КОПД
Республикада 2016 жылғы 1 қаңтарда 0-ден 18-жасқа дейінгі 5,3 млн. балалар тұрады, оның ішінде балалар халқының осал топ бөлігін шамамен 8,6% – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, девиантты мінез-құлық және т. б. құрайды
Инклюзивті білім беруді дамыту және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы сапалы білім алуына барлық санаттағы балаларға: денсаулық проблемалары бар (мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалар), қоғамда әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар (девиантты мінез-құлықты, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен) көшіп-қонушылардың, оралмандардың, босқындардың отбасы мүшелерінің болып табылатын және тұратын елді мекендерде жоқ отбасынан шыққан балалардың, мектебі жоқ елді мекендерде тұратындардың жалпыға міндетті орта тегін білім алу құқықтарын іске асыру үшін тең мүмкіндіктер мен шарттары жасалуда.
Білім беру саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары бекітілді, оның шеңберінде қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар жарақатының, адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізуде негізгі проблемаларды шешу.
Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде бейнебақылау камераларын орнату.
2016-2017 оқу жылы республикадағы білім беру объектілерінің 67%-ы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген, бұл 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 28% - ға өсуді көрсетеді.
Девиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін қалада 7 арнайы білім беру ұйымдары және 1 ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызмет жасайды.
Республикада Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында өмірдің қиын жағдайына тап болған ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және балаларға пәрменді консультативтік, құқықтық, психологиялық, педагогикалық көмек көрсететін қоғамдық негізде отбасын қолдау қызметі жұмыс жасайды.
Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуын есепке алу және бақылау жүйесі жолға қойылған.
Жаңа Kundelik.kz бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалауға, сондай-ақ сабақ босатушы балаларды жедел анықтауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдарымен бірлесіп оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін жедел-профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылады, тұрақты түрде үй-үйді аралау рейдтері жүргізіледі балалардың тізімі салыстырылады, аз қамтылған және жайсыз отбасыларынан шыққан оқушылардың өмір сүру жағдайлары зерттеледі.
Әр баланың өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге негізгі құқықтары жүзеге асырылуда.
«Кейбір заңнамалық актілерге баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 мамырдағы Заңына сәйкес, баланы қабылдайтын отбасы түріндегі орналастырудың баланы қабылдайтын отбасы, бала қонақтайтын отбасы сияқты жаңа нысандары белгіленген.
Қазіргі уақытта республикада отбасына орналастырудың төрт түрі – қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және асырап алу нысандары бар.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың барлық нысандары, бала қонақтайтын отбасынан басқасы, материалды ынталандырылған.
Бар балалардың жасына тиісті демалыс және бос уақытқа, денсаулық және қажеттілікке құқықтары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында бекітілген.
Каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын және еңбекпен қамтылуын, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың 2016-2018 жылдарға арналған жол картасы әзірленді және бекітілді.
Неке және отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды өсіру мәселелері - мемлекеттік саясаттың басым міндеттері.
Президент Жарлығымен Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде тойланатын Отбасы күні – мерекесі белгіленді.
Отбасы мәртебесін және отбасы мен некенің жағымды бейнесін арттыру мақсатында, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі.
Проблемалар:
1) Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды әлеуметтік және психологиялық сүйемелдеудің жоқтығы.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарында білікті әлеуметтік педагогтар, психологтардың, мамандардың жеткіліксіздігі.
2) Әлеуметтік бейімсіздену мен әлеуметтік депривацияға келетін, балаларға қатысты қатыгездік көрсету, зорлық көрсету мен зорлық фактілерінің жасырын ұстауы жағдайы бар.
3) Ұсынылған жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметтері талаптарға сәйкес келмейді. Сауықтыру лагерлерінің материалдық-техникалық базалары жеткіліксіз.
Техникалық және кәсіптік білім
Әлемдік практикада техникалық және кәсіптік білімнің әлеуметтік бағыты айқын. Жетекші елдерде ТжКБ жүйесі жастар мен ересектерді табысты әлеуметтік бейімдеудің факторы болып табылады.
Германияда әлеуметтік әріптестік Еуропадағы жастар жұмыссыздығы төмендеуінің үздік көрсеткіштерін қамтамасыз етті. Қазақстанмен салыстырғанда оқушыларды дуальді оқытумен қамту 3,5 есе жоғары. Кадрларды даярлау процесіне кәсіпорындарды тарту көрсеткіштері 27,5 есе артып отыр.
ЭЫДҰ елдерінде ТжКБ білім берудің және жұмыс берушілердің, мүдделі тараптардың ұжымдық жауапкершілігі негізінде дамиды.
Еуропалық Одақта 2020 жылға дейін ТжКБ-нің басты мақсаттарының бірі дуальді оқытуды ілгерілету болып мәлімделді. Жұмысшы кәсібін алумен қатар жастарға кәсіпкерлік дағдыларды дарыту қамтамасыз етіледі.
2011-2015 жылдары елдегі ТжКБ-ні қайта құрылымдау бойынша едәуір жұмыс жүргізілді. 2012 жылы Қазақстан ТМД елдерінің алғашқысы болып ТжКБ жүйесінің білім беру қызметін қайта форматтады. Бұл кадрларды даярлауға техникалық бағыт беруге мүмкіндік берді. Осылайша ТжКБ біліктіліктерінің сабақтастығы қамтамасыз етілді. Колледж студенттері бір оқу орны шеңберінде бірнеше қолданбалы біліктіліктерді алу мүмкіндігіне ие болды.
2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 817 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 473-і мемлекеттік. Оның 35%-ы ауылдық жерде орналасқан. Барлығы 489,2 мың студент оқиды. ТжКБ-да 42785 инженер-педагог қызметкер жұмыс істейді. Кадрлар даярлау 213 мамандық және 693 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Индустриялық-инновациялық дамудың басым жобаларын іске асыру үшін 10 базалық колледж айқындалған.
2015 жылы дуальді оқытудың қағидаттары заңды түрде бекітілген. Еліміздің кәсіпорындарымен әріптестікте білім беру қызметін 421 колледж жүзеге асыруда. Колледждер мен жұмыс берушілердің ынтымақтастығы туралы 27200 шарт жасалған. Кадрларды нысаналы даярлау шеңберінде 5 мың адам оқиды.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» оқу миграциясы арқылы еңбек ресурстарының өңірлік теңсіздігін реттеу тетігі іске қосылды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі 34 колледжде 2200 студент оқиды.
Білім беру қажеттіліктері ерекше жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Қабылдау квотасы белгіленген (2012 жылдан бастап мүгедектер үшін квота мөлшері 1%-ды құрайды).
ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда жаңа тәсілдер әзірленуде. Қазақстан Турин процесінің қатысушысы болды. Бұл ТжКБ жүйесін дамытудың нақты қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бірінші жұмысшы мамандығын тегін алу заңнамалық деңгейде бекітілді. Бұл қадамдық іс-қимылдарды жеделдетіп әзірлеуді талап етеді.
ТжКБ-ның оқу орындарын халықаралық аккредиттеу заңды түрде бекітілді.
Қабылданып жатқан қадамдарға қарамастан, Қазақстанда ТжКБ-мен қамту дамыған елдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен. Халықтың
22%-ы ғана ТжКБ-ны беделді деп санайды. Ал Еуроодақ елдерінде жұмысшы кәсібін алу халықтың 71%-ы үшін жағымды имиджге ие. Бұл – қамту, жұмысқа орналастыру, еңбекақы мөлшері және халықтың ой-пікірінің көрсеткіштері.
Қазақстандағы ТжКБ-ға жұмсалатын шығыстар әлемнің дамыған елдерінің көрсеткіштерінен 2,5-3 есеге төмен.
Проблемалар:
1) кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімді жүйесі жоқ. 2016 жылы ТжКБ-дағы типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 16,6%-ды ғана құрайды;
2) ЭЫДҰ сауалнама қорытындылары бойынша Қазақстандағы компаниялардың 70%-ы кадрлар даярлау деңгейінің төмендігі бизнесті дамытуға айтарлықтай кедергі келтіреді деп санайды. Еліміздің жұмысшы кадрлары компьютерлік жобалау дағдыларын, күрделі дәнекерлеу конструкцияларымен жұмыс істеуді, техникалық ағылшын тілін игермеген. Жыл сайын 30 мың шетелдік жұмыскер, оның 24,9 мыңы (83%) – өнеркәсіп үшін тартылады;
3) мамандарды даярлау сапасын растайтын колледждердің көрсеткіштері төмен болып отыр. Олардың 4,3%-ы ғана аккредиттеуден өткен;
4) салалық қауымдастықтар базасында ТжКБ студенттерінің біліктілігін тәуелсіз сертификаттау тетіктері әзірленбеген. Түлектердің кәсіби даярлық деңгейінің сертификаттарын бизнес-қоғамдастық мойындамайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің бірде-бір кәсіби қауымдастығы осы уақытқа дейін түлектерді өздері тәуелсіз сертификаттауды бастамаған;
5) инженер-педагог кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы байқалады. Жалақы деңгейінің төмендігі оқыту үшін өндірістен тәжірибелі жұмыскерлерді тартуға мүмкіндік бермейді;
6) ТжКБ жүйесіндегі өндірістік оқыту шеберлері инженер-педагог қызметкерлердің жалпы санынан 13,4%-ды ғана құрайды. Дамыған елдерде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері тәжірибелі мамандар болып табылады немесе 3 жылда 1 рет өндірісте тағылымдамадан өтіп тұрады, сонымен қатар үздік әлемдік тәжірибені игеру үшін үздік халықаралық ұйымдар мен кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өту шаралары қарастырылмаған;
7) колледждердің ескірген материалдық-техникалық базасы кадрларды даярлау сапасы мен ТжКБ жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз етпейді. Басқа қалалардан келген білім алушыларға жағдай жасау мәселелері толығымен шешілмеген. Ауылдан келген студенттердің 70%-ы ғана жатақханаларда орын алу мүмкіндігіне ие.
Жұмысшы еңбек нарығының дамуы ТжКБ жүйесінің алдына жаңа талаптар қойды. ТжКБ жүйесі әлеуметтік тиімділік үшін, ең алдымен, жалпы адам және қоғам үшін тиімділік аясында басты рөлді ойнауға бағытталған. Осыған байланысты ТжКБ-мен жастарды қамтуды ұлғайту үшін жағдай жасау, халықаралық стандарттарды ескеріп білім беру бағдарламаларын жаңарту және оларды білім беру процессіне енгізу керек. Коммуникациялардың заманауи құралдарын есепке ала отырып оқыту процессінле сандық білім беру контентін қолдану. Жоғары біліммен сабақтастықты қамтамасыз ету үшін кредиттік-модульдік технологиямен оқытуға көшу керек.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Инновациялық экономиканың тиімді көрсеткіші болып жоғары оқу орындары ғылымын дамыту тренді көрсетілген. Университеттер мен бизнес-құрылымдарды интеграциялау күшеюде.
IMD рейтингінде жоғары білім экономиканың қажеттіліктеріне сай келетін жетекші елдер тобына Швеция, Сингапур, Дания, Канада, Финляндия кіреді. Қазақстан әлемнің 60 елінің ішінде 44-орынды иеленіп отыр.
Зерттеу ЖОО-ларын дамыту жобалары іске асырылуда. Қытайдың зерттеу университеттеріне салған инвестициясы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.
Ұлыбританияда зерттеу университеттеріне көңіл бөлу елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етті. 2010 жылы Ұлыбританияның Russel Group тобына біріктірілген 20 ЖОО 22,3 млрд. көлемінде табыс әкеліп, 243 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті. Russel Group университеттерінің ҒЗЖ нәтижелерінің 2/3-інен астамы елдің экономикасына, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік салаларына енгізілуде.
Қазақстанда жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім берудің басымдығы білім, ғылым және өндірістің үштұғырлылығы болып табылады. Елдің жоғары мектебін институционалдық қайта құру процесі басталды. Бірінші зерттеу университеті – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті құрылды. Мұнда іргелі және қолданбалы ғылыми-білім зерттеулерін орындайтын еліміздің жетекші ғалымдарының пулы қалыптасты.
Коммерцияландырудың 24 кеңсесі, 12 технопарк және 33 бизнес-инкубатор жұмыс жасауда. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Назарбаев Университеті) ғаламдық білім мен ғылыми жаңалықтардың флагманына айналды. ЖОО-ның инженерлік мектептерінде инновациялық білім беру мен ғылыми жобалар табысты іске аса бастады. 2015 жылы Университет шептен өтті. Алғашқы болып 594 жоғары білікті жас маман (446 бакалавр және 148 магистр) бітірді.
Қазақстанның жоғары мектебін 130 жоғары оқу орны құрайды
(2015 - 2016 оқу жылы – 125, 2014 – 2015 оқу жылы – 127), оның 10-ы ұлттық, 32-і мемлекеттік, 14-і азаматтық емес, 1-уі дербес білім беру ұйымы, 1-уі халықаралық, 17-сы акционерленген, 55-і жекеменшік.
2016 – 2017 оқу жылында ЖОО-да білім алушылар контингенті
512 677 адамды құрайды (2014 жылы – 512,4 мың адам, 2015 жылы 486,3 мың адам), оның ішінде бакалавриатта – 477 074 адам, магистратурада
– 32893 адам, докторантурада – 2710 адам.
Оқытушы-профессор құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) саны 38241 адамды құрайды (2014 жылы – 40 320, 2015 жылы - 38080).
Мамандарды даярлау еңбек нарығы ескеріле отырып жүзеге асырылады. 11 жоғары оқу орны Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) жобаларын табысты іске асыру үшін жоғары білікті кадрлар даярлауда база ретінде айқындалды. Кәсіби құзыреттер Дублин дескрипторларына және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген білім беру бағдарламалары шеңберінде қалыптастырылады.
Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің үш деңгейлі моделінің білім беру бағдарламаларының сабақтастығы қамтамасыз етілді. ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтаудағы академиялық еркіндігі бакалавриатта 55%-ға, магистратурада 70%-ға, докторантурада 90%-ға дейін ұлғайтылды. ЖОО-ның білім беру қызметі нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал ететін білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсына алады.
Магистратура гранты санының бакалавриат грантына арақатынасы жоғары оқу орындары контингентінің әлемдік құрылымына (1:5) сәйкес келеді.
Қазақстандық ЖОО-ның әлемнің жетекші университеттерімен білім беру байланысы кеңейтілуде. Халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары шетелдік әріптес ЖОО-мен бірлесе отырып іске асырылуда. Елдердің қарым-қатынасы жоғары білім беру біліктілігінің тартымдылығы мен салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.
Жоғары оқу орындарын аккредиттеудің ұлттық моделі енгізілді.
2016 жылы қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде институционалдық аккредиттеуден 96 жоғары оқу орны, ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден 85 жоғары оқу орны өтті. Мемлекеттік аттестаттаудан қоғамдық-кәсіптік аккредиттеуге біртіндеп көшу басталды.
Студенттер мен ОПҚ академиялық ұтқырлығы дамуда. 2012-2016 жылдары әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында қазақстандық жоғары оқу орындарының 4 423 студенті оқудан өтті.
ЖОО-ның 200 қызметкері Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және Сингапур елдерінде тағылымдамадан өте отырып, Назарбаев Университетінің базасында менеджмент саласында курстық даярлаудан өтті. Ғылыми-педагог кадрлары «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 30 елінде кәсіптік құзыреттер деңгейін арттыруда.
2011 жылмен салыстырғанда ЖОО-дағы ОПҚ мен ғылыми қызметкерлердің жоғары импакт-факторы бар жарияланымдарының саны
2 еседен астам өсті.
Сонымен қатар ЖОО-дағы ОПҚ дәрежелілігі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр және 50,4%-ды құрайды. Олардың жалпы санының 4%-ының ғана PhD докторы дәрежесі бар.
Жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімсіз пайдаланылуда. Ведомствоаралық кедергілер, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, жеке сектордың экономикалық ынтасының болмауы білім, ғылым және өндірістің табысты интеграциясына кедергі келтіруде.
Инновациялық құрылымдарды қолдаудың институционалдық нысандары қажетті деңгейде дамымаған. Ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдердің деңгейінен он еседен астам төмен. Жоғары оқу орындары қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің 0,1%-ын ғана коммерцияландыруда.
115 жоғары оқу орнында жастардың өзін-өзі басқару органдары құрылған.
Футбол және баскетбол бойынша Ұлттық студенттер лигасы құрылды. Бүкіләлемдік Универсиадада 2015 жылы қазақстандық студенттердің құрама командасы 5 алтын және 6 күміс медальді жеңіп алды.
Проблемалар:
1) әлеуметтік сауалнамаларға қатысқан қазақстандық жұмыс берушілердің 66,3%-ы ҒЗТКЖ саласында жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибесінің жоқтығын атап көрсетті. Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау әлі де болса практикалық дағдыларды дамытуға бағытталмаған. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің ойындағыдай емес;
2) жоғары оқу орындарын техникалық мамандықтар бойынша бітірген түлектер деңгейінің төмендігі байқалуда. Жоғары оқу орнын бітірген түлектердің бірінші жылы жұмысқа орналасуы (78,4%), оның ішінде ауылдық жерлерде жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен. Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жас мамандарды «Дипломмен – ауылға» жобасы шеңберінде тарту жұмыстарын нашар жүргізуде. Ауыл жастарының әртүрлі жобаларға қатысуы төмен деңгейде қалып отыр;
3) педагог кәсібі беделінің болмауы үлгерімі төмен талапкерлерді қабылдауға әкеледі. Педагогикалық мамандықтарға қабылдауға қойылатын арнайы талаптар жоқ. Педагогикалық мамандықтарды түлектер оқу практикасында оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға бағдарланбаған. Студенттерді үш тілде оқыту бағдарламаларымен қамту төмен деңгейде болып отыр. Студенттердің де, сондай-ақ оқытушылардың да тілдік құзыретін жоғарылатуға қажеттілік бар. Ағылшын тілінде оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жеткіліксіз дәрежеде әзірленген;
4) IMD рейтингінде Қазақстан әлемнің 56 елінің ішінде «студенттерді импорттау» көрсеткіші бойынша 44-орынды алады. Шетелдік студенттердің үлесі 2,7%-ды ғана құрайды, ЭЫДҰ елдерінде олардың үлесі 9-10%-ға дейін жетеді;
5) корпоративтік басқарудың қолданыстағы институттарында негізгі шешімдерді қабылдауға әсер ететін нақты өкілеттіктер жоқ. ЖОО-лар студенттері және ата-аналар қоғамдастығы алдында есеп беруі тетігін реттемеген;
6) жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы және бос уақытты ұйымдастыруы басқа қаладан келген және шетелдік студенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келмейді және ойдағыдай емес;
7) кедергісіз оқыту ортасы Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында құрылған. Онда білім беру қажеттіліктері ерекше 570 студент білім алады. Заңнама деңгейінде оларды жұмысқа орналастыру тетіктері жасалмаған;
8) ауыл жастарының әлеуметтік жобаларға қатысуы төмен деңгейде қалып отыр. Қала жастары мен ауыл жастарының арасында бос уақытты өткізу жағдайларында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Волонтерлік қозғалыс толық таралмаған. Жастардың 9%-ы ғана спортпен айналысады (қалада
– 6,7%, ауылда – 11,8%).
Қол жеткізілген нәтижелерді және әлі де бар проблемаларды ескере отырып, Қазақстанның жоғары мектебінің сапалы көрсеткіштерінің өсуі барынша маңызды болып табылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі жүйеде ЖОО-ны академиялық жне басқару дербестігін кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажет. Корпоративті басқару тетігін күшейту қажет (байқау кеңестері, директорлар кеңесі). Берілетін білімнің сапа көрсеткіші болып ЖОО-ның заманауй құзыреттілігіне сәйкестілігі білім беру бағдарламаларының кәсіби қоғамдастығының бағасы болуы тиіс.
Бүгінгі күні Министрлікте білім берудің барлық деңгейлері бойынша әкімшілік деректерді сақтайтын және өндейтін 82 аса ақпараттық жүйе мен деректер қоры жұмыс істейді.
Білім беруде ақпараттық жүйені дамытуда келесі проблемалар бар, олар білім беретін ақпараттық жүйелер кіріктірілмеген және әрқайсысы әртүрлі даму векторына ие, бұл жалпы оларды тиімсіз пайдалануға әкеп соқтырады. Білім беру жүйесін сандықтандыру жөнінде шаралар қабылдау «Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда.
Ғылым
2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы озық ғылыми жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан ғылымының жаңалығына айналды. Негізгі ережелерде экономика және бизнес мүддесі үшін қазақстандық ғылымның дамуына жағдай жасау заңды түрде регламенттеледі.
Ғылымды басқарудың түбегейлі жаңа моделі құрылды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың мынадай тетіктері айқындалған: базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы. Тәуелсіз сараптаманы Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізеді.
Бес ұлттық ғылыми кеңес (бұдан әрі – ҰҒК) алқалы шешім қабылдау органы болып табылады.
2015 жылы қазақстандық ғылым мен Дүниежүзілік Банктің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы сәтті аяқталды. 65 ғылыми жоба іске асырылды. 6 лицензиялық келісім жасалды.
Экономиканың инновациялық дамуы ғылымның сапалы көрсеткішінің өсуін көздейді. Қазіргі уақытта ғылым, оның ішінде ғылыми гранттар мен бағдарламалардың құрылымы өндіріске инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды қаржыландыру механизімі бар индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаның қажеттілігіне қайта бағытталған.
ҒЗТКЖ-ды 383 ғылыми ұйым атқарады, онда 22,9 мыңнан астам ғылыми қызметкер жұмыс істейді.
Еліміздің ғалымдары әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады. Ең ірі Clarivate Analytics, Springer, Elsevier шетелдік компанияларымен және баспаларымен лицензияларға және келісімдерге қол қойылған.
Халықаралық рейтингтік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау белсенділігінің едәуір өскендігі байқалады. 2016 жылы әлемнің жетекші рейтингтік журналдарындағы жарияланымдардың саны 3011, оның ішінде тек Scopus (Elsevier) – 1956, Web of Core Collection (Thomson Reuters)
– 1055 жарияланым.
Ғылымның кадрлық әлеуеті нығайып келеді. Ғылымда қазақстандық жастардың саны өскені байқалады. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі
1,5 есеге артты. Ғалымдар үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фәраби атындағы Мемлекеттік сыйлық, ҚР БҒМ-нің 6 атаулы сыйлығы, мемлекеттік ғылыми стипендиялар (50 жас және 25 көрнекті ғалым үшін) елеулі ынталандыру болды.
Проблемалар:
1) ғылым мен білім беру арасында алшақтық сақталып отыр. Ғылыми нәтижелер білім беру саласына шоғырланбайды;
2) ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының материалдық-техникалық жарақталуы төмен күйінде қалуда;
3) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландырудың басымдықтары көбінесе индустрияның қатысуынсыз қалыптастырылады;
4) ғылыми кәсіпкерлік нашар дамыған. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бизнес үшін сұранысқа ие болмай отыр және кәсіпорындар өндірістік процестерде қолданбайды;
5) іргелі білімдерден оларды практикалық іске асыруға көшу нашар қамтамасыз етілген. Бұл қоғам мен экономика көзқарасы тұрғысынан ғылыми еңбек нәтижелерінің құндылығын барынша төмендетеді;
6) халықаралық ғылыми жобаларды әкімшілендіруді және бақылауды жүзеге асыратын бірыңғай оператор жоқ;
7) тәуелсіз сараптамаға тартылатын ғылыми қызметкерлердің ұлттық кәсіби қоғамдастықтары дамымаған;
8) Қазақстан дамыған елдерден ҒЗТКЖ нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. 5 жыл ішінде тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер шығындары 3 есе артты, алайда ЭЫДҰ елдеріне қарағанда айтарлықтай төмен;
9) Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын сату Ресей мен Сингапурға қарағанда әлдеқайда төмен. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын ішкі шығындар ЭЫДҰ елдеріне қарағанда 14 есе төмен;
10) ғылыми зерттеулерді іске асыру мониторингінің кешенді жүйесі жоқ;
11) Қазақстанның білім және ғылым саласында икемсіз мемлекеттік бақылау жүйесі жұмыс істейді;
12) мемлекеттік бақылау рәсімдері бюрократтандырылған (15 НҚА-ның 551 параметріне міндетті түрде сәйкес болу);
13) бақылау іс-шараларының жүйелендірілген ақпараттық деректер базасы жоқ. Бұл білім беру ұйымдары қызметінің мониторингі мен талдауын шектейді;
14) білім беру ұйымдарын іштей және сырттай бағалаудың арасында айтарлықтай алшақтық бар. Өзін-өзі бағалау бойынша 100%-ы өздерінің қызметтерін қанағаттанарлық деп санайды. Бұл ретте балабақшаның 58%-ы, мектептің 59%-ы, колледждің 11%-ы, ЖОО-ның 46%-ы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді;
15) ҒЗЖ нәтижелерінің сапасын, тиімділігі мен мониторингін бағалаудың бірыңғай әдістемесі жоқ.
Білім беру саласындағы жаңа міндеттер бақылау және бағалау жүйесін жетілдіруді, оның ішінде Ofsted үздік тәжірибесін зерделеуді және енгізуді талап етеді.
Осылайша, білім мен ғылым саласында іске асырылған қадамдық іс-қимылдарды талдау мыналарды айқындайды:
1. Күшті жақтары:
1) білім мен ғылымның, мемлекеттік жастар саясатының заңнамалық базасының жаңартылуы;
2) инфрақұрылымдық шешімдердің жеделдетілген қарқыны;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы;
4) НЗМ мен Назарбаев Университеті тәжірибесінің таратылуы;
5) білім сапасының халықаралық рейтингтердегі орнының жақсаруы;
6) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қайта құрылымдалуы;
7) ТжКБ жүйесінде дуальді оқыту элементтерінің енгізілуі;
8) ЖОО-лардың академиялық еркіндігінің кеңейтілуі;
9) инновациялық жобаларда ЖОО ғылымының көбеюі;
10) ОПҚ мен ғалымдардың жариялау белсенділігінің өсуі;
11) Назарбаев Университетінің және Инновациялық технологиялар паркі базасында зияткерлік кластерлердің дамытылуы.
2. Әлсіз жақтары:
1) педагог пен ғалым мәртебесінің төмендігі;
2) мектепке дейінгі жоғары арнайы білімі бар педагогтердің тапшылығы;
3) ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық циклі (бұдан әрі –ЖМЦ) пәндерін оқытатын мұғалімдер үлесінің төмендігі;
4) үш ауысымды және авариялық мектептердің болуы;
5) оқушылардың қосымша білім берумен жеткіліксіз қамтылуы;
6) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі;
7) мектептерді ақпараттандыру деңгейінің төмендігі;
8) ҰБТ-ның жетілдірілмеуі;
9) мектептердің нәтижелерін теңестіру тетіктерінің жоқтығы;
10) мектептердегі кәсіби бағдарланған жұмыстың жеткіліксіздігі;
11) ТжКБ беделінің төмендігі;
12) жұмыс берушілердің кәсіптік даярлық деңгейді бағалауының заңнамалық нормаларының жоқтығы;
13) өндірісте жұмыс тәжірибесі бар инженер-педагог кадрлардың тапшылығы;
14) ТжКБ жүйесінің сапасын растау тетіктерінің жоқтығы;
15) инклюзивті білімнің жеткіліксіз дамуы;
16) педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
17) коммерцияландыруға мамандандырылған кадрлардың тапшылығы;
18) ЖОО инновациялық құрылымдарының өңірлік сәйкессіздігі;
19) төмен патенттік белсенділік пен ЖОО-дағы ОПҚ-ның жоғары жариялау белсенділігінің арасындағы теңгерімсіздік;
20) шетелдік азаматтар үшін жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің тартымсыздығы;
21) білім мен ғылымдағы менеджмент деңгейінің жоғары еместігі;
22) білім беру бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуге жұмыс берушілердің қатысу деңгейінің төмендігі;
23) білім мен ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;
24) білім мен ғылым саласындағы бақылаудың бюрократталған және икемсіз жүйесі.
3. Мүмкіндіктер:
мемлекет үшін:
1) қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) адами капиталдың сапасын арттыру;
3) балалардың өмір сүру сапасының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
4) халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білім мен ғылымды инвестициялық қолдау;
5) білім мен ғылым саласындағы басқарудың жаңа тиімді әдістері;
6) білім беру және ғылым саласының қолжетімділігі, тартымдылығы, сапасы және ашықтығы;
7) халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту;
8) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
9) әзірленген инновациялық жобаларды өндіріске енгізу.
4. Қауіп-қатер:
1) қаржыландыру деңгейінің төмендігі;
2) педагог еңбегін ынталандырудың төмендігі;
3) ғалымдар үшін шетелде жұмыс істеу жағдайларының барынша тартымды болуы;
4) педагог кадрлардың арасында өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылыс деңгейінің төмендігі;
5) білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мерзімдерінің бұзылуы;
6) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.
Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесіне жақындату перспективасымен білім және ғылым жүйесін одан әрі жаңғырту үшін аталған проблемаларды шешуге ықпал ететін болады.
Адамгершілігі жоғары және өз Отанының патриоттарын тәрбиелеу бойынша шаралар 4 бағыттан - «Өлкетану», «Отаным-тағдырым», «Саналы Азамат», «Кітап – білім бұлағы» тұратын «Туған жер» Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының арнайы жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. ЖАО барлық бағыттарда жобаны іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Басты мақсаты: білім беру мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсуі үшін адами капиталды дамыту.
4.1. Бағдарламалық мақсат: мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету
Нысаналы индикатор:
Р/с №
|
Индикатор
|
Өлш.бірл.
|
Ақпарат көзі
|
2015
(нақты)
|
2017
|
2019
|
Жауап-
ты орын-
даушы-лар
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
|
1
|
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі
|
%
|
ҚР БҒМ-нің әкімші-
лік деректе-
рі
|
-
|
87,5
|
100
|
ЖАО
|
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру
Р/с
|
Нәтижелер
көрсеткіштері
|
Өлш.бірл.
|
Ақпарат көзі
|
2015
(нақты)
|
2017
|
2019
|
Жауап-
ты орын-
даушы-лар
|
1
|
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық и кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесі
|
%
|
ҚР БҒМ-нің әкімші-
лік деректе-
рі
|
34,8
|
40
|
50
|
ЖАО, ҚР БҒМ
|
2. Демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту
Р/с №
|
Көрсеткіш
|
Өлш.бірл.
|
Ақпарат көзі
|
2015
(нақты)
|
2017
|
2019
|
Жауап-
ты орын-
даушы-лар
|
|
Барлық түрлерінің жалпы санынан толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі
|
%
|
ҚР БҒМ-нің әкімші-
лік деректе-
рі
|
73,1
|
79,5
|
85,0
|
ЖАО, ҚР БҒМ
|
|
Ұсынылған орындардың жалпы санынан жекеше мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі
|
%
|
ҚР БҒМ-нің әкімші-
лік деректе-
рі
|
19,5
|
28,2
|
35
|
ЖАО
|
|
Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі
|
%
|
ҚР БҒМ-нің әкімші-
лік деректе-
рі
|
9,1
|
15
|
30
|
ЖАО, ҚР БҒМ
|
3. Балаларды мектепте сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту
Р/с
|
Нәтижелер көрсеткіштері
|
Өлш.бірл.
|
Ақпарат көзі
|
2015
(нақты)
|
2017
|
2019
|
Жауап-
ты орын-
даушы-лар
|
1
|
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен машығының даму индикаторларына сәйкес машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта 5-6 жастағы балалардың үлесі
|
%
|
ҚР БҒМ-нің әкімші-
лік деректе-
рі
|
-
|
60
|
80
|
ЖАО, ҚР БҒМ
|
4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру
Р/с №
|
Нәтижелер көрсеткіштері
|
Өлш.бірл.
|
Ақпарат көзі
|
2015
(нақты)
|
2017
|
2019
|
Жауап- ты орын-
даушы-лар
|
1
|
Мектепке дейінгі ұйымдар басшылары-ның жалпы санынан менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының үлесі
|
%
|
есептік ақпарат
|
-
|
20,5
|
21,5
|
ҚР БҒМ,
ЖАО
|
Достарыңызбен бөлісу: |