Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі



жүктеу 5,1 Mb.
Pdf просмотр
бет13/83
Дата28.12.2019
өлшемі5,1 Mb.
#25267
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83

34 
 
Уәкіл мекемесінің істі қарауына сотталған Б.П. қылмыстық істің материалдарымен 
танысу барысында қылмыстық-процестік нормалардың бұзылғаны туралы шағымы түсті. 
Өтініште  өтініш  беруші  оған  қылмыстық  істің  материалдарында  тіркелген  бейне 
жазбамен танысу үшін жеткілікті уақыт берілмегенін, сондай-ақ бұл бейне жазбаны сот 
отырысында қарағанда дыбыстың болмағанын атады. 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Ұлттық  орталықтың  сұрауына  Сәтпаев  қ. 
прокуратурасы  қылмыстық-процестік  нормалардың  бұзылғаны  туралы  өтініш  Сәтпаев 
қалалық сотқа мәні бойынша қарауына жіберілгені туралы ақпараттандырды

 
Сот  шешімдерімен  және  сот  органдарының  әрекетімен/әрекетсіздігімен 
келіспеу  туралы  шағымдардың  2018  жылғы  егжей-тегжейлі  талдауы  Адам 
құқықтары  жөніндегі  Уәкілдің  ҚР  Жоғарғы  Сотының  Төрағасына  үндеуде 
келтіріледі және «Өтініштер» 1-қосымшада көрсетіледі. 
Атқару өндірісі соттың  істі қарауының  маңызды бөлігі болып табылады, 
өйткені  оның  міндеті  сот  шешімдерін  міндетті  әрі  уақтылы  орындау  болып 
табылады. 
2018 жылы Уәкілдің мекемесі сот шешімдерінің орындалмауы туралы 25 
өтінішті тіркеді.  
Азаматтардың  өтініштерінде  сот  атқарушыларының  әрекетсіздігі,  сот 
шешімдерінің ұзақ уақыт бойы орындалмауы фактілері аталды.  
 
Адам  құқықтары  жөніндегі  Ұлттық  орталыққа  Ю.И  сот  атқарушысының  заңсыз 
әрекетіне А.Е. шағымданды. 
Сот  атқарушысы  ұзақ  уақыт  бойы  қарызгерге  атқару  өндірісінің  материалдарын 
танысу  үшін  ұсынбады.  А.Е.  өтінішінде  заң  талаптарын  бірнеше  рет  бұзғаны  үшін  сот 
атқарушысын жауапқа тартуды сұрады.  
Өтінішті  қарау  нәтижелері  бойынша  ҚР  Әділет  министрлігі  А.Е.  дәлелдерінің 
расталғаны туралы ақпараттандырды. 
Қазақстан Республикасы Әділет министрі орынбасарының 2017 жылғы 19 сәуірдегі 
№  437  бұйрығымен  И.Юсуповаға  2014  жылғы  26  маусымда  жеке  сот  атқарушысы 
қызметімен айналысу құқығына берілген  № 1276 лицензия 6 ай мерзіміне тоқтатылды. 
 
Ағымдық жылы Омбудсменге азаматтардың банктік қарызды өндіріп алу 
туралы  сот  шешімдерінің  орындалуын  тоқтатуда  көмек  көрсету  туралы 
бірқатар өтініштері түсті. 
 
Осылайша,  ұлттық  құқық  қорғау  мекемесіне  жалғыз  басты  ана,  кәмелетке 
толмаған  баланы  тәрбиелеп  жатқан  А.Ф.оны  Ипотекалық  қарыздарды  қайта 
қаржыландыру  бағдарламасына  қосу  туралы  мәселе  шешілгенге  дейін  сот  шешімін 
орындауды тоқтату туралы өтінішпен шағымданды. Өтініш беруші ол және «Қазақстан 
Халық Банкі» АҚ арасында 2015 жылы жылжымайтын мүлік – оның анасының тұрғын-үйі 
түрінде  кепілдікті  қамтамасыз  етумен  банктік  қарыз  шарты  жасалғаны  туралы  
мәлімдеді.  Бір  жыл  бойы  А.Ф.  ипотекалық  қарыз  бойынша  ағымдық  төлемдерді  уақтылы 
төлеп  отырды,  алайда  қаржы  қиындықтары  туындап,  ол  несиені  уақтылы  өтей  алмады. 
Кейін  Шымкент  қ.  Абай  аудандық  сотының  22.11.2017  ж.  шешімімен  «Қазақстан  Халық 
Банкі»  АҚ  кепілдікке  берілген  мүлікті  өндіріп  алу  арқылы  ипотекалық  қарыз  бойынша 
қарызгердің қарызын өндіріп алу туралы арыз талаптары қанағаттандырылды.  
 


35 
 
Бұндай  өтініштерді  қарау  шеңберінде  өтініш  берушілерге  олардың  сот 
қорғауына, соның ішінде жоғары тұрған сот инстанцияларында істі қайта қарау 
құқықтары  түсіндірілді.  Азаматтар  сондай-ақ  ҚР  Азаматтық  процестік 
кодекстің 246-бабының қағидалары туралы да ақпараттандырылды, оған сәйкес 
іс  бойынша  шешім  немесе  сот  бұйрығын  шығарған  сот,  сондай-ақ  шешім 
орындалатын  жердегі  сот,  егер  атқарушылық әрекеттер  жасауды  қиындататын 
немесе  мүмкiн  емес  ететiн  мән-жайлар  туындаса,  сот  орындаушысының 
өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша атқарушылық 
iс  жүргiзуде  оны  орындау  тәсiлiн  немесе  тәртiбiн  өзгертуі,  атқарушылық  iс 
жүргiзуде  тараптардың  арызы  бойынша  сот  шешімін  орындауды  кейінге 
қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін. 
Банктік  қарыз  үшін  өндіріліп  алынатын,  кепілдікке  берілген  мүлік  жиі 
халықтың  әлеуметтік  тұрғыдан  осал  топтарына  жататын,  асырауында  жас 
балалары  мен  еңбекке  жарамсыз  отбасы  мүшелері  бар  азаматтардың  жалғыз 
тұрғын-үйі болып табылады. 
2018  жылғы  наурызда  ҚР  Ұлттық  Банкі  Ипотекалық  қарыздарды  қайта 
қаржыландыру  бағдарламасына  өзгерістер  енгізді,  оның шеңберінде  халықтың 
әлеуметтік  тұрғыдан  осал  топтарына  жататын  ипотекалық  қарыз  алушыларға, 
сондай-ақ  2004  және  2009  жылдар  аралығында  ипотекалық  қарыз  алған  қарыз 
алушыларға көмек көрсетіледі. Бағдарлама шеңберінде заңды күшіне енген сот 
актілері  бар  ипотекалық  тұрғын-үй/ипотекалық  қарыздар  да  қайта 
қаржыландыруға жатады. 
Осыған  байланысты  Адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  ҚР  жоғарғы  Сот 
Төрағасына  тиісті  ұсыныстармен  банктік  қарызды  өндіріп  алудың  сот 
тәжірибесі мәселесі бойынша үндеу жолдады. 
 
5. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуға құқығы  
 
Мемлекеттік  қызмет  көрсету  жүйесі  мемлекеттің  өз  азаматтарының  әл-
ауқатын  қамтамасыз  етудегі  ілгерілісін  көрсететін  маңызды  көрсеткіш  болып 
табылады.  Мемлекет  ұсынатын  қызметтердің  сапасы  халықтың  өз  өміріне 
қанағаттық деңгейіне тікелей әсер етеді, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық және 
қауіпсіздік сияқты өлшемшарттарға ықпал етеді.  
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметтер  секторын  дамытудың 
жүйелі  саясатын  өткізіп  келеді,  бұл  ең  алдымен  мемлекет  қабылдап  жатқан 
бағдарламалық  құжаттарда  көрініс  табады.  Осылайша,  мемлекеттің  қоғаммен 
бір  жақтыбилікті  өзара  әрекеттесуден  мемлекеттік  қызметтерді  тиімді 
көрсетуге  екпін  қою  бойынша  міндеті  «Қазақстан  –  2050»:  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағдары»  Стратегиясында»  көрініс  тапты.  «100  нақты 
қадам»  Ұлт  жоспарында  басты  институционалдық  реформа  есеп  беретін 
мемлекетті  қалыптастыру  болып  табылады.  Азаматтардың  мұқтаждықтарына 
бағдарланған мемлекеттік аппаратты құру қажеттілігі де 2018 жылғы 5 қазанда 
Елбасының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында аталды.  


жүктеу 5,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау