Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет11/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83

30 
 
Істер  санаты  тұрғысынан  сот  қорғауына  құқықты  бұзу  туралы  318 
өтініштің  ішінде  216  –  қылмыстық іс,90  – азаматтық іс  және  12  –  әкімшілік  іс 
бойынша болды. 
Уәкілге түскен өтініштердің басым бөлігін азаматтардың, солардың ішінде 
сотталғандардың, қылмыстық істер бойынша үкімдермен келіспеу және тергеу 
және сот процестері барысында қылмыстық-процестік нормаларды бұзу туралы  
шағымдар  құрады.  Өтініш  берушілер  негізінен  шығарылған  сот  шешімдеріне 
баға беруді және оларды жоюда көмек көрсетуді сұрайды. 
Бұндай  жағдайларда  Уәкілдің  мекемесі  өтініш  берушілерге  билік 
тармақтарының  конституциялық  қағидатына  сәйкес  соттар  ҚР  Конституциясы 
мен  ҚР  25.12.2000  жылғы  «Қазақстан  Республикасының  сот  жүйесі  мен 
судьяларының  мәртебесі  туралы»  Конституциялық  заңын  басшылыққа  ала 
отырып, әділ сотты өз бетінше іске асыратыны туралы түсініктеме берілді, бұл 
соттың істі қарауына лауазымдық тұлғалардың, соның ішінде Адам құқықтары 
жөніндегі Уәкілдің араласуына жол бермейді. 
Сонымен  бірге,  Жоғарғы  Сот  Төрағасы  мен  Адам  құқықтары  жөніндегі 
Уәкілдің  арасындағы  ынтымақтастық  туралы  екі  жақты  меморандум 
шеңберінде  ақпарат  ретінде  Жоғарғы  Сотқа  азаматтардың  сот  қорғауына 
құқыққа және әділ соттың істі қарауына қатысты анағұрлым сипатты өтініштері 
жолданады. 
Сот актілерімен келіспеу туралы өтініштерді талдау және жүкті әйелдерге 
және  жас  балалары  бар  әйелдерге  жазасын  өтеу  мерзімін  кейінге  қалдыруда 
көмек  көрсету  сотталғандарға  осы  құқықты  іске  асыруда  кейбір  мәселелердің 
барын растайды. 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің  74-бабына  сәйкес  жүкті  әйелдер  және  жас 
балалары  бар  сотталған  әйелдер  мен  жас  балаларын  жалғыз  өзі  тәрбиелеп 
отырған ер адамдардың жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он 
төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы мүмкін. 
Жеке  адамға  қарсы  ауыр  немесе  аса  ауыр  қылмыстар,  террористік 
қылмыстар,  экстремистік  қылмыстар,  қылмыстық  топ  құрамында  жасалған 
қылмыстар,  жас  балаларға  жыныстық  тиіспеушілікке  қарсы  қылмыстар  үшін 
бес  жылдан  астам  мерзімге  бас  бостандығынан  айыруға  сотталған  жүкті 
әйелдердің  және  жас  балалары  бар  әйелдердің,  жас  балаларын  жалғыз  өзі 
тәрбиелеп отырған ер адамдардың жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды. 
Түскен  өтініштерде  жас  балалары  бар  сотталған  әйелдер  экономикалық 
салада  қылмыс  жасағаны  үшін жазасын  өтеу  мерзімін  кейінге  қалдырудан  бас 
тартуға наразылық білдіреді. 
 
Осылайша,  Омбудсмен  мекемесіне  ҚР  ҚК  177-бабы  4-бөлімінің  б-тармағы  (аса  ірі 
мөлшердегі айлакерлік) бойынша сотталған Ж.А. жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырудан 
бас  тарту  туралы  сот  шешімін  қайта  қарастыруда  көмек  көрсету  өтінішімен 
шағымданды. 
Ж.А.  кәмелетке  толмаған,  емге  мұқтаж  екі  баласы  бар.  Қазіргі  уақытта  олардың 
қамқоршысы балалардың күтімімен толық деңгейде айналысуға мүмкіндігі жоқ оның қарт 
әкесі болып табылады. 


31 
 
 
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-
156/21  Мекемесінде  жазасын  өтеп  жатқан  сотталған  Х.Е.  мүддесімен  адвокат  Д.О. 
шағымданды.  
Жамбыл облысы Тараз қ. №2 сотының үкімімен Х.Е. ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігімен, 
218-бабының 
3-бөлігімен, 
245-бабының 
2-бөлігімен, 
262-бабының 
3-бөлігімен 
қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 
орташа  қауіпсіздік  түзеу  колонниясында  жазаны  өтеумен  8  жылға  бас  бостандығынан 
айыру жазасы тағайындалды. 
Х.Е.  күйеуі  экономикалық  қызмет  саласында  ұқсас  қылмысты  жасағаны  үшін  сол 
соттың үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айрылды.  
Сотталған  кезле  Х.Е.  үш  баласы  кәмелетке  толмаған  еді.  Қазіргі  уақытта  1938 
жылы  дүниеге  келген,  екінші  топ  мүгедегі,  сотталғанның  қарт  анасы  балалардың 
қамқоршысы болып табылады.  
Жазасын  өтеу  кезеңінде  Х.Е.  өзін  жақсы  жақтардан  танытты,  оның  бірқатар 
марапаттары бар, жазаланбады. 
Өтініште  адвокат сотталған үшін жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыруда көмек 
көрсету туралы өтініш білдірді.  
 
Аталған  өтініштерді  қарау  нәтижелері  бойынша  өтініш  берушілер 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2002  жылғы  19  қыркүйектегі  №  947 
Қаулысымен  бекітілген  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  туралы  Ережелердің 
18-тармағына  сәйкес  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  сот  әрекеті  мен 
шешімдеріне  шағымдарды  қарастыруға  құқығы  жоқ 
екені  туралы 
ақпараттандырылды.Бұл  кезекте,  азаматтарға  олардың  ҚР  Президенті 
жанындағы    Рақымшылық  жасау  мәселелері  жөніндегі  комиссияға  жүгіну 
құқықтары түсіндірілді. 
Сотталған  әйелдерге  деген  қарым-қатынас  және  құқық  бұзған  әйелдерді 
бас  бостандығынан  айырумен  байланысты  емес  жазалау  шараларына  қатысты 
БҰҰ  минималды  стандартты  қағидалары  қылмыстық  әділ  сот  жүйесі  құқық 
бұзушылықтың сипаты мен дәрежесіне, сондай-ақ құқық бұзған тұлғаның жеке 
басы  мен  отбасы  жағдайына  сәйкес  түрмеге  қамаумен  байланысты  емес 
шаралардың кең тандауын қарастыруы керек екенін анықтайды. 
Бұл  мән-мәтінде  жүкті  және  жас  балалары  бар  әйелдерге  жазаны  өтеу 
мерзімін  кейінге  қалдыру  туралы  мәселені  қарастырғанда,  қылмыстық 
заңнаманы  ізгілендіру  шеңберінде  бас  бостандығынан  айырудың  балама 
шараларын назарға алып, әрбір жекелеген жағдайға жеке тәсілді қолдану керек 
деп санаймыз.  
Алдыңғы жылдарда сияқты, мерзімнен бұрын шартты босатуды ұсынудан 
бас тарту мәселелері бойынша өтініштердің едәуір саны түседі. 
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  ұлттық  орталыққа  К.И.  сотталған  әйелін  мерзімнен 
бұрын  шартты  босатудан  (бұдан  әрі  –  МШБ)  бас  тарту  туралы  сот  үкімін  қайта 
қарастыруда көмек көрсету өтінішімен шағымданды. 
М.Г. жазасының басым бөлігін өтеді, қылмысымен келтірген зиянын толық өтеді, 6 
марапаты бар, жазаланбады, сонымен қатар сотталғанның жас баласы бар.  
08.01.2018ж.  Абай  ауданының  №2  аудандық  сотының  үкімімен  М.Г.  МШБ  туралы 
өтініші қанағаттандырылмады. 


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау