Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған



жүктеу 1,47 Mb.
бет5/6
Дата15.05.2018
өлшемі1,47 Mb.
#13901
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Орта білім

Мақсаттары: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар:


  1. НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып; 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы – 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы – 0, 4, 9, 11-сыныптар);

Міндеттер:

  1. Педагог кәсібінің беделін арттыру және олардың сапалық құрамын арттыру.

Педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог қызметінің ажырамас бөлігіне айналады.

Бірінші және жоғары санаттарды алу үшін жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қаралатын болады.

2019 жылдан бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға көшу мәселесі жүзеге асырылатын болады.

Біліктілікті арттыру курстары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен білім беру бағдарламасы бойынша, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, жүргізілетін болады.

Мұғалімдердің үлгілік оқу жоспарларын және олардың ақылы қызмет көрсетудегі табыстарын арттыруды қайта қарау мақсатында нормативтік оқу жүктемесі төмендетілетін болады.

Ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдердің жалақысына қосымша жалақы қарастырылатын болады.

Қазақстандық мұғалімдер TALIS зерттеулеріне қатысады, оның нәтижелері бойынша еліміздегі мұғалімдер корпусының сапалық құрамын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

Педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді және педагогикалық мамандықтарға қабылдаудың тетіктері қайта қаралатын болады.

Жаңартылған білім беруге көшуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңғыртылады.

2017-2018 оқу жылынан бастап жаратылыстану-математика бағытындағы


4 педагогикалық мамандық бойынша педагог кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 15 базалық жоғары оқу орнында жоғары оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлеу арқылы ағылшынша оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.

Мектептер үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде «білім беру магистрі» дәрежесі бар мамандар кеңінен тартылатын болады.

Мектеп педагогтерін кәсіби дамыту біліктілігін арттыру курстары шеңберінде орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша жалғастырылатын болады.


  1. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету.

Авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық және жергілікті бюджеттер, жеке-меншік мектептер және МЖӘ тетігі есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жергілікті бюджет және ЖМӘ қаражаты есебінен материалдық-техникалық базалық мектептерді нығайту жалғастырылатын болады.

Білім беру процесіне МЖӘ механизм арқылы ақпараттық технологияларды енгізу мектептегі білім беруді ақпараттандыру одан әрі енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Орта білім беру жаңартылған мазмұнын ескере отырып, білім беру жүйесін халықаралық интеграциялауды енгізу жұмыстары жалғастырылатын болады.

2018 жылы алғаш рет қазақстандық оқушылар ICILS халықаралық зерттеулеріне қатысатын болады.

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген балалардың бөлек категориялары санына дәруменді тегін ыстық тамақпен қамту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау қамтамасыз етіледі.

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісі


2019 жылы 137 бірліктен 220 бірлікке және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер 57 бірліктен 85 бірлікке дейін кеңейтіледі.

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмыс істейтін болады.

Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) құру жұмыстары жалғастырылады. 2020 жылға қарай олардың саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады. Сонымен қатар оларды онлайн және офлайн режимдерінде сандық контентпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық сандық білім беру контентіне және технологияларға тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Мектептер республикалық және жергілікті бюджеттер, ЖМӘ тетіктері және Дүниежүзілік банктан қарыз есебінен техникалық инфрақұрылыммен жарақтандырылатын болады.


  1. Орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке график бойынша жүзеге асырылатын болады.

Орта білім беруді жаңартылған мазмұны білім беру оқушының жұмысын, оның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін күтілетін нәтижелерге негізделетін болады. Күтілетін нәтижелерді тұжырымдау оқушылардың оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға, жеке қабілетін ескере отырып әрбір оқушыны дамытудың жеке траекториясын айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың оқудағы білігі мен функционалды сауаттылық дағдыларын дамыту үшін ынтасын арттырады, білім беру процесінің сапасын жақсартады. 12 жылдық білім беру 0 + 11 сыныптар принцитері бойынша енгізілетін болады.

Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді  (ғылым) қамтитын болады.

Орта білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады.

5-күндізгі оқуға көшу жалғастырылатын болады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу схемасына сәйкес білім алушыларды, білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 

Білім беру саясаты оқыту сапасындағы өңірлік теңсіздікті төмендетуге бағытталатын болады.

Білім беру саясаты оқыту сапасындағы өңірлік сәйкессіздіктерді азайтуға бағытталатын болады.

2018 жылдан бастап Дүниежүзілік Банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті азайтуды қолдау бойынша «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастайды.

2019-2020 оқу жылынан бастап оқушылардың қалауы және мектептердің мүмкіндікиері бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттың пәндерін (информатика, физика, химия және биология) ағылшын тілінде 10-11 сыныптарда оқуға кезең-кезеңімен көшу басталады.

Үш тілдік оқыту процесінде қазақ тілінің мәртебесі күшейтіледі. Орыс тілінде оқытылатын мектептер үшін арналған қазақ тілінің оқулықтары лексика-граматикалық минимумында құрастырылатын болады. Орыс тілі орыс тілінде оқытылатын мектептерде оқыту тілі және оқыту тіліне тәуелсіз барлық мектептерде міндетті пән болып сақталады.

Қазақстандық мектептерде үш тілдік білім беруді дамыту ағылшын тілі пәнінің сағаттарын көбейту және ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде жүргізу есебінен жүзеге асырылады.

Оқыту технологиясының жаңа сапаға жетуін, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаның дамуын қамтамасыз ететін Үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандартына сәйкес тілдік пәндер бойынша отандық оқулықтар мен ОӘК әзірленетін болады.

Төрт пән бойынша (информатика, физика, химия және биология) шетелдік оқулықтар мен ағылшын тіліндегі ОӘК бейімделетін болады.

ЖМЦ-нің пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагог кадрларға және үштілділікті енгізуге деген қажеттілік:

1) жоғары оқу орындарында және колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау;

2) физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;

3) студенттер алмасу және волонтерлерді тарту бағдарламасы есебінен шешілетін болады.  

Үш тілде білім беруді оқу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету CEFR негізінде (2016-2017 жылдар) тілді деңгейлеп оқыту (қазақ, орыс, ағылшын) бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады

Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагогтердің тілдік құзыреттіліктерін дамыту бойынша іс-шаралар қарастырылатын болады.

ШЖМ проблемаларын шешу үшін балаларды мектепке және мектептен үйге дейін тасымалдауды ұйымдастыру жұмысы жалғасатын болады.

Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды оқыту үшін оқулықтар мен ОӘК, сондай-ақ көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, бейімделетін болады.

ЖАО арнайы білім беру ұйымдары мен сыныптарды көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік қаріпті (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен жүзеге асыратын болады.

Қазақстан TIMSS, PIRLS, РІSА халықаралық зерттеулеріне қатысуды жалғастырады.

4. Мектеп оқушыларының бойында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

Тұлғаның шығармашылық құзыреттіліктегі, үздіксіз білім мен тәрбиедегі, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауындағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т.б.

Орта білім беру адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз Отаны үшін жауапкершілік алуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болады. Құндылықты білім беру жағдайында мектеп қоғамдық сананы жаңғыртуға патриоттыққа баулу, туған жерін сүюге және өз елінің адал азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал етуге үлес қосады.

Жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының барлығына тұлғаның рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиетін қалыптастыруға ықпал ететін компоненттер енгізілетін болады.

Оқушылар «Өлкетану» бағдарламасы бойынша оқитын болады, өлкетанулық жобаларға (экскурсиялар, экспедициялар, жөнелтулер, сапарлар), ғылыми жобалар, роботтық техника, техникалық шығармашылық пен өнертабыс, әдеби оқулар бойынша облыстық, республикалық сайыстарға қатысатын болады.

Қосымша білім беру педагогтерінің біліктіліктерін арттырудың білім беру бағдарламасы жетілдірілетін болады.

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі жергілікті бюджет қаражаты және МЖӘ тетіктерін енгізу есебінен дамитын болады.

Бұдан басқа:

1) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін тұрғын үй құрылысы кезінде 1-қабаттан орынжайларды жоспарлау;

2) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін мектептерден бос орынжайлар беру есебінен желілерді дамыту жоспарлануда.

Жергілікті бюджет есебінен мектептегі спорт секцияларының желісі кеңейтілетін болады.

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, жетім балалардың, девиантты мінез-құлықты балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысу үшін спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдениет және спорт ұйымдарына бару мақсатында жеңілдіктер (тегін абонементтер) (ЖАО, демеушілер, меценаттар есебінен) беру көзделетін болады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі үйірмелер мен секциялар санының өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мектептер арасында тұрақты түрде спорттық жарыстар өткізу іске асырылатын болады.

«Рухани жанғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының принциптері негізінде «Жас қыран» (7-9 жас, 2-4 сыныптар) және «Жас ұлан» (9-16 жас, 5-9 сыныптар) болып екі буынға бөлінетін «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының (бұдан әрі – ББЖҰ) теледидар, әлеуметтік жарнама, кино, концерт, бұқаралық акциялар, экскурсиялар, саяхаттар арқылы патриоттық, волонтерлік, азаматтық-құқықтық іс-шаралар өткізу жұмысы жандандырылатын болады.

Жыл сайын «Жас ұлан» ББЖҰ-ның патриоттық тәрбиені қалыптастыру бойынша іс-шаралары өткізілетін болады.

Жыл сайын:

1) біліктілігін және кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның тәлімгерлері үшін слеттер, семинарлар, тренингтер;

2) «Көшбасшылар мектебі» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділері үшін семинар-тренингтер мен мастер-кластар;

3) «Ұланымыз ұлы елдің» республикалық көшбасшылар форумын ұйымдастыруға қатысу үшін жоғары курс студенттері арасынан волонтерлер тартылатын болады.

Мектеп оқушылары ізгілік, еріктілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық және т.б. әлеуметтік акцияларға, оның ішінде медиаресурстарды пайдалана отырып тартылатын болады.

Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

5. Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Нәтижеге бағытталған қаржыландыру орта білім берудегі мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігіне айналады.

2020 жылға дейін әрбір мектепте қамқоршылық кеңестер құрылады.

2020 жылы сынақтан өткізудің оң қорытындысы бойынша барлық толық жинақты мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу процесі аяқталатын болады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша (жылына 4 рет) онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) жалғастырылады.

Жыл сайын жалпы орта білім ұйымдарының 20% басшылары басқарудық инновациялық нысандарын ескере отырып менеджмент саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Мектептердің мемлекеттік бақылауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес және қауіптерді бағалау жүйесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Мектептердің өзін-өзі бағалау рәсімі жетілдірілетін болады.
Балалардың құқығын қорғау

Мақсаты: Балалар өмірінің сапасын арттыру үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету

Мақсатты индикатор: ҚР-дағы балалардың құқықтық қорғау деңгейі

Міндеттері:

1.Өмірдің барлық саласында балалардың дамуын қамтамасыз ететін балалық шаққа ыңғайлы және әсерлі-жайлы ортаны қалыптастыру.

Ақпараттық кеңістіктегі адамгершілік және отбасылық құндылықтарды және мінез-құлық нормалары туралы, ата-аналар мен балаларды құқықтық ағарту жөнінде насихаттау белсендіріледі.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға кәсіби психологиялық көмек жүйесі құрылатын болады.

Қолданыстағы жатқан жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің интернаттық жүйесі отбасы үлгісіндегі ұйымдарға қайта бағдарланатын болады (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қайта құру, оңтайландыру, жабу).

Балалар құқықтарын қорғау саласында үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмыс белсендірілетін болады.

Балалар үшін қызметке қолжетімділікті арттыру үкіметтік емес ұйымдардың бейінді бөлігін белсене дамыту және қолдау есебінен ұйымдастырылатын болады. Мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде жазғы лагерьлер ашу жоспарланып отыр.

Балалардың сапалы, жайлы және қауіпсіз демалысы мен сауықтыруы үшін барлық жағдай жасалатын болады.

Қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар мен балаларды қолдау түрлерінің стандарттары мен ережелеры, қызмет алушылардың белгілі бір санаттары үшін сапа стандарттарын қамтамасыз ету үшін әзірленетін болады.

Балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сапалы дамыту үшін балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар тартылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім

Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау

Экономикалық белсенді халық арасындағы техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар үлесі.

Міндеттері:

1.ТжКБ жүйесінің беделін арттыру

Кадрларды даярлау ұлттық біліктілік шеңбері мен кәсіптік стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.

ТжКБ жүйесі басқарылатын оқу миграциясының тиімді құралына айналады. Ол үшін «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасы шеңберінде түлектерді жаңа тұрғылықты жерде бекіту арқылы білікті мамандарды даярлау жалғасады.

Жастарды өмірге деген сындарлы көзқарас қалыптастыруға және оларды міндетті жұмыс дағдылары мен біліктерді алуға бағыттайтын кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйелендірілетін болады. Колледждер базасында мектеп оқушылары үшін кәсіптік сынақтар қарастырылатын болады, мектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттері құрылатын болады, оқушылардың кәсіптік өзін-өзі айқындау процесіне жұмыс берушілер мен ата-аналар белсенді қатысатын болады.

Мектеп оқушыларын жұмысшы біліктіліктерін алуға тарту үшін барлық мүдделі құрылымдардың: білім беру, жұмыспен қамту органдарының, жұмыс берушілердің, ата-аналар қоғамдастығының қызметін үйлестіруді көздейтін кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйесін қалыптастыру туралы мәселе пысықталатын болады.

Кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу, еңбек адамының бейнесін жасау және оны насихаттау арқылы жұмысшы біліктілігінің беделіне жаңа серпін беріледі.

Жыл сайын WorldSkills Kazakhstan өңірлік және республикалық чемпионаты өткізілетін болады.



WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарын өткізу халықаралық қозғалысқа интеграциялануға мүмкіндік береді, өйткені WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының жеңімпаздары World Skills халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын болады.

ТжКБ беделін кеңінен жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастырылатын болады.

2020 жылға қарай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылданған студенттердің жалпы санынан мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған студенттер үлесі 68%. Құрайтын болады.

2. ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету.

Жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бюджет есебінен, сондай-ақ МЖӘ-нің қатысуымен ТжКБ ұйымдарының құрылысын салу арқылы колледждерде оқушы орындарының саны арттырылатын болады.

Білім беретін оқу орындарының ақылы негізде ұсынатын қызметтерінің тізбесін кеңейту мақсатында ТжКБ оқу орындарының ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеретін болады. Бұл колледждерге қаржылық басқаруда еркіндік және өздерінің білім беру қызметін іске асыруда тәуелсіздік береді.

Жұмыс істеп тұрған ТжКБ оқу орындарының базасында кәсіпорындармен бірге құзыреттілік орталықтары құрылатын болады.

Аталған орталықтар «APEC Petrotechnic жоғары техникалық мектебі» ЖШС-нің халықаралық талаптар бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу, инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, озық технологияларды ескере отырып материалдық-техникалық базаны жаңарту тәжірибесін тарататын және сынақтан өткізетін болады.

Кадрлар даярлауды жүйелендіру мақсатында ТжКБ оқу орындарын бағдарлау жұмысы жалғасатын болады.

2017 жылдан бастап барлық тілек білдірушілерге жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жастар үшін мектептің жоғары сатысында бірінші жұмысшы біліктілігін, қосалқы құзыреттерді тегін алу арқылы үздіксіз кәсіптік даярлыққа қол жеткізуді қамтамасыз ететін әлеуметтік лифт жасауға мүмкіндік береді.

Жұмысшы біліктілігі жоқ барлық тілек білдіруші 9, 11-сынып оқушылары колледждер базасында тегін бірінші жұмысшы біліктілігімен қамтамасыз етілетін болады. Жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың саны 40%-ға дейін ұлғаятын болады. Өңірлерді мамандандыру картасына сәйкес кадрлар даярлауды бағдарлау жұмысы жандандырылады.

Курстық дайындаумен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде, сонымен қатар жұмысберушілердің есебінен оқу орталықтары мен колледждер базасында барлық тілек білдірушілер, оның ішінде біліктілігі жоқ жастар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қамтылатын болады.

Жалпы, жобаны іске асыру жастардың бірінші жұмысшы біліктілігіне қаржылай, бағдарламалық, аумақтық тең қолжетімділігі мәселелерін шешеді және еңбек қызметі саласына жастардың әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға жағдай жасау мақсатында мамандықтар бойынша оқу жоспары әзірленетін болады. Білім беру қажеттіліктері ерекше білім алушылар үшін мамандықтар тізбесі әзірленетін болады. Колледждерде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында инклюзивтік білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.



2020 жылға қарай ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі
40
%-ды құрайды.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер Abilympics және DeafSkills кәсіптік шеберліктің халықаралық конкурсына қатысатын болады.

Бюджет есебінен, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, Дүниежүзілік Банк қарызы есебінен, сондай-ақ лизинг тетігі есебінен мемлекеттік ТжКБ оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханалары мен арнайы пәндер кабинеттерін жарақтандыру және қайта жабдықтау жұмысы жалғастырылатын болады.

ТжКБ жүйесінде халықаралық талаптарға сәйкес «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ арқылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттырудың 4 деңгейлік бағдарламасын көздейтін инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының деңгейлік моделін енгізу мәселелері пысықталатын болады.

Білімді және озық технологияларды өзектілендіру үшін, оның ішінде әлеуметтік әріптестер есебінен басшылар, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін кәсіпорындарда және үздік халықаралық ұйымдар мен шетелдік кәсіпорындар базасында тағылымдама ұйымдастырылатын болады.

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін жан басына қаржыландыруды енгізу және колледждерді сенімгерлік басқаруға беру бойынша мәселелер пысықталатын болады.

Кадрлар даярлау сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру үшін 2020 жылдан бастап ТжКБ оқу орындарын халықаралық аккредиттеу енгізілетін болады.

Колледждерді ынталандыру мақсатында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік үлгідегі құжатты беру құқығын ТжКБ-ның аккредиттелген оқу орындары жүзеге асыратын болады.

Экономика салаларында салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін толыққанды енгізу есебінен білікті кадрлар даярлау сапасы қамтамасыз етілетін болады.

3. Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту.

Халықаралық талаптарға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесі қайта қаралатын болады. Ол үшін еңбек саласындағы уәкілетті орган біліктілік деңгейлерінің сабақтастығын ескере отырып, Ұлттық кәсіптер сыныптауышын әзірлейтін болады. Халықаралық білім беру сыныптауышы стандартының (бұдан әрі – ХБСС) талаптарына сәйкес ТжКБ кәсіптері мен мамандықтарының сыныптауышы қайта қаралады, жұмыс берушілер мен халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жаңа мамандықтар енгізіледі.

Ұлттық біліктілік шеңберінің барлық деңгейін қамтитын экономика салаларының басым мамандықтары бойынша, оның ішінде ИИДМБ үшін ТжКБ-ның басым мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды жетілдіру жұмысы жалғастырылатын болады. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді жұмыс берушілер бірлестіктері жүзеге асырады және ҰКП бекітеді.

ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖС-ның икемділігі оқу орындарына оқу жұмыс жоспарларының мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарымен өзгертуге, модульдік, кредиттік, дуальді оқытуды енгізуге мүмкіндік береді.

Кәсіптік стандарттардың негізінде ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары қайта қаралады және жаңартылатын болады. Аталған білім беру бағдарламаларын енгізу маманды даярлаудың өзіндік бағытын жасауға және оның еңбек нарығындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. ТжКБ жүйесін кредиттік-модульдік оқыту технологиясына кезең-кезеңімен көшіру жүзеге асырылатын болады, бұл орта білім, ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру деңгейлерін интеграциялауға мүмкіндік береді.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту ТжКБ, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау кезінде ескерілетін болады. Орта білім беру мазмұнын жаңартудың жаңа стандарты негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары қайта қаралатын болады.

ТжКБ жүйесінде WorldSkills халықаралық стандарттарын ескере отырып жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.

ТжКБ жүйесінде халықаралық және кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу және тарату базалық колледждер мен құзыреттілік орталықтары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандыру үшін жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған студенттер саны ұлғайтылатын болады. Барлық техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» факультативтік курс оқытылатын болады.

Колледждерде жеке пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін жағдайлар жасалатын болады. Кадрлық әлеуетті ескере отырып ағылшын тілінде оқытылатын пәндер саны көбейтілетін болады. Ағылшын тілінің деңгейін жоғарлату үшін ТжКБ ұйымдары оқытушыларының біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын болады. IТ құзыреттілік саласында кадрларды даярлауға ерекше көңіл аударылатын болады.

Колледждерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету, білім беру процессіне ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологияларын енгізу, ТжКБ жүйесінің бірыңғай электрондық кітапханасын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.

2020 жылға қарай модульдік-құзыреттілік тәсілін ескере отырып барлық типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылатын болады.

Сондай-ақ кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету колледж кітапханаларын заманауи оқу әдебиеттерімен және ОӘК-мен толықтыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсатта шетелдік оқу әдебиеттері аударылады және бейімделеді, сонымен қатар ТжКБ ұйымдарының оқытушылары отандық оқу әдебиетін әзірлеуге тартылатын болады.

Колледждерде экономиканың жоғары технологиялық салалары үшін білікті кадрлар даярлау қолданбалы бакалавриат бағыттары бойынша жүзеге асырылатын болады. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының практикалық бағдарланған бөлігін ұлғайта отырып нақты біліктілікке бағытталатын болады.

Кадрлар даярлау бойынша әріптестікті дамыту үшін ТжКБ оқу орындарында дуальді оқытуды енгізу жұмыстары жалғастырылатын болады. Дуальді оқытуға қатысушылардың (оқу орнының, кәсіпорынның, білім алушының, тәлімгердің, ЖАО және т.б.) негізгі функциялары дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларымен реттелетін болады. ТжКБ-ны дамыту жөніндегі Ұлттық, өңірлік және салалық кеңестердің өзара іс-қимылы бойынша жұмысы күшейтетін болады, ҰКП-мен дуальді оқытуға кәсіпорындарды тарту бөлігінде байланыс нығаятын болады. Практикадан өту үшін орындар ұсыну және түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету оқу орындары мен кәсіпорындар арасында жасалған меморандумдар, келісімдер негізінде жүзеге асырылатын болады.

Нәтижесінде 2020 жылға қарай дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 80%-ға жетеді.

4. Қоғамдық сананы жаңғырту рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту.

Жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жастарды қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады.

ТжКБ ұйымдарындағы тәрбие процесіне қазақ халқының тарихы мен дәстүрілерін білу арқылы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру құндылықтары енгізіледі.

Студенттер тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті масштабтағы тарихи тұлғалар негізінде туған жердің тарихын зерттейді, жергілікті тарих жобаларына (экскурсиялар, экспедициялар, жөнелтулер, сапарлар), өңірдің тарихы бойынша интеллектуалды іс-шараларына, жергілікті және экологиялық үйірмелеріне, әдеби оқу бойынша байқауына, кәсіби дағды бойынша облыстық, республикалық сайыстарына, облыста сандық технологиялар мен жоғары технологиялық әдістеме жобаларына қатысады. IT, қаржылық, кәсіпкерлік сауаттылық, ағылшын тілін игеру және т.б. бойынша оқулар ұсынылатын болады.

ТжКБ ұйымдарында студенттерді қоғамдық қызметке, патриотизмді дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікке, салауатты өмір салтын насихаттауға, өзін-өзі басқаруды дамытуға интеграциялайтын жастар ісі жөніндегі комитеттерді құру жұмыстары жалғасатын болады.

Колледж студенттері волонтерлік қызметке белсенді түрде тартылатын болады. Жыл сайын патриоттық тәрбиені дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне «Қазақстандық бірегейлік» курсы факультативтік сабақтар арқылы енгізілетін болады.

ТжКБ оқу орындарында балалар үйлеріне, онкологиялық ауруханалар мен мүгедектер үйлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету үшін, ірі халықаралық іс-шараларды дайындау үшін волонтерлер мектептері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, «Үздік волонтер» конкурсы өткізіледі. ТжКБ оқу орындарының студенттері «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметіне белсенді араласатын болады.

2020 жылға қарай қоғамдық пайдалы (волонтерлік және т.б.) қызметке тартылатын студенттердің үлесі 60 %-ды құрайды.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша бірінші кезектегі міндеттер қатарында мемлекеттік қолдау күшейтіледі, дене шынықтыру үйірмелерінің желісі, оның ішінде спорттық секциялар нығайтылады және дамиды, бұл жастар арасындағы құқық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

2020 жылға қарай спорттық секциялармен қамтылған студенттердің үлесі 70%-ды құрайтын болады.

Білім алушыларға дұрыс және сапалы тамақтануды насихаттау, олардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуы арқылы қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламаын жүзеге асыру шеңберіндегі іс-шараларға қатысқан ТжКБ ұйымдарының үлесі 80% құрайтын болады.

5. ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Қамқоршылық және өңірлік кеңестердің қызметі күшейтіледі.

ТжКБ ұйымдарының басшылары біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеді.

Тәжірибелі және жас инженер-педагог жұмыскерлердің қатысуымен конкурстар, сондай-ақ республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізілетін болады.

Кадрларды дайындау сапасын жоғарлату үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен колледждердің рейтингі өткізілетін.

Жыл сайын ТжКБ ұйымдары басшыларының 11% менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарын өтетін болады.


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мақсаттары: экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау.

Мақсатты көрсеткіштер (индикаторлар):

1) Экономикалық белсенді тұрғындар арасындағы жоғары білімді тұлғалардың үлесі;

2) QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны:


топ-200


топ-300

топ-500


топ-701+




2017 жылы

0

2



2

7


2019 жылы

2

2



3

9





Міндеттері:

1. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес 3 жылға жүзеге асырылады. 2017 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін мемлекеттік және салалық бағдарламалар қажеттілігі, оның ішінде индустрияландыру карталары, өндіруші күштерді орналастыру, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламалары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы және т.б. негізінде жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері айқындайтын болады. Бұл жоғары оқу орындары түлектерінің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, тиісінше экономиканың барлық салалары білікті кадрлармен қамтамасыз етілетін болады.

2017 жылдан бастап ЖОО-на оқуға үміткер ретіндегі таңдау құқығына негізделген, нарық моделіне қарай өзгерген бейіндік магистратураға қабылдау тетігі жетілдіріледі.

Базалық жоғары оқу орындары кәсіпорындармен бірлесе отырып туындаған қажеттіліктерге байланысты жинақталған тәжірибеге сүйеніпжаңа білім беру бағдарламаларын басқа, ілеспе негізгі мамандықтарға енгізу арқылы мамандарды даярлау бағытын кеңейтеді.

Бейіндік магистратурада маман даярлаудағы екпін барынша қысқа мерзімде экономикалық қажеттіліктерді өтеу үшін жоғары білікті мамандармен қамтуға қойылады.

Базалық жоғары оқу орындары ИИДМБ басымдықтары мен саланың өзектілігін есепке ала отырып құрылымды және білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартады. Бұл өндірістің жаңа технологияларын көрсететін және құзыреттілік беретін, қазіргі заман технологияларындағы негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа пәндерді енгізуді көздейді.

Білім беру бағдарламалары маманның экономиканы әр тараптандыруын жүзеге асыратын, басқару дағдыларына үйрететін тәжірибе бағдарлаушы сипатта болады.

Болашақта ИИДМБ-ның басым салаларының қажеттілігіне бағдарланған, оң тәжірибеде әзірленген және жаңа білім беру енгізілген магистратура бағдарламасы бакалавр бағдарламасында кезең-кезеңімен көрсетіледі.

Маман даярлаудың нәтижелілігі:



  • студенттің оқумен қатар нақты кәсіпорындарда бір мезгілде кәсіптік тәжірибеден өтуі;

  • кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы білім беру бағдарламалары сапасы кәсіби қоғамдастығының сараптамалық бағалауы арқылы;

  • оқу үрдісіне өндіріс маманын тарту арқылы қамтамасыз етіледі.

Түлектердің ИИДМБ шеңберінде жұмыс істеу дайындығы деңгейіне жұмыс берушілердің қанағаттануын анықтау мақсатында 2017 жылдан бастап әлеуметтік зерттеулер (сұраулар, сауалнама, сұхбат және т.б.) жүргізіледі.

Кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін магистратура мен докторантураның үлесі артады. Орта білімнің жаңартылатын білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында магистратурада мұғалімдерді даярлау бойынша педагогикалық мамандықтарға арналған мемлекеттік тапсырыс ұлғаятын болады.

Педагогикалық білім беруді жаңғырту шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түсу, атап айтқанда, ЖОО-ға педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде жаңа өлшемшарттар енгізудің тетігі әзірленетін болады, талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған арнайы емтихан енгізіледі. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында 2019 жылы педагогикалық интернатура енгізу мәселесі пысықталатын болады.

2017 жылдан бастап ҰБТ-ның жаңа форматы енгізіледі. Одан әрі ЖОО-на түсер алдында талапкердің оқу тілін таңдау құқығын беру мәселесі қаралады, сондай-ақ ақылы оқу түріне қабылдау емтиханының балама түрі қарастырылады.

Магистратура мен докторантураға қабылдау үміткерге жоғары оқу орнын тағдау құқығы арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай докторантураға түсуге кемінде ең азы 3 жыл еңбек өтілінің болуы есептеледі, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының ғылыми компоненті деңгейіне талап күшейеді.

2017 жылдан бастап жыл сайын ЖОО-да тілдік дайындықты арттыру деңгейіне дайындау бөлімдері үшін мемлекеттік білі беру тапсырысы бөлінеді. Сондай-ақ мемлекеттік білім тапсырысы бойынша ағылшын тілінде оқытуға бакалавриат пен бейіндік магистратураға қабылдау жүзеге асырылады.

2017 жылдан бастап жұмыс берушілерді тарту арқылы игерілетін академиялық кредиттер көлемін ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен жоғары білімді кредиттік жан басына қаржыландыруға көшу мәселесі пысықталатын болады.

Жұмыс күші тапшы өңірлердің өндірістері мен кәсіпорындарын кадрлармен толықтыру мақсатында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылады. Жыл сайын жұмыс күші мол өңір жастары қатарынан кадрлар даярлауға, кейіннен оларды оқыған жері бойынша жұмысқа орналастыру арқылы, жұмыс күші тапшы өңірлердің ЖОО-лары үшін мемлекеттік тапсырыс қарастырылатын болады.

Қазақстанды Орта Азиядағы білім беру хабасы ретінде қалыптастыруға шетелдік студенттерді қазақстандық ЖОО-ға тарту жұмыстары жүргізіледі. Шетелде қазақстандық білім беру күндері мен көрмелер, форумдар өткізу тәжірибесі кеңейтіледі. ЖОО-да ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары әзірленеді, сондай-ақ шетелдік серіктестермен қос дипломды білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. 2020 жылы жоғары білім жүйесінде шетелдік студенттер үлесі, оның ішінде коммерциялық негізде оқитындар 10 % жеткізіледі.

Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті (пандустар, көтергіш, лифт, сондай-ақ ақпараттық және кітапхана ресурстарымен және т.б. қамтамасыз ету) жасау жұмыстары жалғастырылатын болады. Сонымен бірге бұл білім беру қажеттіліктері ерекше студенттермен жұмыс жасау үшін арнайы білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді, сондай-ақ ЖОО ОПҚ-ны қайта даярлауды көздейді. 2020 жылға қарай аталған санаттағы студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті жасаған ЖОО-ның үлесі 100%-ды құрайды.

Сандық экономика үшін мамандар даярлауда шеңберінде қашықтықтан оқу технологиясын қолдану, онлайн курстарын жаппай ашу одан әрі кеңейтіледі.

2. Әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту.

Түлектердің жұмыс берушілер ойынан шығатын құзыреттіліктері ЖОО түлектері қажеттілігінің шарты болып табылады. Сондықтан бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына өндірістің инновациялық технологияларын көрсететін және еңбек нарығында сұраныс бар біліктілік беретін жаңа пәндер енгізілетін болады. Білім беру бағдарламалары басқару дағдыларын игеретін практикаға бағдарланған сипатқа ие болады.

Инновациялық экономика үшін кадрлар даярлау мақсатында бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мазмұнына кәсіпкерлік білім беру имплементацияланады, бұл ЖОО студенттеріне кәсіпкерлік құзыреттер беретін пәндердің (модульдердің) енгізілуін көздейді. Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамыту бойынша ОПҚ біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады.

Қазіргі заманғы ІТ құзыреттілігін қалыптастыру үшін ЖОО-да жаңа білім беру бағдарламалары, соның ішінде ІТ-мамандықтарға шетелдік жоғары оқу орындарының және трансұлттық компанияларды тарта отырып әзірленетін болады. Сандық технологиялар есебімен ЖОО оқытушыларына біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылады. Астана қаласында халықаралық ІТ университетін мен басқа да университеттер кампусын ашу мәселесі пысықталатын болады.

Педагогикалық білім беруді жаңарту жобасына сәйкес педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді, соған сәйкес педагогикалық білім беру мазмұны жаңартылады және халықаралық аккредиттеуден өту кезінде педагогикалық кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады. Бұл педагогикалық мамандықтар бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде бакалавриат пен магистратураның


47 жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеуді көздейді.

2017 жылдан бастап гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемнің әр түрлі тілдерінен 100 үздік оқулықты қазақ тіліне аудару жұмысы басталады. ПОҚ біліктілігін тілдік курстарда арттыру, шетелдік оқулықтарға, жоғары оқу орындарында ағылшын тіліндегі ОӘК-ге бейімделуге арналған шаралар қабылданатын болады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес Назарбаев Университетінде мамандар даярлау жалғастырылады.

Оқытушыларды даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың сапалы жүйесі құрылады. Әлемдік деңгейге қол жеткізу үшін педагогикалық мамандықтарда оқытуды менеджмент және педагогтер даярлау саласындағы үздік халықаралық стандарттар негізінде отандық және шетелдік мамандар жүргізеді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО 2013 Білім беру сыныптауышының халықаралық стандартына сәйкес келтірілетін болады:

1) 6-деңгей (БСХС 6) – бакалавриат және оның баламасы;

2) 7-деңгей (БСХС 7) – магистратура және оның баламасы;

3) 8-деңгей (БСХС 8) – докторантура және оның баламасы.

Жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде халықаралық практиканың тәжірибесі бойынша ел ғалымдарының ғылыми мансабын дамытуға бағытталған постдокторлық бағдарламалар енгізілетін болады.

2017 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан аккредиттеуге толық көшуі жүзеге асырылады. Бұл сапаны іштен қамтамасыз етуден, сондай-ақ сапаны сырттан қамтамасыз етуден тұратын білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасауды көздейді.

ЖОО-ның білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген ұлттық немесе шетелдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу қызметі жалғастырылады.

Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде Қазақстан жоғары мектебінің Болон процесінің міндетті, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін, жоғары білім беруді дамытудың басым бағыттарын, оның ішінде ЕСТS типінде кредиттік оқыту жүйесін, академиялық және кредиттік ұтқырлықты одан әрі имплементациялауды, сондай-ақ студенттердің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға тартылуын іске асыруы қамтамасыз етілетін болады.

2020 жылға қарай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ескере отырып әзірленген перспективалық, жаңа мамандықтардың еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие білім беру бағдарламалары енгізілетін болады.

Академиялық дербестікті кеңейту шеңберінде таңдау компоненті бакалавриатта 75%-ға дейін, магистратурада – 85%-ға дейін, докторантурада – 95%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын, оның ішінде жалпы білім беретін пәндер циклі бойынша жасаудағы, ықпалдастырылған модульдері немесе пәндер бағдарламаларын әзірлеудегі дербестігін көздейді.

2017-2018 жылдардан бастап ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО-ларда ЖОО-лар үшін ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлей отырып, 6 мамандық бойынша және педагогикалық ЖОО-да 4 мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытуға көшу іске асырылатын болады. 2021 жылға қарай бакалаврлардың ағылшын тілін білуі С 2 деңгейіне жеткізіледі. Одан әрі магистратурада бейіндеуші пәндерді ағылшын тілінде оқу басым болады.

