Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет17/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83

42 
 
Бұл  өтінішті  қарау  нәтижелері  бойынша  көші-қон  қызметі  органының  тиісті 
деңгейде  жұмыс  істемеуі  фактісі  расталды.  Уәкілетті  орган  ҚР  халқын  құжаттау 
деректер  қорына тиісті түзету енгізіліп, кейін өтініш берушінің атына жаңа төлқұжат 
дайындалды. 
 
Қазақстан  Республикасындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Қазақстан 
Республикасы  азаматының  төлқұжатын  және  жеке  куәлігін  алуда  көмек  көрсетуді 
сұраумен Қазақстанда дүниеге келген С.Е. өтініші түсті. 
Өтініш берушінің өтінішінде ол құзыретті органдардың тарапынан қағазбастылық 
себебінен  он  жыл  бойы  жеке  басын  куәландыратын  құжаттарды  рәсімдей  алмағаны 
көрсетілді.  
ҚР  ІІМ-не  тиісті  сұрауды  жолдау  нәтижелері  бойынша  С.Е.  ҚР  азаматтығына 
тиістілігін анықтау туралы өтініші қарастырылып жатыр деген ақпарат алынды. Содан 
кейін өтініш беруші ҚР азаматының жеке куәлігімен құжаттанды.  
 
Көптеген  өтініш  берушілер  бұндай  жағдайларда  уәкілетті  органдар 
қызметкерлерінің тарапынан олардың өтініштерін қарау процесіәдейі созылады 
деп  ойлайды.  Мемлекеттік  қызметкерлердің  немқұрайлылығы  және 
азаматтардың  өтініштерін  қарау  кезіндегі  қағазбастылық  халықта  мемлекеттік 
құрылымдар сыбайласқан деген күмәнді тудырады.   
КСРО  1974  жылғы  үлгілі  төлқұжаттарды  ауыстырумен  және  оларды 
жоғалтуға байланысты қалпы келтірумен байланысты өтініштер шағымдардың 
жеке санатын құрайды. КСРО төлқұжаттарын ҚР азаматтарының жаңа үлгідегі 
төлқұжатына  және  жеке  куәлігіне  ауыстыру  1999  жылғы  1  наурызда 
аяқталғанына  және  сәйкесінше  КСРО  төлқұжаттары  сол  мерзімнен  бастап 
жарамсыз болып табылатынына қарамастан, бүгінгі тәжірибе КСРО төлқұжаты 
немесе тіркеу туралы белгісі бар оның қосымша парағы жалғыз құжаты болып 
табылатын тұлғалар әлі де бар екенін көрсетеді. 
 
Қазақстан  Республикасындағы  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  Карелия 
Республикасында  дүниеге  келген,  Қазақстан  аумағында  тұратын  Т.Р.  оны  құжаттауда 
көмек сұраумен өтініші түсті.  
Өтініш беруші  бұған дейін оның төлқұжат үстеліне тапсырғаннан кейін жоғалған 
КСРО  1974  жылғы  үлгідегі  төлқұжатының  болғанын  мәлімдеді.  Жеке  басын 
куәландыратын  құжаттардың  болмауы  нәтижесінде  өтініш  беруші  екі  жыл  бойы  өзінің 
зейнетақы алу құқығын жүзеге асыра алмады.   
ҚР  ІІМ  ақпараты  бойынша  Ресей  Федерациясының  құзыретті  органдарына  бұл 
өтініш бойынша ф-1 көшірмесін сұратып алдыру туралы сұраулар бірнеше рет жолданды. 
Алайда, қазақстандық тараптың сұрауларына жауаптар келмеді.  
Өз  кезегінде,  Қазақстан  Омбудсмен  мекемесі  Карелия  Республикасындағы  Адам 
құқықтары  жөніндегі  Уәкілге  өтініш  берушіні  кейін  құжаттау  мақсатымен  ф-1 
көшірмесін алуда көмек көрсету өтінішімен сұрау жіберді.  
Бұл  сұрауға  жауап  ретінде  қазақстандық  тараптың  құқықтық  көмек  көрсету 
туралы  сұрауды  жіберу  тәртібін  бұзғаны  туралы  ақпарат  келді.  Атап  айтқанда,  1993 
жылғы  Азаматтық,  отбасылық  және  қылмыстық  істер  бойынша  заң  көмегі  және 
құқықтық қатынастар туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) 5-бабының бұзылғанына 
байланысты сұрау орталық әділет органы арқылы емес, ҚР ІІМ аймақтық органы арқылы 
жолданды. Осыған байланысты Қазақстанның сұрауы орындалмады деп мәлімделді. 


43 
 
Сонымен  бірге,  аталған  бұзушылықтарға  қарамастан,  Т.Р.  мүддесінде  оның 
құқықтарының және заңды мүдделерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатымен 
ресейлік  тарап  Конвенцияның  қағидаларына  сәйкес  төлқұжатты  рәсімдеу  үшін  қажетті 
әрі жеткілікті ақпаратты жолдады.  
 
Бұл мысалда, басқа ұқсас жағдайларда сияқты, мемлекеттік органдар мен 
олардың  лауазымдық  тұлғаларының  халықаралық  шарттардың  қағидаларын 
білмеу  және/немесе  сақтамау  өтініш  берушілерді  құжаттау  процесін  созудың 
себебі  болады.  Процедураның ұзақтығы  тұлғалардың  азаматтықсыз  тәуекеліне 
тап  болуына  немесе  негізгі  әлеуметтік  игіліктерге  қолжетімділігі  болмай, 
құжатталмаған болып қалуына жиі әкеледі. 
Шетелдік  азаматтықтың  болуын  немесе  болмауын  растау  процедурасы 
бюрократиялық  шығындармен  түйіндес  тағы  бір  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  Бұл  мәселе  әртүрлі  сараптамалық  кездесулер  мен  талқылаулар 
шеңберінде Омбудсмен мекемесінің серіктестерімен бірнеше рет қозғалды.  
Адам  құқықтары  және  заңнаманы  сақтау  жөніндегі  қазақстандық 
халықаралық  бюроның  және  БҰҰ  Жоғарғы  комиссарының  Босқындар  істері 
жөніндегі  басқармасының  өкілдері  шетелдік  азаматтықтың  болмауы  туралы 
анықтаманы  беру  жекелеген  жағдайларда  мүмкін  болмайтынын  атады.  Мысал 
ретінде  Украина  азаматтығының  болмауы  немесе  оны  тоқтату  туралы 
анықтаманы беруге міндетті тұлғалардың жағдайлары келтірілді. Бірнеше жыл 
бойы  Украина  Елшілігі  анықтамаларды  бермейді  және  елдің  шығыс 
облыстарына,  атап  айтқанда  Донецк  және  Луганск  облыстарына,  қатысы  бар 
тұлғалар  туралы  ақпаратты  ұсынбайды  (сондай-ақ  бұндай  анықтаманы  қашан  
алуға  болатыны  туралы  да  ақпарат  жоқ).  Сонымен  қатар,  әрекет  ететін 
жанжалдағы елдер бұндай анықтамаларды беруге қабілетсіз болып табылады. 
Сонымен  бірге,  ұлттық  заңнамада  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға  қатысты 
ұқсас  талап,  басым  сарапшылардың  пікірінше,  артық  болып  табылады. 
«Азаматтығы  жоқ  тұлға»  заң  жүзінде  – бұл  «өзiнiң  қандай  да  бір  мемлекеттiк 
азаматтығына  қатысты  екендiгiнiң  дәлелi  жоқ  адамдар»  (1995  жылғы 
«Шетелдіктердің  құқықтық жағдайы туралы»  Заң)  және бұл мәртебе тұлғаның 
шетелдік азаматтығы жоқ екенін және шетелдік азаматтықтың болмауы туралы 
дәлелді қайта беру керек емес екенін білдіреді. 
Жалпы  алғанда,  Қазақстан  Республикасының  1991  жылғы  «Азаматтық 
туралы» Заңы азаматтығы жоқ тұлғаларды қоластына алу  тәртібін жеңілдетуді 
қарастырмайтынын атап өткен жөн. 
 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесіне Өзбекстан Республикасында дүниеге 
келген,  азаматтығы  жоқ  тұлға  И.М.  Қазақстан  азаматтығын  алуда  көмек  көрсетуді 
сұраумен  өтініші  түсті.  Өтініш  беруші  соңғы  12  жыл  бойы  Қазақстан  Республикасының 
аумағында тұратынын мәлімдеді. 
Бұл  өтінішті  қарау  шеңберінде  ҚР  ІІМ-не  сұрау  жіберілді.  Уәкілетті  органның 
ақпараты  бойынша  И.М.-нің  ҚР  аумағында  тұрақты  тұруына  рұқсаты  жоқ.  Өзбекстан 
Республикасының уәкілетті органымен берілген оның азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің 
әрекет ету мерзімі өтіп кетті. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау