіргі заманда
азаматтығы жоқ тұлғалар өте осал жай-күйге тап болады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге түсетін өтініштербұл салада нақты
мәселелердің барын дәлелдейді. Есептік жылы азаматтық алу құқығы және
құжаттау мәселелері бойынша 27 өтініш түсті.
Өтініштерде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардатиісті деңгейде
әкімшіліктендірмеу мәселелері қозғалады. Азаматтыққа қабылдау және жеке
басты куәландыратын құжаттарды дайындау туралы өтініштерді қараудың
белгіленген мерзімдерінің бұзылуына шағымдар орын алады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге 2000 жылдан бері Германия Федеративтік
Республикасының аумағында тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы
М.Н.оны құжаттауда көмек сұраумен өтініші түсті.
Өтініш берушінің өтінішінде оның Қазақстан Республикасының Берлиндегі
Елшілігіне (бұдан әрі – Елшілік) алдыңғы төлқұжаттың әрекет ету мерзімінен шығуына
байланысты Қазақстан Республикасы азаматшасының ұлттық төлқұжатын рәсімдеу
мақсатымен өтініш бергені көрсетілді.
Бұл өтінішпен жұмыс жасау барысында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өтініш
берушінің құжаттарын Елшілікке орындаусыз екі рет қайтарғаны анықталды, өйткені
Қостанай облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасының ұсынған ақпаратына сәйкес оның
республиканың шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуін рәсімдеу туралы
деректер болмады.
Достарыңызбен бөлісу: |