ИИДМБ шеңберінде жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістер жасау үшін базалық жоғары оқу орындары ғылыми зерттеулер жүргізеді, оның ішінде шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірлесіп жүргізеді.

ИИДМБ базалық жоғары оқу орындарында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оқытуға өндірістен тәжірибелі мамандар тартылатын болады.

Іргелі және қолданбалы зерттеулердің кешенділігі мен практикалық нәтижелілігін арттыру үшін жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімді пайдаланылатын болады.

4. ЖОО жастарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру.

ЖОО студенттерінің оң тұрғыдан дамуы студенттерді қоғамдық өмірге тартудан, оқытудан өнімді жұмыспен шұғылдануға көшуге қажетті өмірлік маңызды дағдыларды дамытудан, толеранттылыққа тәрбиелеуден, конфессияаралық және этностық алуантүрлілік жағдайында әлеуметпен келісімде өмір сүре білуден тұратын кешенді шараларды көздейді.

Халықаралық тәжірибе негізінде еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару енгізілетін болады, студенттер академиялық және зерттеу қызметіне белсенді тартылатын болады, олардың жоғары оқу орнын алқалы басқару органдарындағы рөлі арта түседі.

Белсенді азаматтық ұстанымды дамыту үшін ЖОО студенттері ірі халықаралық іс-шараларға дайындыққа белсенді түрде тартылады. ЖОО студенттері арасында дебаттық қозғалыс дамытылады. Шығармашыл жастарға қолдау көрсету үшін жыл сайын «Студенттік көктем» жастар шығармашылығы фестивалі өткізілетін болады.

Салауатты өмір салты мәдениетін нығайту студенттерді спорттық іс-шараларға жаппай тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

ЖОО-лардың спорт клубтары институционалды мәртебеге, оның ішінде МЖӘ есебінен ие болады.

Ұлттық студенттер лигасының шеңберінде спорт федерацияларымен өзара ынтымақтастықта бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлері дамитын болады.

Студенттердің бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Институционалды деңгейді қоса алғанда, білім берудегі менеджмент одан әрі жетілдіріледі. Бұл корпоративтік басқару қағидаттарына ие ЖОО-лар санын ұлғайту шараларын өткізуді (байқау немесе қамқоршылық кеңестері, директорлар кеңестері), жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тартуды, меншік нысанына қарамастан барлық азаматтық жоғары оқу орындарының басшылық құрамының жоғары білімдегі заманауи менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуін, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтуін көздейді.

Ректорлардың жұртшылық алдындағы жыл сайынғы есептілігі арқылы іске асырылатын ашықтық пен қоғамға есеп беру қағидаты енгізіледі.

Азаматтық жоғары оқу орындарында академиялық және басқару дербестігі мәселелері бойынша Назарбаев Университетінің тәжірибесін кезең-кезеңімен енгізу жалғастырылады. Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін жоғары оқу орындары 2016 жылдан бастап тиісті Жол картасын әзірлейді. ЖОО әкімшілігі мен оқытушылары тиісті біліктілікті арттыру курстары арқылы, оның ішінде бюджеттен тыс қаражаттар есебінен академиялық және басқару дербестігі жағдайында жұмыс істеуге үйренетін болады.

ЖОО корпоративтік басқару органдарын құруды көздейтін коммерциялық емес ұйымдарға айналдырылатын болады. Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындарының базасында мемлекеттің 100% қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғамдар құру мәселесі пысықталатын болады. Бұл байқау кеңестерінің, эндаумент-қорлардың құрылуын, жыл сайынғы жария есептілікті және қаржы қызметінің аудитін көздейді. ЖОО-ның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергеннен кейін бірыңғай ашық бухгалтерияны енгізумен қаржылық дербестікті ұсыну мәселесі пысықталатын болады. Барлық мүдделі тараптар 2016 жылдан бастап жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға көшу мәселесі бойынша ақпараттық науқан өткізетін болады. Соның ішінде жоғары оқу орындарымен белсенді түрде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бейнероликтер, бейнедәрістер, пікірлер, дөңгелек үстелдер, жұртшылықпен кездесулер, және т. б.) саласындағы жаңашылдықтар туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-имидждік жұмыстар жүргізіледі.

Білім беру жүйесін сандықтандыру шеңберінде білімді басқару жүйесін одан әрі құру арқылы білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде (орта, техникалық және кәсіптік білім, жоғары) білім процессін автоматтандыру жоспарлануда. Ол білім мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің бірігейлі деректер қорына кіріктіретін болады.

Сонымен қатар, Big Data (үлкен деректерді өңдеу технологиясы) технологиясын қолдана отырып, білімнің жан-жақты сандық сервиздері кіріктенетін болады.

Осылайша, білімді басқару жүйесі «білім алушының ID» құру және оны әрі қарай қолдану артқылы процесстің барлық қатысушыларының электрондық деректер банкін қамтамасыз ететін болады, онда қажетті ақпарат электрондық формата болады.

Бала туралы деректерді білім беру басқармасының эксплуатация жүйесіне жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы және білім берудің әрбір деңгейінде оқыту, оның ішінде  медициналық картасымен толық енгізе отырып толтырылады.

Білім беру деңгейі бойынша келесі әрбір қозғалысы (балабақша, мектептер, колледжер, ЖОО-лар)  жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) деректері бойынша электронды түрде жүзеге асырылатын болады.



жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау