Садыков Самат Дастанұлының диплом алды тәжірибеден өтуі бойынша есебі Кіріспе Мен, 4 курс студенті ТӘА сабақ



жүктеу 12,17 Kb.
Дата09.07.2020
өлшемі12,17 Kb.
#31137
түріСабақ
Садыков Самат отчет практика


Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Бизнес және құқықтың жоғары мектебі

6В01204-«Құқықтану» мамандығының

4 курс студенті

Садыков Самат Дастанұлының

диплом алды тәжірибеден өтуі бойынша есебі


Кіріспе

Мен, 4 курс студенті ТӘА сабақ жоспарына сәйкес диплом алды тәжірибеден 2020 жылдың 2 наурыз мен 4 сәуір аралығында «КЕҰ заң консультанттары» заң консультанттарының палатасынан тәжірибеден өттім. Университет бекіткен жетекші қаум профессор Атаханова Салтанат Карибаевна., ал Палатадан бекітілген – заңгер А.С. Шорманбаева жетекшілермен біріге отырып, диплом алды тәжірибеден өту барысының жоспарын жасадық.

Диплом алды тәжірибені өту барысында көптеген нормативтік-құқықтық актілерді, ҚР Заңдарын, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық кеңсе жұмыстарымен, ондағы құжаттарды есепке алу мен сақтауды қалай жүзеге асыратындығын үйреніп қана қоймай оны тәжірибеде қолдануды, заңдарға сілтем жасауды үйрендім.

Бұл диплом алды тәжірибиені өтудің негізгі мақсаты – оқу барысында менгерген теориялық білімді құқықтық қызмет барысында терең ұғыну және алған білімді тәжірибеде қолдану.

Тәжірибені өту барысында мен келесідей жұмыстарды үйрендім:


  1. «КЕҰ заң консультанттары» заң консультанттарының палатасының Жарғысымен таныстым;

  2. Палата құрылымы мен, оның мақсаттары, міндеттері және қызметтерімен таныстым;

  3. Палатаның басқарушылық, жоспарлық және ұйымдастырушылық жұмыстармен таныстым;

  4. Палата жұмысының басқа құқықтық қызметтерден айырмашылығымен, ерекшеліктерімен таныстым;

  5. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру бойынша адвокаттардың құқықтары және міндеттерімен таныстым;

  6. Негізгі азаматтық-құқықтық келісім-шарттардың жобасын жасауды үйрендім;

  7. іскерлік хаттарды жазуды үйрендім;

  8. құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойлатын талаптарды игердім


Жалпы бөлім

«КЕҰ заң консультанттары» заң консультанттары палатасы – өзін-өзі реттейтін, міндетті мүшелікке негізделген, заң көмегін көрсету және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы талаптарын, заң консультанттары палатасының ережелері мен стандарттарын, Кәсіби әдеп кодексін сақтауына қатысты өз мүшелерінің қызметін бақылау бойынша қызметті реттеу мақсатында құрылған, заң консультанттары палатасының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында коммерциялық емес ұйымдарда (КЕҰ) жұмыс істейтін немесе оларға қызмет көрсететін кемінде елу заң консультанттарын біріктіретін ұйым.



Палата қызметінің мәні КЕҰ-да жұмыс істейтін тұлғаларға және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша оларға қызмет көрсету, жәрдемдесу болып табылады.

Палата келесідей қызмет көрсетеді:

  1. Заң көмегін көрсету;

  2. Құқықтық мәселелер бойынша консультациялар және де анықтамалар беру;

  3. Арыздар, шағымдар сияқты құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасайды;

  4. Азаматтық сот ісін жүргізгенде, клиенттің құқығын қорғайтын өкілі ретінде қатысады;

  5. Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де заң тұрғысында азаматтарға және де түрлі ұйымдарға көмек көрсетеді.

  6. Қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысады.


Қорытынды


Диплом алды тәжірибені өтудің мақсаты оқу барысында менгерген теориялық білімді қызмет барысында терең түсініп және бекіту, кәсіби дайындық сапасын жақсартып, алған білімді нақты жағдайларда қолдана білу.

Тәжірибені өту барысында мен болашақтағы заңгер жұмысында кезігуі мүмкін проблемаларды шешуді үйрендім. Көптеген азаматтық-құқықтық келісім-шарттарды жасауды, оларды кемшіліктерін таба білуді, анализ жасай білуді үйрендім.



Құқықтық базаның тез өзгеретіндігі себебінен мен "Параграф", «Әділет» құқықтық электрондық жүйелерін жедел қолдануды үйрендім.




Университет бекіткен жетекші – қаум,профессор Атаханова С.К

Мекеме бекіткен жетекші – А.С. Шорманбаева

Есепті орындаған – 4 курс студенті С.Д. Садыков
жүктеу 12,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау