Ғылым
Мақсаттары: елдің экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:
ҒЗТКЖ ЖІӨ-ге қаржыландырудың үлесі;
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерцияландыруға бағытталған жобалардың үлесі.
Міндеттері:
Ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық мақсатта пайдалануды ынталандыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және енгізу жұмыстарын қаржыландыру үлесін арттыру мақсатында өндіріске инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды қаржыландыру тетіктерін қамтитын Заң қабылданды. Заңда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру процесін мемлекеттік қолдау және ҒҒТҚН-ны коммерцияландыруды ынталандыру шаралары көрініс тапқан.
ҒЗТКЖ жеке капитал салуды ынталандыру маңызды міндет болып табылады. Қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге арналған шығыстар артатын болады.
Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге, ИИДМБ мұқтаждығына және бизнес тарапынан қоса қаржыландыру арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі.
2019 жылға қарай ҚР БҒМ әкімшілендіретін ғылыми жобалардың 90%-ы қоса қаржыландыру жағдайында ғана іске асырылатын болады.
Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы іске асырылады.
Стартап-компаниялардың дамуына жәрдемдесу мақсатында ғылыми топтар үшін гранттарды бөлу, өндірістік сектор және әлеуметтік инновациялардың консорциумдарын құру, венчурлік қорларды қалыптастыру, брокерлік қызметті дамыту, шет елдерде технологиялық жеделдету офистерін құру және технологияларды трансферттеу офистерінің әлеуетін арттыру жолымен технологияларды коммерцияландыру циклін топтастыру көзделетін болады.
Бизнестің, оның ішінде Ғылым қорының қатысуымен стартаптарды дамытуды коммерцияландыруға және қолдауға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде конкурстар өткізілетін болады.
Ғылыми жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру барысында патенттерді міндетті түрде алу бойынша талаптар бекітілетін болады.
Бюджеттік қаражаттың шығындалуының тиімділігін және ғылыми жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің арттыру мақсатында, жобалық менеджменттің принциптеріне негізделген ішкі және сыртқы мониторинг жүйесі құрылады.
Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың гранттық және бағдарламалы-нысаналық қаржыландыруға өтінім беруді, сондай-ақ ағылшын тіліндегі толық циклді есептеу мен конкурсқа өту бойынша ҒЗЖ-нің аралық және қорытынды есептеулерін қабылдауды автоматтандыру жөнінде нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіледі.
Маркетинг және технологиялық қолжетімділікті арттыру мақсатында базалық Университтерде технологиялық тиімті және уақытылы трансфертіне жағдай жасайтын технологияны коммерцализациялауға қажет кеңсе жүйесін жасау жоспарланады. «Нәтижелі инновацияны ынталандыру» жобасының шеңберінде кеңсені коммерцализациялау ағымдық қызметін арттыру үшін қолдау жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстандық ғылымды зерртеу мен әзірлеу әлемдік деңгейге шығару мақсатында ғылыми техникалық ынтымақтастық келісіміне негізделген шет мемлекеттерімен бірге халықаралық әріптестік ғылыми техникалық байланыс, сонымен қатар халықаралық ғылыми-жобалар, ортақ зертханалық зерртеулер, біріккен монографиялар мен мақалаларды жариялау жұмыстары іске асырылады.
Қазақстандық ғылыми басылымдар деңгейі арттырылады. Халықаралық стандартқа сәйкес келетін ағылшын тілінде отандық ғылыми журналдар басылып шетелдік ресурстарға жеткізу.
ИКТ-нің үздік нәтижелеріне негізделген конкурстар, есептеулер, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалауға өтінім берулер жүргізілетін «Қазақстанның ғылымы» бірдей ақпараттық жүйесі құрылып, ғылыми-зерттеу жобаларымен бағдарламалардың қаупін басқару жүйесі енгізіледі.
ИИДМБ басым бағыттары мен кәсіпорындарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 11 базалық жоғары оқу орнының жанынан коммерцияландыру офистері құрылатын болады.
Қазақстандық ғылымды зерттеулер мен әзірлемелердің әлемдік деңгейіне шығару мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы шет мемлекеттермен халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік байланыстар дамитын болады.
Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына, оның ішінде Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен, Көкжиек-2020 және т.б. қатысуын жандандыру қажет.
Дүниежүзілік қауымдастыққа біріктіру, ағылшын тілін жақсы игеру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің жазбасын жаңғырту бойынша кешенді шаралар қабылданып іске асырылады. 2017 жылы ғалымдар мен кең қауымдастық көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандарттық нұсқасы қабылданатын болады.
2018 жылы қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшу шеңберінде нормативтік, орпологиялық ғылыми-әдістемелік база әзірленетін болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің жаңа әліпбиінде оқу-әдістемелік әдебиет пен көпшілік қажет ететін сөздіктер шығарылатын болады.
Ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту.
Ғылыми кадрлардың біліктілік әлеуетін жақсарту мақсатында:
1) зерттеу университеттері қызметінің нормативтік құқықтық негіздері «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізіледі;
2) салалық ғылыми ұйымдар үшін PhD докторларын мақсатты даярлауды жетілдіру бойынша білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі;
3) еліміздің жетекші ЖОО-да докторанттар мен магистранттарды даярлау сапасын арттыру үшін ҒЗИ мен ғылыми орталықтардың ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын пайдалану бойынша тетіктер енгізіледі;
4) ғылыми-зерттеу жобаларына өндірістегі инженерлер, жас мамандар, магистранттар мен докторанттар тұрақты негізде тартылады;
5) ғылымды қаржыландыру саласында ғылымды қаржыландыруды жетілдіру мен оңтайландыру жөніндегі бюджеттеу бөлігіне, 3 жылға келісім-шартқа тұру, есеп беру және т.б. кормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізіледі.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету мақсатында бизнес-құрылымдарда енгізу бөлімшелері құрылатын болады.
Әртүрлі тетіктерді қолдану жолымен, оның ішінде халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттар базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы халықаралық журналдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау белсенділіктерін ынталандыру жұмыстары жалғастырылады.
Қазақстанның ғылыми журналдарын халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат базасына енгізу жұмысын жандандыру қажет.
Ғалым жұмысының өнімділігі жарияланымдарының және осы жариялымдарға жасалатын сілтемелер санына негізделетін Хирш-индексі
(һ-индексі) арқылы бағаланады.
Әлемдік ғылыми кеңістікке кіру біріккен ғылыми жобаларды іске асыру, халықаралық ғылыми консорциумдарға қазақстан ғылымдары қатысу, шетелдегі қазақстандық ғылымдардың жариялық белсенділігін арттыру, сонымен қатар шетелдік ғылымдармен бірлескен авторлық жұмыстары жалғасады.
Орташа мерзімді келешекте шет тілдерін меңгерген, әлемдік ғылыми бірлестікке интеграцияланған ғылыми бірлестік құрылады.
Ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту.
Ғылыми қамтымды экономиканы қалыптастырудың негіздері ретінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ оларды одан әрі коммерцияландыру үшін екі инновациялық кластер енгізіледі: Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусы» және «Инновациялық технологиялар паркі».
Сондай-ақ инновацияны дамыту, озық технологияларды трансферттеу және нақты ғылыми-өндірістік жобаларды іске асыру үшін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінде Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғылыми орталықтары мен ЖОО-лары тартылады.
Шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылыми қамтымды шағын және орта бизнесті, венчурлік қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, қаржыгерлерді және студенттерді инновацияларды шоғырландыру және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Назарбаев Университетінің «Астана Бизнес Кампусында» ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылады.
Жоғары оқу орындарында коммерцияландыру офистері, технопарктер, және басқа да инновациялық құрылымдар құрылатын болады. Осы құрылымдар қызметінің нәтижелілігі мониторинг жүргізу және олардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау арқылы анықталатын болады. Гранттық қаржыландыру, МЖӘ шеңберінде ЖОО ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігі әзірленетін болады.
Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру барысында технологияларды коммерцияландыру офистері, инновациялық обсерватория құрылады.
ҒЗИ мен ЖОО-лардың ғылыми-инновациялық құрылымдарын жаңғырту, ғылыми зертханаларды GLP стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу жүргізіледі.
Ғылымның менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.
Активтерді басқаруды жетілдіру мақсатында ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарды басқарудың, оның ішінде корпоративті басқару қағидаттарын енгізу арқылы басқарудың тиімді жүйесі құрылады.
Ғылыми ұйымдар басшыларының жария есеп беру практикасы қалпына келтіріледі.
ҒЗИ, жобалау және конструкторлық бюролар, инженерлік бейіндегі зертханалар арасында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді бірлескен жұмыс жасауға бағытталған инновациялық консорциумдар дамитын болады.
Ғылым мен білімді интеграциялау шеңберінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы ғылыми ұйымдарды оңтайландыру және қайта құрылымдау жүргізіледі.
Жүргізіліп жатқан ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін іске асыру және бағалау барысына мониторинг жүргізу жүйесі жетілдіріледі.
Ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі, ғылыми ұйымдар басшылары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі әзірленеді.
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламалардың тақырыптары мен тапсырмалары ЖАО-ның ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылатын болады.
6. Қажетті ресурстар
2016-2019 жылдары білім беруге арналған бюджеттік шығыстарды кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің дамыған елдерінің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
1. Болжамды қаржылық шығындар (күрделі және ағымдағы)
Бағдарламаны табысты іске асыру үшін қолдау тапқан қаражат шеңберінде АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және авариялық мектептердің орнына мектептер салуға, бейінді мектептер салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына, инновациялық жобаларды әзірлеуге және т.б. қаржылық ресурстар шоғырландырылатын болады.
млрд. теңге
Жылдар бойынша
|
Барлығы
|
Республикалық бюджет
|
Жергілікті бюджет
|
Басқа қаржыландыру көздері
|
2016 ж.
|
390,2
|
322,3
|
67,9
|
|
2017 ж.
|
326,1
|
261,8
|
60,9
|
3,4
|
2018 ж.
|
357,3
|
284,6
|
61,8
|
10,9
|
2019 ж.
|
349,8
|
284,3
|
61,8
|
3,7
|
Барлығы:
|
1423,4
|
1153,0
|
252,4
|
18,0
|
Бағдарламаны 2016-2019 жылдарға арналған қаржыландыру көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады. ЖАО іске асыратын іс-шаралар жергілікті бюджетте көзделген жоспарлы кезеңге арналған қаражат шегінде орындалатын болады.
__________________________
Достарыңызбен бөлісу: |